Электростатика



бет44/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция (2)

Ферромагнетизм заттың қатты фазасымен тығыз байланысты. Ферромагниттi элементтердің еркiн атомдары белгілі бір ерекше магниттiк қасиеттерге ие емес. Мысалы, екi түрлi темір мен хром металдарының магниттiк моменттерi () бiрдей, бiрақ темiр нағыз ферромагниттi зат та, хром кәдiмгi парамагнетик болып есептеледi.
Парамагниттi заттар магнит өрiсi қанша күштi болғанымен қанығу күйден алысырақ болады. Мұның себебi өте күштi өрiстердiң өзiнде де молекулалардың өрiс бойынша бағытталуы бiрыңғай болмайды. Ал ферромагнетиктер қанығу күйiне тезiрек жетедi. Бұл құбылысты 4-суреттен байқауға болады. Мұны былайша түсiндiруге болады. Алғащқы кезде магнит өрiсiнiң өсуiмен қатар молекулалық магнит моменттерiнiң өрiске бағдарлану дәрежесi пропорционал түрде артады, кейiнiрек бiрте-бiрте баяулай түседi. Ең соңында өрiс бағытына бағыттас емес моменттер саны мүлдем азайып магниттелу қанығу дәрежесiне жетедi.

4-сурет

5-сурет

Ферромагниттi денелердiң қандайын алсақ та, олардың ферромагниттi қасиеттерi түгелдей жойылатын температурасы болады. Осындай Т=Ө температураны Кюри температурасы немесе Кюри нуктесi деп атайды. Мысалы, темiр үшін Ө=768°С, кобальт үшін Ө=1160°С, никель үшiн Ө =365°С-қа тең Кюри нүктесiнен жоғарғы температурада ферромгнетиктер қалыпты парамагнетикке айналады.
Парамагнетиктердiң магниттелу коэффициентi немесе магниттiк
қаблеттілігі П. Кюри (1859—1906) заңы бойынша анықталады:
. (12)
мұндағы С— берiлген зат үшiн түрақты шама, Кюри тұрақтысы деп аталады.
Парамагнетиктер мен диамагнетиктердiң магниттелу және магнит өрiсi кернеулiгiнiң арасындағы тәуелдiлiк 5-суретте көрсетiлген.
Ендi заттардың магнит өтiмдiлiктерiне байланысты мынадай үш топқа бөлiну кестесiн көрсетейiк (1-кесте).
Ферромагнетиктi Кюри нүктесiнен теменгi температурада суытатын болсақ, онда қайтадан домендер пайда болады.
Кюри нүктесiнде екiншi фазалық ауысу жүредi. Осы температурада бiрқатар физикалық қасиеттердiң өзгерiс сипаттарының аномалиясы байқалады. Атап айтқанда, олардың жылу сыйымдылықтары ферромагнетиктердiң аномалиясы т. б.
1-к е с т е

Заттар





Заттар





ПАРАМАГНЕТИКТЕР
Оттек, сұйық
Платина
Вольфрам
Алюминий
Эбонит
Оттек
Ауа
Азот
ДИАМАГНЕТИКТЕР
Висмут
Шарк
IIIыиы
Тас тұзы
Мыс
Су
Бензол
Сутек

3400
360


176
23
14
1,9
0,38
0,013
-176
-15,1
-12,6
-12,6
-10,3
-9,0
-7,5
-0,063

ФЕРРОМАГНЕТИКТЕР
Темір (сутегiде күйдiрiлген химиялық таза)
Пермаллой
Темiр, жұмсақ
Гиперник
(50% +50% )
Шойын (3% С)
Никель
Кобальт



2 80 000
80 000
8 000

7 000
2 000


300
175



Кейбiр жағдайларда ауыстырғыш күштер антиферромагнетиктердiң пайда болуына әкеп соғады. Антиферромагнетиктер туралы алғашқы тұжырымды 1933 ж. Л. Ландау ашқан болатын. Антиферромагнетиктерде электрондардың меншiктi магнит моменттерi өздiгiнен бiр-бірiне антипараллель болып бағдарланады. Мұндай бағыттар көршi атомдарға да әсерiн тигiзедi. Осының салдарынан антиферромагнетиктердiң магниттiк алғырлығы өте аз болады және олар өздерiн өте әлсiз парамагнетиктер түрiнде ұстайды.


Қазiргi кезде техникада феррит деп аталатын магниттiк заттар үлкен роль атқарады. Мысалы, () () , мұндагы — металдың екi валенттi иондары () немесе () т. 6. Сонымен қатар өздерiнiң электрлiк қасиеттерi бойынша олар жартылай өткiзгiштерге жатады. Олардың кедергiлерi өте жоғары Мұндайларды өте майдаланған (ұсақталған) металл оксидтерiн араластырып, 900-1500С-та пiсiру арқылы алады. Ферриттердiң осындай түрi электротехника үшiн өте құнды, өйткенi олардың iшiнде зиянды құйын токтар өнбейдi. Ферриттерден трансформатор өзектерiн, индукция катушкасының стерженьдерiн және т.б. жасайды. Сол сияқты тұракты магттиттер жасау үшiн де қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет