Әлем дамуының жаңа ұстанымдары нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе, бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие


Тәрбиенің мәдени-тарихи феномен ретіндегі мәні



бет3/13
Дата25.04.2023
өлшемі73,75 Kb.
#86669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
курсовая 1 (Автосохраненный)

1.2. Тәрбиенің мәдени-тарихи феномен ретіндегі мәні
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын, кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт — өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлуетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит — балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ , Платон, Аристотель, Тертуллиана еңбектерінде жарияланған.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIXғ екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды. Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
«Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру – менің өмірімнің бірден-бір мақсаты», -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан «Педагогикадағы» қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады.
Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғалар болды. Солардың бірі де бірегейі алаш арыстарының бірі, өзі өмір сүрген дәуірдің бір туар азаматы, халқының патриоты атанған Мағжан ақын зерттеп, этнопедагогиканың негізін салды.
Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық, сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, нәзік үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел.»
Қазақ мәдениетін – ғасырлар бойы қалыптасќан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халықтың мәдени мұрасы.
Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал этностық (ұлттық) ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі.
Тәрбиелеу – мәдениетке баулу деген сөз. Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпелі және отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи-әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамытып, өзінің ұлттық (этностық) мәдени ерекшеліктерін қалыптастырды.
Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек, Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады.
Балаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы – өз тәжірибесі. Яғни бала күнде өзі қандай тәрбие алған, һәм баланы бұрын өзі қалай тәрбие қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие туралы әрбір тәрбиешінің өз тәрбиесі - аса қымбат нәрсе. Адамның өз тәжірибесі - жүріп кеткен жолы. Ол жолдың жақсы-жаман жағы көз алдында сайрап тұр. Істегеннен көрген анық. Көргеннен бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің өз тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге болмайды. Бір адамның тәжірибесі тым тар, тым бірбеткей тәжірибе. Тәрбиешінің өзіне қолайлы болған жол тәрбие қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес. Келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар. Бұл – бір.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болған сықылды, жамандық жағы да көп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың біреуі - біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі, керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола бермейді. Жоғарыда айтқаннан көрінеді, балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін, тәрбиешінің өз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы жетпейді екен. Бұлар – бірбеткей шикі тәжірибелер. Бұлар сыннан өткізіліп, пісірмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсыжаманын, алтын мен мысын тізіп ала білу үшін тәрбие майданында шабылып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек.
Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық – қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, - дейді.
Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) – ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуаттылығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі – ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет – тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) яғни мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп адамдығын қалыптастырады.
Жас ұрпақтың әдептілігін (мәдени болмысын) дамытып қалыптастыру үшін, қазақ халқы әдебиеттің әдептілікке үйрететін үрдістерін жан-жақты пайдалана білген.
Ең әуелі бір жастан бес жасқа дейінгі баланың адамдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында, қазақ халқы тілашар дәстүрі сияқты ұлттың шығармашылық жемістерін барынша қолданып, оны тәрбие құралы етіп, пайдаланған.
Әсіресе, қазақ халқының мақал-мәтелдері ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеудің ең басты құралы болды.
Қазақ – ақын халық. Қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, жұмбақ айтыс, хайуанаттар айтысы сөз көркемдігімен, тіл жатықтығымен тыңдаушының көркемдік сезімін оятумен қатар, жастарды өнерге баурап, оларға әдептілікті, инабаттылықты, мәдениеттілікті үйретеді.
Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргетасы болып қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі – әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем — әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық ерекшеліктерімен сараланады. Қазақ келіні сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. «Әке – отбасының пірі», «ана – әулеттің күні» деп халық отбасындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңлі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Халық отбасынан кейінгі сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйренумен қатар, ұстаз бен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне ұстаз «сегіз қырлы, бір сырлы» өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт, өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.
Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарында әдепті болу, инабатты, иманжүзділік талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен ізеттілік белгісі ретінде «еке» деген сыйласымдық жұрнақ қосылып (Әдеке, Беке, Ардеке т.б.) айтылса, және «апашым», «апатайым», «ағатайым» деп атаса, кішілерге және балаларға сөз айтқанда «жаным», «күнім», «айым», «ботам», «құлыным» деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер қолданылады.
Қазақтың ұлттық: имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық дәстүрлеріндегі рәсімдері – ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады. Мысалы, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.
«Халқыңды сүйсең, салтыңды сүй» деп халық ұлттық тәрбиеде қасиетті туған жерді қастерлеу, халықты қастерлеу, текті, ұлтты, жалпы адамзатты сүюді парыз деп санайды, халық педагогикасының мәдени, рухани кредосы – әдептілік.
Аталы сөз – бата, өнеге, тілек – ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.
Халықтың ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал, ысырап сөздерінің мәнін халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, ұрпағын салауаттылыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат-жұртты сыйлау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап етеді. «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», «Құдаңды құдайдай сыйла», «Шын дос болу – бақыт» деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.
Ер намысы, қыз абыройы – қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері. «Жақсы жігіт он бесінде баспын” дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын» дейді деп, халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді. Халық қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті етіп тәрбиелеу – ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында «мәңгүрт», мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні – ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
«Адам болар баланың кісімен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деп, халық кісілік – мәдениеттілікті көрсететінін, кісілікті нағыз кісіден үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер – ұлттық мәдениеттің пешенелі белгілері. «Мың шыж-быждан бір сіз-біз артық» деп халық сыйласым – ұлттық мәдениеттің негізгі тірегі екендігін уағыздайды.
Кісілік – жеке тұлғаның кемеліне келіп, адами құлқы қалыптасып, адамгершілікпен атқарған іс-әрекетінің көрінісі. Кісі нағыз адам болған тұлға. Оның нағыз адамдығы игі іс-әрекетінен (адамгершілігінен) көрінеді. Ал адамгершілік жеке тұлғаның мәдени деңгейін көрсетеді.
Кісілік: имандылық, салауаттылық, қайырымдылық, перзенттік парызды өтеу, әдептілік өнерпаздық, сыйласымдық, ата текті қастерлеу, бірлікшілдік рәсімдерінен қонақжайлылық, ар-намыстылық дәстүрлерінің рәсімдерінен айқын көрінеді.
Жеке тұлғаның таза жүруі, есірткіден аулақ болуы, ар-ұятын сақтай білуі, оғаш қылық көрсетпеуі, желікпеуі, не сөйлеседе салмақты, сабырлы, қисынды сөйлеуі оның салауаттылық мәдениетін көрсетеді.
Жеке тұлғаның тек қана жақсылық ойлап, адам баласына ізеттілік, инабаттылық, сыйласым көрсетіп, жақсылыққа, әділеттілікке, ақиқатқа сенуі оның имандылық мәдениетін көрсетеді.
Жеке тұлғаның адам баласына, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы, басқаға көмек көрсетуі, адам баласына, барлық тіршілікке мейірімді болуы, оның қайырымдылық мәдениетін көрсетеді.
Отанға, ата-анаға қызмет ету, перзенттік борыштар мен міндеттерді өтеу, Отанды, ата-ананы сүйіп, ардақтай білу – перзенттік парызды өтеу – мәдениеттіліктің ең зор белгісі.
Әдепті іс-әрекет, әдеппен сөйлеу, басқа адамдардың алдында ізетті, инабатты болу, қайырымдылықпен, мейірімділікпен қамқорлық көрсету белгілері, әдеп сақтау – әдептілік мәдениеттіліктің белгісі.
Жеке тұлғаның өнерді сүйе білуі, өнерпаздарды қадірлей білуі, өнерлі болуы – өнерпаздық мәдениеттілікті көрсетеді.
Жеке тұлғаның ата текті қастерлеуі ұлтын және адамзатты ардақтауы, ата дәстүрлерін жалғастыруы, ата-бабаның адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруі – тектілік мәдениеттіліктің бір белгісі.
Дос, жолдас, туыс, ұжым бірлігін сақтау, рулық, ұлттық, халықаралық бірлікті сақтау – біршілдік-кісіліктің белгісі.
Кез келген адам баласын сыйлап, оған жағдай жасау, сыбаға беру, қонақкәде т.б. рәсімдерді орындау, аш-арыққа көмек көрсету – қазақи қонақжайлылықтың, яғни ұлттық мәдениеттің бір белгісі.
Жеке тұлғаның «Жаным арымның садағасы» деп өз арын, ұлттық, адами намысты қорғай білуі, әрқашан алға талпынуы, алға қойған мақсаттарын орындамай тынбауы – ар-намыстылық кісілік мәдениеттің айқын белгісі.
«Ұлттық намыс – азақ халқының қозғаушы күші» (Ш.Уәлиханов). Ол ардан туады. Ар – мәдениеттің тұтқасы. Халық арды бәрінен де биік қояды, оны қорғайды. Ар – жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі. Қазақ халқы «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп, арды жаннан да қымбат адамгершілік қасиет деп есептейді. Ар-ұяттан туады да, бірте-бірте берік қалыптасады.
Жеке тұлғаны жеңіске, табысқа жеткізетін қуатты құбылыс – намыс. «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» - деп халық «бөрік кигеннің намысы бір» деп, әрбір адамның намысты болуы оның адамгершілік сапасын көрсететін уағыздайды.
Ұлттық намыс – жеке тұлғалардың намысын оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы қалыптасады. «Біз қазақ ертеден еркіндік аңсаған» деп ұрандап, ұрпағын Отандық ар-намысты қорғай білуге тәрбиелеген халық – намысты халық. Қазақ халқы ешқашанда намысты қолдан берген емес. “Итің ұры десе, намыстанатын халық” – намысты халық. Кең жерді, кемелді елді «мың өліп, мың тірілген» намыс иелері қорғап қала білді.
1937-38 жылдардағы ұлт намысшылдарын жаппай ату, асудан қаймықпаған ерлердің ерліктері 1986 жылғы «Желтоқсан дауылпаздарының» ұлттық намыс үшін өлімнен қорықпай өрттей қаулап шеруге шығуы – ұлттық намыстың тасқынды күш, таудай қамал екендігін көрсетеді.
Ұлттық намыс – жалпы ұлттың мәдениеттілік кредосы болып табылады.
Қазақ халқының ұлы ғұламалары мен ойшылдары тәрбиені жеке тұлғаны мәдениеттілікке үйретудің құралы деп тұжырымдады да, ол туралы өздерінің өнегелі пікірлерін келешек ұрпаққа қасиеттеп қалдырды.
Ұлттық мәдениеттің алтын арқауы болып табылатын әдеби мұралар мен күйлерді қалдырған Қорқыт ата (VІІ-VІІІғ) «өлмейтін өмір кілті өнерде» деп өнерді халық мәдениетінің қасиетті белгісі деп таныған болатын. Сөйтіп, әулие бабамыз «Арыстан баб», «Ұстаз», «Аққу», «Ұшардың ұшуы», «Кілем жайған», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай», «Тарғыл тана», т.б. «Қорқыт ата күйлерін» қалдырды, оның 12 жырдан тұратын поэзиялық кітабының қолжазба көшірмелерінен Қорқыт ата өмір сүріп өткен ғасырлардағы ұлттық мәдениеттің көріністерінен байқауға болады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың сипаттары мен ұлттық ерекшеліктерін көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын педагогикалық категория бойынша жіктеген. Оны төмендегідей тұрғыда қарастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет