Бүгінгі таңда PR технология (толық аты Public Relations-қоғаммен байланыс) елдің экономикасын қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады.Мемлекеттің бәсекелестікке шығуы мен заман ағымына сай жаңа технологиялар бойынша дамуы маңызды.Сол себепті, PR технологиясы міндетті салалар қатарына жатқызылуда.
Біздің елімізде PR технологиясын дамыту қалай жүзеге асырылуда? Негізінен, Қазақстан Республикасына PR термині ХХ ғасырдың аяғында пайда болып,осыдан он бес жыл бұрын ұғым ретінде қалыптаса бастады.Өзге елден білікті мамандар,атап айтқанда пиарщиктер шақырылып,бұл салаға қатысты елде жиындар өткізілген болатын.Еліміздің негізгі дамушы секторлары мұнай-газ кен орындарынан түскен қаржы болғандықтан, PR технологиясын алдымен мұнай саласы мен саяси жүйемен байланыстырды.Тек осы екі саладан кейін ғана,экономикалық жүйе ретінде қарастырды.Содан бері, PR қызметі- елдегі дамушы секторлармен байланыс орнатып,сол бағытқа ықпал жасау.
Жалпы PR маманының ондағы қызметі қандай?
Егер де, PR технологиясы бүгін ауқымды мәселе болып табылса,онда бұл салада жұмыс істейтін маманның жалпы қызметін анықтайық.Біріншіден, PR маманы аты айтып тұрғандай қоғаммен байланыс орната білуі маңызды.Өйткені, пиардың жалпы бірнәрсені қайта нарыққа шығаруда үлесі зор.Екіншіден, ол компанияның шығаратын өніміне байланысты жарнама жасап,оған деген сұранысты өсіруі қажет.Үшіншіден, бұл маманның бойында табылу қажет басты қасиет-креативті ойлау.Себебі, тауарға әдемі дизайндар мен инфографика істеу арқылы, алушы адамдардың қатары көбейіп,бәсекелестікке шығу пайда болады. Осы принциптерге сүйене білген адам, нағыз маман иесі болып шығады.
Біздің елде бұл саланы дамытуда қандай іс-шаралар жүргізілуде?
Қазіргі кезде, заман талабына сәйкес, мемлекет бар күш-жігерді жастардың білім алып, өз ісіне шебер мамандарды даярлауды көздеп отыр.Соған сәйкес,көптеген ЖОО- да «Қоғаммен байланыс» факультеттерін ашып,жалпы маркетинг, digital менеджер секілді қызықты әрі цифрлық технология кезеңіне сай,болашақта қажет деген мамандықтар қосылуда.Бұл мамандықтар өзіндік анықтамалары болғанымен, PR технологиясымен байланысқа ие.Олардың ұқсастығы,клиенттермен бірлесіп жұмыс істеуінде.
Демек, расыменде PR технология 21 ғасыр талабына сай,жаһандану үрдісімен қатар жүретін мамандық ретінде дамуды қажет ететін сала.Оны дамыту, елдің тек саяси жағынан емес, қаржы және экономикалық бағыттарын қоса алып жүруді қажет етеді.Еліміздегі ондай маман иелерінің жетіспейтінін ескерсек, сол салаға басты назар аударылуы қажет екендігін түсінеміз.