Қажетті қасиеттерге ие бағалы өнімдерді биотехнологиялық тәсілімен өндіру артықшылықтары:
Биотехнологиялық өнімдерді көп мөлшерде жыл маусымдарының өзгеруіне тәуелсіз үздікті түрде алу мүмкіндігі және үздіксіз науқастарға босатылуы;
Биотехнологиялық өнімдер өндірісінің жоғары рентабельдігі, соның нәтижесінде олардың бағасының төмендеу (интерферондар, гормондар), сонымен бірге кейбір препараттарды тегін босату мүмкіндігі (инсулин, соматотропин және т.б.);
Биотехнологиялық өнімдердің жанама жағымсыз әсерлерінің азаюы немесе толығымен болмауы, себебі олар биологиялық объектілер арқылы түзіледі;
Әлеуметтік аспектілер
Биотехнологияның ары қарай даму әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Соңғы жылдары көп шет елдерде әртүрлі мицелиалды саңырауқұлақтарды, ашытқы түысына жататын микроорганизмдерді, бактерияларды және өсімдіктердің, жануарлардың ұлпа және жасуша культураларын қолдану нәтижесінде мүлдем жаңа өндірістер ашылып жатыр.
Биотехнология саласында техникалық прогресстің негізгі критерий ретінде биомассаны терең тазарту және бағалы метаболиттерді, пайдалы өнімдерді химиялық таза түрде алу болып табылады.
Биотехнологияның ары қарай даму әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Биотехнологияның ары қарай даму замануи бағыттары:
Процесстерді үздікті жүру тәсілінен үздіксіз түріне алмастыру, сонда биотехнологиялық өндірістерде биохимиялық процесстерді орындау үшін қолданылатын көптеген бағалы продуцент-микроорганизмдер және әртүрлі тасымалдағыштарда иммобилизацияланған қымбат ферменттерді ұзақ уақыт жоғары өнімділікпен пайдалануға мүмкін болады, мысалы, қазіргі кезде иммобилизацияланған ферменттер көмегімен крахмалдан фруктозаны алады, сонымен бірге глюкозаны және тағыда басқа бағалы өнімдерді ферменттер көмегімен қалдық сулардан бөліп алу жолдарын іздестіру көптеген ғылыми жұмыстар жүргізуде ;
Процесстерді беттік культивирлеу тәсілін тереңдік тәсіліне алмастыру, оның нәтижесінде процессті үздіксізұзақ уақыт жүргізу мүмкін болады, сонда өндірістің өнімділігі едәір жоғарлайды, ал өнімдердің бағасы төмендейді, алынған өнім көрсеткіштері бір деңгейде (стандартты) болады;
Сыртқы ортаны ластайтын қалдықсыз өндірістерге өту;
Биотехнологиялық процесстерде толық автоматтандыру және компьютеризацияға өту, соның нәтижесінде алынатын өнімдер таза және стерилді түрде болады.