Елеудің классификациясы және конструкциясы. Елеудің технологиялық есептеуі.
Дәріс жоспары:
Електерді жалпылама топтастыру.
Принципиалды құрылғылар, жұмыс істеу принциптері, пайдаланылу саласы, өнімділігі.
Електерді жалпылама топтастыру
түрлері әр басқа електер Жұмыс атқару принципі бойынша ұқсас болып келеді: елек бетінде материалдың қозғалысы кезінде ұсақ класстардың електелуі жүргізіледі. Материалдың қозғалысы ауырлық күшінің, бет бойынша ағатын судың ағысының немесе елек қорабының анық бір қозғалысының ықпал етулері арқылы іске асырылады.
Елек беті қозғалысының ерекшелігіне байланысты електер төмендегілерге бөлінеді : -
қозғалмайтын (колосникті);
жайпақ тербелмелі;
айналатын(барабанды);
жартылай дірілдегіш;
дірілдегіш.
Електерді електегіш беттің формасына қарай бөледі:
Електерді електегіш беттің формасына қарай бөледі:
жалпақ көлбеубетті; жартылай цилиндрлі және цилиндрлі бетті.
Електегіш беттің еңіс бұрышына қарай оларды бөледі:
көлбеу бетті електер;
аз еңісті (α=6-80);
еңісті (α=16-280, ерекше жағдайларда ғана еңіс бұрышын 40о дейін жоғарлатуға болады, қозғалыссыз колосникті електердің).
Бастапқы материалдың сеппелік тығыздығы бойынша електер мыналарға бөлінеді:
Бастапқы материалдың сеппелік тығыздығы бойынша електер мыналарға бөлінеді:
жеңіл – сеппелік тығыздығы 1,4 т/м3 дейінгі материалдарды електеу үшін(δ);
орташа – δ=1,4-1,8 т/м3;
ауыр- δ=1,8-2,8 т/м3.
Жалпылама топтастыру бойынша келесілерге бөлінеді:
Қозғалмайтын колосникті ;
Жатаған тербелмелі;
Барабанды айналмалы;
Жартылай дірілдегіш (гирационды);
дірілдегіш (инерциялы);
Иілмелі електер;
Жатаған торлар ұсақ торкөздермен.
қозғалмайтын колосникті електер
Колосникті електер көкжиекке бұрыштай орналасқан колосниктерден жинақталған торкөздерден тұрады.
Торкөздердің жоғары шетіне салынған материал , ол арқылы ауырлақ күшінің әсерімен қозғалысқа түседі. Онда ұсақ материалдар торкөзердің саңылаулары арқылы төменге құлап түседі, ал ірі класстағы материалдар төменгі шетте жинақталады.