Жоспарлан
ған уақыт:
І.ҰОҚ басы:
2 минут
2- минут
1-минут
1-минут
2-минут
2-минут
5-7 минут
2- минут
1-минут
2-минут
3-минут
2-минут
25 минут
|
Оқу қызметінің барысы:
-Сәлеметсіңдерме балалар, көңіл-күйлерің қалай?
Бүгін бізде ерекше күн,себебі сендердің білімдеріңді, тапқырлықтарыңды көруге қонақтар келіпті.Ал, қане ол үшін қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық.
-Балалар біз бүгін электротехникалық тұрмыстық заттар туралы әңгіме қозғаймыз. Электротехникалық заттар туралы қызықты ойындар мен тапсырмалар орындайтын боламыз. Электротехникалық заттардың қауіпсіздік ережелерімен танысамыз.
-Ол үшін барлықтарың маған назар аударыңдар. Қазір біз электротехникалық заттар жайлы жұмбақтардың шешімін табатын боламыз.
Үйімде бір құлтемір бар
Оның тұмсығы ұзын.
Ұшақ дерсің гуілдеген,
Тазалыққа жаны құмар.
Түшкірмей-ақ, пысқырмай,
Жалықпай ол шаң сорар. (Шаңсорғыш)
Қандай көлік - бұл таңқаларлық!
Оның артынан бәрі таза, әдемі ...
Дақтар мен кірді ол бәрінен тазартады
Өзі бәрін сығып алды - шайып. (Кір жуғыш машина)
Оттай ыстық табаны,
Мыж-мыж қыртысты,
Тігістеп жазып барады (Үтік)
Электротехникалық тұрмыстық заттар – электр көзі арқылы жұмыс жасап, біздің өміріміздегі атқарылатын жұмыстарды жеңілдетуге, жылдамдатуға көмек береді. Электр көзі болмаған кезде ертедегі адамдар шаңсорғыштың орнына – сыпыртқыны, кір жуғыш машинаның орнына – легенді, үтіктің орынына-шоқ үтікті пайдаланған екен. Балалар бізге үлкендерсіз электр көзіне жақындауға болмайды. Ол өте қауіпті, дұрыс орындамаған жағдайда өмірімізге қауіп төніп, өрт шығуы мүмкін.
|