18 сабақ Синхронды машиналар Синхронды машиналарды ротордың оборот саны статордағы айналдырушы магнит өрісінің оборот санына тең болады да желідегі токтың жиілігі f мен қос полюстер саны арқылы анықталады:
Барлық электр машиналары сияқты,синхронды машина да қайтымды,яғни генератор ретінде де двигатель ретінде де жұмыс істей алады .
Синхронды двигательдерде қоздырушы обмотканы шала өткізгішті вентиль арқылы қоректендіру жиі қолданылады.
Генератордың обмоткасы өз ара қосыла келіп орам мен катушка жасайтын саны көп проводтардан құралады. Ең қарапайым генератор магнит өрісінде айналып тұратын 1 және 2 провод түріндегі орам болып табылады.
Магнит өрісі статордың N ― S полюстеріне орналастырылған қоздырушы обмотканың бойымен жүретін ток арқылы өндіріледі.
Орамның ұштары онымен бірге айналатын сақиналарға бекітілген. Егер сақиналарға қозғалмайтын щеткалар 3 орналастырып, оларды электр энергисын қабылдағышымен R қоссақ, онда орамнан, сақиналардан, щеткалардан және энергия құралған тұйық тізбектің бойымен, осы орамда пайда болған э. қ. күштің әсерінен электр тогы жүреді.
Егер орамның айналуының бастапқы кезінде өткізгіші 1 магнит өрісінде солдан оңға қарай, ал өткізгіш 2 оңнан солға қарай қозғалған болса, онда 90°-тан артық бұрышқа бұрылғанда, өткізгіштердің айналу бағыты керсінше болады да, орамда индукцияланатын э. қ. күштің бағыты да өзгереді.
Егер N мен S полюстерінің арасындағы магнит өрісі бір қалыпты тараса, онда э. қ. күш уақытқа байланысты синусоидалы өзгереді. Орамның кеңістіктегі бір оборотында онда индукцияланатын э. қ. күші бір период өзгеріске ұшырайды.
Егер орам бір минутта оборт саны n тұрақты кез келген бірінші реттік двигательдің жәрдемімен айналатын болса, онда бұл орамда жиілігі мынаған тең айнымалы э. қ. күш индукцияланады.
19 сабақ. Тұрақты ток машиналары.
Құзыреттілік: Ақпараттық:тұрақты ток генераторының жұмыс принципімен таныстыру;