Электростатика


Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы



бет28/60
Дата18.12.2022
өлшемі9,12 Mb.
#57983
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция

Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы. Термоэлектрондық эмиссия деп қатты немесе сұйық денелерден қызған кезде электрондардың бөлініп шығу құбылысын айтады. Бұл құбылысты бақылау үшін ішінен ауасы сорылып алынған (мм. сын.бағ.) шыныдан жасалған екі электродты шам (диод) қолданылады.
Қыздыру батареясының көмегімен кызған катодтан электрондар бөлініп шығады да, анод пен катод арасындағы электр өрісінде анодқа қарай қозғалады, оны термоэлектрондык ток деп атайды. Бұл токтың шамасы алғашқы кезде Богуславский — Ленгмюр формуласымен анықталады:
(16)
В—электродтардың түрі мен өлшемдеріне және катодтың температурасына тәуелді тұрақты шама.
Диодтың вольт-амперлік сипаттамасы ток күшінің анодтық кернеуіне тәуелді болып келеді. Анодтық кернеу бір шамаға жеткеннен бастап ток шамасы өзгермейді. Бұл токты қанығу тогы деп атайды. Токтың қанығу себебі катодтан шыққан электрондардың түгелдей анодқа жетуінде. Қанығу тогы тығыздығының температураға тәуелділігі Ричардсон — Дешман формуласымен анықталады:
(17)
В0 — металдың тегіне байланыссыз тұрақты, мұның теориялық мәні 1,2·106 А/м2 к2.
Анодты батареяның теріс полюсіне қоссак, анодтық ток пайда болмайды. Олай болса, диод токты бір бағытта ғана өткізеді екен. Диодтың бұл қасиеті оны түзеткіш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары



  1. Қатты денелердің электрлік қасиеттеріне байланысты классификациясы.

  2. Металдардағы токтың табиғаты қандай тәжірибелердің көмегімен түсіндірілді?

  3. Друде-Лоренц теориясының идеясының негізі қандай?

  4. Классикалық теорияның қайшылықтарын түсіндіріңдер.

  5. Электронның металдан шығу жұмысы дегенміз не?

  6. Жартылай өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі дегеніміз не?

  7. Қоспалы өткізгіштіктің механизмі қандай?

  8. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің температура жоғарылағанда не себепті артады?

  9. Контактылық потенциалдар айырымының пайда болу механизмін түсіндіріңдер.

  10. Вольта заңын тұжырымдаңдар.

  11. Термоэлектрлік құбылыстардың мәні неде?

  12. Жартылай өткізгіш диодт пен транзистордың жұмыс істеу принципі қандай?

  13. Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз не?

7 Лекция. ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДЕГІ ЭЛЕКТР ТОГЫ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет