Әлем әдебиетінің таңдаулы драматургиялық
туындылары – М.Әуезов аудармаларында
Г.Ө.Мұхаметқалиева,
ф.ғ.к., профессор,
Б.К.Оразова,
магистрант
Қазақстан
Әуезов – дүние жүзі әдебиетінің үздік үлгілерін қазақ тіліне тәржімалап, ұлттық
әдебиет пен ӛнерді әлемдік әдеби процесcпен байланыстырған, қазақ әдебиетінде кӛркем
аударма ісінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан қаламгер.
«Абай» ғылыми- кӛпшілік журналының № 1 санына Л. Толстойдың «Будда»
әңгімесі М.Әуезовтің аударуымен басылды. Бұл – М. Әуезовтің аударма саласындағы
алғашқы сүбелі еңбегі, Түргеневтің «Дворян ұясын», Гогольдің «Ревизорын»,
Афиногеневтің «Қорқынышын», Погодиннің «Любовь Яроваясын», Шекспирдің
«Отеллосын» аударуға жетелеген туынды.
Бүгінгі мәдениетіміздің үлкен арнасы- қазақтың ұлттық театр ӛнерінің дүниеге
келуі, профессионалдық үлгіде қалыптасуы мен дамуы Мұхтар Әуезовтің
шығармашылығымен тығыз байланысты. Ол қазақ театрының шығармашылық ӛміріне
ұзақ жылдар бойы араласып, негізгі репертуар қорын жасап,оның бағыт-бағдарын
анықтаған тұңғыш драматург. Қазақ драматургиясының тұңғыштарының бірі – «Еңлік-
Кебектен»бастап М.Әуезовтың барлық пьесалары сахнаға қойылып, ұлттық театрдың әр
кезеңдегі даму белестеріне зор ықпал етті.
Халқымыздың сахналық ӛнерінің тууына 1890 жылы Семейде ұйымдастырылған
«Музыка және драмалық ӛнер әуесқойларының қоғамы» себеп болған. Ол отызға тарта
тұрақты әуесқойлардың басын қосып, арнайы жарғымен жұмыс істеген шығармашылық
ұйым. Мұның сахнасында шағын пьесалар, интермелиялармен бірге әдеби- музыкалық
кештер де жиі ӛткізіліп тұрған.
ХХ ғасырдың басында ашыла бастаған түрлі оқу орындарының мұғалімдері мен
оқушы жастары осы қоғамның тәжірбиесіне сүйеніп, жұмысына араласып, театр ӛнерінің
алғашқы кірпішін қалаған. 1913-1914 жылдардан бастап «Шығыс кеші» деген атпен
ойын-сауық ұйымдастырып отырған. Осы ойын-сауықтарға мұғалімдер семинариясының
студенттерімен бірге ,қалалық бес класты училище оқушылары Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек
Аймауытов, Қаныш Сәтбаев сияқты талантты жастар қатысқан.Сол кезде мұндай рухани
жұмыстарды ұйымдастырып,қазақтың белсенді жастарын ӛнерге тартып баулыған
семинария
мұғалімдері
Нұрғали
Құлжанов,Нәзипа
Құлжанова
,ақын
Тайыр
Жомартбаевтар еді. М.Әуезов Семейде оқып жүрген кезінде сондағы барлық ойын -
сауықтар мен түлі театр кештерін кӛріп, танысып, кейіннен Ж. Аймауытовпен бірге
,соларды ұйымдастырушылардың біріне айналады. Осындай қызықты мәдени
шаралардың 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына байланысты
ӛткізілген әдеби - этнографиялық музыкалық кеш болды.Мұның сақталып қалған
программасына қарағанда, кеште Абайдың ӛмірбаяны оқылып,жеке шығармалары мен
ағартушылық қызметі баяндалған. М.Әуезов Абай туралы тұңғыш ресми сӛзді осында
естіді. Сонымен бірге ауылдағы түрлі жиындарда,ас пен тойларда, жәрмеңкелерде ғана
айтылатын Абай ӛлеңдері мен әндерін Әлмағамбет Қапсәләмов, Мұқа Әділханов, Қали
Бекбергенов, Қайықбай Айнақұлов сияқты сол кездегі белгілі ӛнерпаздардың
орындауында сахнадан тыңдайды. Түптеп келгенде, бұл ұлы ақын шығармаларының
Европа үлгісіндегі концертте тұңғыш орындалуы. Мұнан кейінгі жылдардағы ойын -сауық
кештерін Ж. Аймауытов пен М. Әуезов әлгі әнші-күйшілердің қатынасуымен үнемі
ұйымдастырып отырған. Бұл кештің аса табысты ӛткенін айта келіп: «Абайдың ӛлеңі
айтылады деген хабарды естіп, қаладағы,қырдағы қазақтың кӛбіне билет жетпей қалды», -
деп жазған «Айқап» журналы.
Мұнан кейін Семейде 1915жылы 13 ақпанда ӛткізілген үлкен ойын-сауықтарда М.
Әуезов ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысады. Сахнаға қоятын пьеса
болмағандықтан Ж. Аймауытов әйгілі «Біржан- Сара» айтысын сахнаға бейімдеген. Бұл-
сахналық ӛнердің сол уақыттағы бар мүмкіншілігін толық пайдаланып, жинақты да
қызғылықты кӛркем ойын. «Айқап» журналы осы сауық кешіне арнап «Қазақша бастапқы
ойын» деген мақала басты.
Октябрь тӛңкерісінен кейінгі кезеңде адамдардың санасына социалистік жаңа ой-
пікір тарату мақсатымен қазақ жастары «Ес аймақ» жұмысына Ж. Аймауытовпен бірге
тікелей араласып,оның шығармашылық жағынан ӛсіп, нығаюына ат салысады. Әсіресе,
қазіргі заман тақырыбын зерделей отырып бүгінгі мен ӛткен дәуір арасындағы әлеуметтік
айырмашылықты суреттейтін пьесалар қойып отыруға күш салады.
Ол «Ес аймақ» сахнасына Ж.Аймауытовтың режиссурасымен қойылған ӛзінің
барлық пьесаларының даярлық жұмысына үнемі араласып отырған. Мұнан бұрын ойынды
«ұйымдастырушы» немесе «басқарушы» деген сӛздер жазылса, дәл осы кезеңдерден
бастап «режиссер»деген ұғымды кездестіреміз. Яғни қазақ түсінігіне сахналық ұғымды
енгізуші М.Әуезов пен Ж.Аймауытов болды дей аламыз.
М.Әуезовтің алғашқы драматургиялық шығармаларының бірі «Ел ағасы» пьесасын
сахнаға «Ес аймақтың» жетекшісі Сейіт Тоқымбаев қойды. Шығарманы сахнаға дайындау
кезінде автордың ӛзі де араласқаны ақиқат. Ол кезде пьесаның кӛркемдік мән-мағынасын,
режиссерлік жұмысын автордың ӛзі атқарып, сахналаушыларға оқып беру үстінде
ұғындырып отырған. Шығарманың идеясы мен тақырыбын, жеке кейіпкерлерінің
ерекшеліктерін түсіндіру режиссерлік жұмыстың негізі болып саналған.
«Ел ағасы» сахнаға 1921 жылы ақпан айында қойылып, алғашқы спектакль Затон
жұмысшыларының «Сибирьский бурлақ» клубында кӛрсетіледі. Пьесаның қысқаша
мазмұнына қарап, оың кӛтерген тақырыбы Қазан тӛңкерісінің қазақ әйелдеріне әперген
бостандығы мен теңдігі екенін кӛреміз. Автордың сол кездегі ағартушылық бағытынан
сипат беретін оқыған азаматтар бейнесі қазақ драматургиясында мұғалімдер бейнесін
жасаудағы тұңғыш тәжірбие еді. Кезінде бұл шығарма баспа кӛрмей қолжазба күйінде
тарағандықтан жоғалып кеткен. Пьесаның қысқаша мазмұны қойылымға жазылған
мақалада ғана айтылған.
«Ес аймақ» труппасы 1921жылы 14 наурызда автордың қатысуымен оның екінші
спектаклі «Бәйбіше-тоқалды» сахнаға қояды. Мұнда қазақтың ӛткен дәуіріндегі күндестік
қырсығының трагедиялық халі суреттелген. Пьесаның оқиғасы мен кӛтерген мәселесі ол
кезең үшін аса маңызды еді. Сондықтан бұл қойылымның Семейде ӛткен тұңғыш
губерниялық әйелдер конференциясына арналуы кӛңіл аударарлық құбылыс. Қойылым
ӛте табысты ӛтіп, баспасӛз бетінде жоғары бағаланады. Спектакльдің соңында М.Әуезов
тұңғыш рет сахнаға шақырылып, оған қошемет кӛрсетілген.
Семейде осылай жандана түскен қазақтың сахналық ӛнері драматургия жанрының
негізін қалап, дауын жеделдете түсті. Қазақ топырағында театр ӛнерінің тууына мол
ықпал жасаған М.Әуезовтің ӛзі де сол балаң ӛнермен бірге ӛсті, тың белестерге кӛтерілді.
Осы кезеңнен ол ӛзінің сахналық әріптесі Ж.Аймауытовпен бірге сахна ӛнерінің
әуесқойлық, сәбилік белестерінен ӛтіп, оның профессионалдық мазмұны мен
ерекшеліктерін меңгерді.
Сол тұстағы ӛмір болмысын суреттейтін жаңа тақырыпқа жазылған пьесаларды
драматургиядағы тың бағыт, жаңа бетбұрыс деп бағалаумен бірге М.Әуезов ұнамды
кейіпкер бейнесін жасаудағы олқылықтарды да батыра айтады. «Жақсы пьеса - сапалы
әдебиет белгісі» деген мақаласында:
«Біздің пьесаларымызда осы жаңа адамның тұлғасы әлі ұсақ жатыр. Кӛңілге
қонымды емес. Үстірт схема болып тұр. Сондықтан оқушы мен кӛрушіні ӛзіне қарай
лебімен тартып, баурап, еліртіп, жетегіне еріп кете алмайды. Кӛруші ақылымен «жақсы»
деп түсінеді, бірақ сезіммен тереңдеп ілеспейді», - дейді.
1932-1944 жылдардың аралығында М.Әуезов қазақ драма театрының әдебиет
бӛлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Осы аса қызық та күрделі жұмыста ол
репертуар мәселесімен мықтап шұғылданумен бірге, театрдың кӛркемдік жұмысына
тікелей араласып, драматургтер мен режиссерлер арасындағы шығармашылық
ынтымақтың ұйытқысы болады. Әсіресе, сол тұста театрға жан-жақтан шақырылған орыс
режиссерлерінің жұмыстарының жемісті болуына, актерлердің олардан түбегейлі білім
алып, сахна сырын меңгеруіне ерекше ықпал етіп, кӛп уақытын солармен бірге репетиция
залында ӛткізеді.
Қазақ драматургиясы мен театрында М.Әуезовтің шығармашылық қызметі еш
уақытта ұлттық шеңбермен шектелген емес. Ол қазақ сахна қайраткерлерін орыс театры
мен драматургиясының озық үлгілерінен үйренуге, Станиславский «жүйесін» меңгеруге
шақырумен бірге, басы ӛзі болып игі істі қызу қолға алады. Қазақ сахнасында аударма
пьесаларды қоюды репертуар қорын молайтудың, актерлердің шеберлігі мен білімін,
ұжымның кӛркемдік деңгейін әлемдік ӛнер биігіне кӛтерілудің сара жолы деп түсінген.
Орыс драматургиясының сол кездегі үздік шығармаларын және әлемдік классикалық
пьесаларды аударып, сахнаға қою арқылы М. Әуезов қазақ театрының ілгері кеткен
елдердің ӛнерімен терезесі теңелуін кӛздеген еді. Ұлы жазушы бұл асыл ой-арманына
Погодиннің, Треневтің, Киршонның, Пруттың пьесаларын қазақшаға аударып, сахнаға
қойғызу арқылы жетті. Бұл бастаманың аса сәтті болып, қазақ театрының кӛрнекті
табысына айналуы М.Әуезовті мұнан да жоғары шығармашылық биіктерге жетеледі.
Оның Шекспирдің «Отелло», «Асауға-асау», Гогольдің «Ревизор» пьесаларын аударып,
сахнаға шығаруы қазақ театрын тағы бір белеске кӛтеріп тастады. М.Әуезовтің 1937
жылы жарияланған «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар» атты жұмысы күні бүгінге
дейін ӛз мәнін жойған жоқ. Қазақ театры жаңадан ұйымдасқан кезде оның бағыт-бағдарын
үйренер, үлгі алар, ӛсер жолын орыс театрының тәжірбиесінен кӛрген автор, бұл
мақаласында сахналық ӛнерімізді дамытудағы аударма пьесаларды қою жайын кең түрде
әңгіме етеді.
Десек те, әрбір ұлттық театрдың репертуары негізінен қолтума шығармалардан
құрылатыны мәлім. Басқа елдердің мықты пьесаларын қазақшаға аударып сахналауды
келелі мәселе етіп кӛтерген М. Әуезов «Қазақстанның драма театрының ӛсу жолындағы
ең зор міндет оригинал жағында жатқанын ұмытпау керек», - деуі сахна қайраткерлерін
бір жақтылықтан, ұлттық сахна ӛнерінің ең алдымен ӛзінің ұлттық драматургиясы мен
кӛркемдік мұратқа жететінін ескертеді. Бұған М.Әуезовтің бүкіл драматургиялық
қызметі толық дәлел. 30-шы жылдардың басында жазған мақалаларында актер мен
әншілер, музыка саласында ұлттық мамандарды оқытып, профессионалдық тұрғыдан
дайындау мәселесіне ол ерекше кӛңіл аударған. Бұл бағыттағы іргелі ізденістерді
халықтың бай музыкалық мұрасы мен әншілік ӛнерінен ӛрбітуге ақыл қосады. Музыка
мұраларын жинастырып, нотаға түсірген Затаевич, Ковалев еңбектерін пайдалануды,
бүгінгі жасап жатқан ӛнеріміздің кәдесіне жарату жағын да қарастырған. Және мұның
кесімді шешіміне музыка мамандарының араласқанын жӛн кӛрген. Міне, осындай талап
пен ізденістен қазақ драма театрының жанындағы музыкалық студиядан бастау алған
тұңғыш музыкалық театр 1934 жылдың 30-ыншы қаңтарында М.Әуезовтің «Айман –
Шолпан» комедиясымен шымылдығын ашқан. Кӛрермен қауымды бірден баурап алған
спектакльдің музыкасы В.И.Коцыхтың ӛңдеуімен пайдаланылған халықтың әндері мен
күйлері. Жеке кейіпкерлер әрекеттері мен оқиға дамуына кӛз тартарлық кӛріктік пен
жарасымдылық берген халық музыкасы сахнаның сәнін келтіріп, орындаушылар ӛнеріне
шабыт құйған «Қоян-бүркіт», «Қара жорға», «Келіншек» т.б. билерін қолдану музыкалық
спектакльдің жанрлық бітім-болмысын, синтетикалық сипатын айқындайтын құбылыс
болып шыққан.
Қойылымның дайындықтарына қатысып басы-қасында болған жазушы ӛзінің пікір
кеңестерімен оның кӛркем шығуына араласып отырған. Театрдың тұңғыш музыкалық
спектаклі аса табысты ӛтіп, оның шығармашылық келешегіне үміт арттырды. Мұның
кӛркемдік қуаты мен кӛрерменнің ерекше ықыласына бӛленуінің тағы бір құпиясы -
бұған қатысқан актерлердің орындаушылық ӛнері мен ұлттық музыка мәдениетіне жетік
Жұмат Шанин, Құрманбек Жандарбековтердің режиссурасына тікелей байланысты еді.
Осылай дүниеге келген «Айман-Шолпан» комедиясының кейін ұйымдастырылған барлық
қазақ театрларындағы ұзақ та қызық сахналық сапары басталды. Үнемі қайталанып
қойылып келе жатқан бұл шығарманың сахналық ғұмырына басқа ешқандай пьеса тең
келмейді.
Ұлттық ӛнеріміздің ішінде профессионалдық даму мен қалыптасудың
шығармашылық процестерін басынан кешкен, бүгінде әлем танитын деңгейге жеткен
Абай атындағы опера және балет театрының да дүниеге келіп, қаз тұрып, қалыптасуына
М.Әуезовтің ықпалы мол болды.
М.Әуезов ұлттық опералық ӛнеріміздің дамуына, оның әдеби негізі-либреттоның
кӛркемдік салмағымен бірге музыкалық болмысына да ұтымды пікір кеңестерімен де
араласқаны анық. Ол 1944 жылы «Абай» операсының либреттосын жазып,
композиторлар А.Жұбанов, Л.Хамидимен бірге қоян-қолтық жұмыс істеп, ұлы ақын
жайындағы күрделі музыкалық шығарманың дүниеге келуіне елеулі еңбек етті. Мұнан
бұрын ақын ӛмірінен атақты трагедиясын жазып, сахнаға қойдырған М. Әуезов операның
әдеби негізіне Айдар мен Ажар тӛңірегінен ӛрбитін оқиғаны драматургиялық желі етіп
тартқан. Операның премьерасы 1944 жылдың желтоқсанында қойылды. Бұл ұлы ақынның
тамаша музыкалық мұрасын пайдаланып жазылған ірі үлгідегі сахналық-музыкалық
шығарма. Ақын мен халық бірлігі – операның лейтмотиві. Бұл қойылымда ұлы ақынның
құн жетпес ӛлең-әндерінің кӛркемдік құдіретімен оның қайталанбас сахналық-музыкалық
бейнесі сомдалған. «Абай» операсы қазақтың толыққанды, профессионалдық операсы
болатындығы сондықтан.
М.Әуезовтің шығармашылық зор ықпалы сахна ӛнерімен шектелмейді. Оның
қайталанбас қолтаңбасы ұлттық ӛнеріміздің барлық салаларында ӛзінің алыпқа тән
болмысымен, энциклопедиялық тереңдігімен танымал.
Қазақ театрының барлық тәжірбиелік һәм теориялық мәселелерін түгел қамтыған.
Әдебиетттер тізімі
1.
Әуезов М. Ӛз жайымна мәлімет // кітапта: Әуезов М. шығармаларының 50 томдық
толық жинағы. IV том. Алматы, 2001
2.
Әуезов М. 12 томдық. VII том. Алматы., 1969
3. Әуезов М. Драматургия заңы туралы кейбір ойлар // кітапта: Әуезов М. 20 томдық
шығармалар жинағы. Х том. Алматы, 1987
4. Әуезов М. «Қаракӛз» туралы // Таң, 1925, №3.
5. Әуезов М. Жалпы театр ӛнері мен қазақ театры // кітапта: Әуезов М.
шығармаларының 50 томдық толық жинағы. Алматы, 2003, XVII том
6. Әуезов М.Жалпы театр ӛнері мен қазақ театры //Еңбекші қазақ, 1926,№ 68.
7.Әуезов М. Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар // Социалды Қазақстан, 1937, №63.
8. Әуезов М. Соболев Л. Қазақ халқының эпосы мен фольклоры. Алматы, 1938
9. Әуезов М. Отелло. Алматы, 1939
10. Әуезов М. 12 томдық. IX том . Алматы, 1969.
Достарыңызбен бөлісу: |