Әлем дамуының жаңа ұстанымдары нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе, бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие


Мектептік тәрбие жұмыстарының жалпы мазмұны



бет10/13
Дата25.04.2023
өлшемі73,75 Kb.
#86669
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
курсовая 1 (Автосохраненный)

2.6. Мектептік тәрбие жұмыстарының жалпы мазмұны
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып «сынып ұжымы» есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп – ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп – мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат – өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет – білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз – оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастырудағы білімі мен қабілеті.
Сынып жетекшісінің жұмысында идеялық тәрбие қызметі жетекші болып табылады. Бірқатар жылдар бойына оқушылардың тұрақты құрамымен жұмыс істей отырып, ол сынып ұжымын топтастыру мен тәрбиелеуге бағытталған күш-жігерін әр оқушымен ойластырылған жеке жұмыс жүргізумен ұштастыра алады. Алайда оқушылардың бас тәрбиешісі ретінде, ол тәрбие жұмысын жалғыз емес, қайта бүкіл педагогикалық ұжыммен, мектептен тыс мекемелер, жанұя және жұртшылықпен бірге жүзеге асырады. Осы сан алуан тәрбие қызметін үйлестіру, оған ұйымдастыру сипатын беру, жалпы жоспарға бағындыру көбінесе сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметіне байланысты. Оның беделін арттыруға және идеялық-тәрбие, ұйымдастырушылық міндетін ойдағыдай жүзеге асыруына оқушылар жөніндегі әкімшілік құқықтары жағдай туғызады. Бұл оның тәрбие жұмыстарының жағдайы мен нәтижесіне деген жауапкершілігін арттырады.
Жобалау іс-әрекеті – сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын басқарудың негізі. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау.
Педагогикалық модельдеу қағидалары – сынып жетекшісі іс-ірекетінің негізі. Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны. Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері. Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі.
Тәрбие жұмысын жоспарлау – формальды іс емес, тәрбие процесін ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және әрбір мектеп оқушысының дамуын жобалайды. Ол тәрбие міндеттерін белгілеп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың тәрбиелік дәрежесін арттырудың жолдары мен түрлерін де көрсетеді.
Сыныптағы тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері жоспар болмағанда кездейсоқ факторлармен белгіленіп, стихиялық сипат алатын болды. Тәриенің негізгі мәселелерін шешу бұл жағдайда едәуір қиындап, ал кейде тіпті жоққа саяды. Шындап ойланып жасалған жоспарсыз моральдық-саяси, еңбек, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиенің бүкіл жүйесін қамту мүмкін емес. Жоспар сынып жетекшісінің тәрбиелік қызыметін дұрыс ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – міндетті педагогикалық документ. Оны жасап, орындау үшін сынып жетекшісі мектеп әкімшілігі мен қоғамдық ұйымдары алдында, халық ағарту органдары алдында ерекше жауап береді. Сынып жетекшісінің ойланып, жақсы жасалған жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие қызметінің негізгі түрлерінің ең алдымен мектеп оқушыларына саяси-идеялық еңбек, адамгершілік тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Сонымен қатар, ағарту жұмысының әр түрлі формалары мен әдістерін оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттерімен дұрыс қамтамасыз ету керек.
Жоспарды қанша мерзімге жасаған жөн? Мектептердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, жарты жылға арнап нақты, анық іске асатын жоспар жасау өте қиын, бір жылға арнап жасау одан да қиын. Оның үстіне ол тым көлемді болады. Сондықтан тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлап отырған жөн. Рас, мектептердің практикасында 4-6 сыныптарда жоспар оқу тоқсанына, ал 7-10 сыныптарда жарты жылға жасалынады. Мұның себебі, төменгі сыныптарда шаралар көп белгіленеді де, бірақ көлемі жағынан кішірек және ұзаққа созылмайтын болады. Ал жоғары сыныптарда болса орындауға ұзақ уақыт керек ететін шаралар белгіленеді. Бірінші тоқсанның жоспарында кейде ұзақ уақытқа есептелінген, перспективалық міндеттер де қарастырылады, оларды шешуге едәуір ұзақ уақыт, жарты жыл, тіпті бүкіл оқу жылы кетуі де мүмкін. Жарты жылдық немесе тоқсандық жоспарлардан басқа, сынып жетекшілері көбінесе апталық жұмыс жоспарын да жасайды. Олар негізгі жоспарды нақтылауға мүмкіндік беріп, сыныпта тәрбие жұмысын жіті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп мүдірінің бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың соңында бекітуге беріліп отырылады. Ірі мектептерде жоспарды бекітуді мүдір өзінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін.
Жоспар бекітілгеннен кейін онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстырған жөн. Ол үшін ерекше жиналысқа шақырмай-ақ, саяси хабарлама немесе әңгіме кезінде таныстыруға болады. Жоспар жастарға және оны жүзеге асыру үшін сынып жетекшісі оқушылар мен ата-аналар активін қатыстырады. Жоспарды орындауға байланысты ұйымдастыру функцияларының кейбірін бірте-бірте оқушылар мен ата-аналар активі өздеріне алады. Бұған, әсіресе, сынып ұжымын ұйымдастыру және ата-аналармен жұмыс істеу мәселелері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет