Әлеуметтану негіздері



Pdf көрінісі
Дата27.09.2023
өлшемі169,5 Kb.
#110421
Байланысты:
leumettanu-negzder 1 lecture



1-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Қоғам туралы ілім
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
1. Қоғам туралы ілім
2
Дәрістің мақсаты: 
әлеуметтану, қоғам және әлеуметтік қиял терминдерін, әлеуметтану-
дың негізін салушылардың ғылымға қосқан басты үлестерін қарастыру. Одан басқа әлеу-
меттанудағы үш негізгі теориялық көзқарасқа, зерттеу процесіндегі бес қадам және әлеумет-
тануда қолданылатын негізгі зерттеу әдістеріне шолу жасау.
Негізгі терминдер:
қоғам, әлеуметтану, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қиял, эмпирикалық 
зерттеулер, құрылымдық-функционализм, символдық интеракционизм, конфликт теориясы, 
теория.
Әлеуметтану және әлеуметтік қиял
Әлеуметтану – әлеуметтік топтарды жүйелі түрде зерттейтін, қоғамдық қарым-қатынас 
және қоғам туралы ғылым. Қоғам дегеніміз – ортақ географиялық аумақта орналасқан
экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды біріктіретін әрі «Адамдар бір-бірімен 
қалай әрекетке түсуі керек» деген сұраққа жауап ретіндегі ойлары бір жерден шығатын, ұзақ 
өмір сүретін қауым, ұлт немесе сол сияқты ірі топ. Әлеуметтік қиялды пайдаланған кезде біз 
әлеуметтік құрылымдар адамның мінез-құлқы мен жеке проблемаларына қалай ықпал ете-
тінін түсінеміз.
Әлеуметтану – қоғам туралы ғылым
Индустриялық революциядан кейін қарқын алған әлеуметтік өзгерістер әлеуметтанудың 
дамуына кең жол ашты. Жедел әлеуметтік өзгерістерден туындаған мәселелер әлеуметтік 
процестер туралы нақты ақпаратқа деген сұранысты арттырды. Әлеуметтік мәселелерге ба-
ғытталу әлеуметтанудың маңызды сипаты болып қала береді.
Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар
Әлеуметтану ғылымы негізгі үш теориялық тармақтан тұрады: 
құрылымдық-функциялық 
теория, конфликт теориясы және символдық өзара әрекетке түсу теориясы.
Осы үшеуін 
қоғамды түсінуге мүмкіндік беретін балама линза ретінде қарастыруға болады. Олардың әр-
қайсысы әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқын қалай қалыптастыратынын түсіну 
құралы ретінде бағалы.
Құрылымдық функционализм әлеуметтік құрылымдарды айқындайды және олардың 
әлеуметтік үйлесім мен тұрақтылыққа тигізер зиянын талдайды. Айқын және жасырын 
функциялар мен дисфункцияларды анықтау оның аналитикалық негіздерінің бір бөлігі болып 
табылады.
Конфликт теориясы Карл Маркстың адамның мінез-құлқына және қоғамдық өміріне кон-
фликтінің және бәсекенің маңызды әсері туралы идеялары арқылы қалыптасты. Ол әлеу-
меттік құрылымдарды «Бұдан кім пайда табады?», «Олар бұл артықшылықтарды қалай сақтап 
тұрады?» деген сұрақтар қою арқылы талдайды. Бұл теория ымыраға келуге қарағанда қақ-
тығыстың маңызды екенін және өзгеріс қақтығыстың оң нәтижесі екенін айтады.
Символдық интеракционизм теориясы адамдар арасындағы өзара әрекетке түсудің су-
бъективті мәнін және адамдардың ортақ символдық мән-мағыналарды дамытатын және қа-
лыптастыратын процестерін зерттейді.
Әлеуметтанудағы зерттеу және ең көп таралған әдістер
Әлеуметтану эмпирикалық дәлелдерді сыни және жүйелі тексеруден тұрады. Әлеумет-
тік зерттеу процесі 
мәселені анықтау,
негіз әзірлеу,
деректерді жинау,
үлгілерді табу, теория 


3
Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
1. Қоғам туралы ілім
түзу 
деген бес кезеңнен тұрады. Бұл қадам «ғылым дөңгелегі» деп аталатын үздіксіз циклді 
құрайды. Деректерден теорияға қарай ауысу индукция деп аталады, теориядан болжамға 
ойысуы дедукция деп аталады.
Кез келген зерттеу жобасы зерттелетін айнымалы шамаларды анықтап, олардың опера-
цияланған анықтамаларын тауып, сол айнымалы шамаларды зерттеуге арналған кейстердің 
өкілдік үлгілерін қалай алуға болатынын пысықтайды.
Себеп-салдарлық болжамдарды сынаудың жақсы жолы – эксперимент. Дегенмен экспери-
мент мінез-құлықты жасанды жағдайда зерттейді және адамдар эксперимент кезінде өздерін 
басқаша ұстауы мүмкін. Сонымен қатар эксперимент кейде субъектілерге зиян келтіруі 
ықтимал.
Сауалнама барысында көп адамға стандартты сұрақтар қойылады. Бұл әдіс кездейсоқ 
үлгілерді пайдалана отырып, құбылыстың таралуын, ондағы трендтер мен дифференциалды 
(ағымдар мен жіктелуді) сипаттау үшін пайдалы. Бірақ адам мінез-құлқының контексін 
талдауда, себеп-салдарлық қатынастарды анықтауда нәтиже бермейді.
Қатыса отырып бақылау әдісі – аз адамды бақылау немесе олармен тереңдетілген сұхбат 
жүргізу тәсілі. Бұл – адамдардың өзара қарым-қатынасы және оның субъективті мән-мағынасы 
туралы шағын детальдар жинауға болатын тамаша әдіс. Алайда ол жалпы қоғам өкілдерінің 
арасында емес, шағын топ ішінде жүргізіледі және жалғыз ғана зерттеушінің пайымдауына 
сүйенеді.
Қазіргі және тарихи жазба құжаттарды талдау әдісін контент талдау дейміз. Оның ар-
тықшылығы – зерттеу қымбат емес және зерттеуші деректерді өз бетінше өзгерте алмайды. 
Дегенмен мұнда тек қолда бар құжаттарды ғана пайдалануға болады және зерттеушінің жеке 
пайымдарына ғана негізделеді.
Әлеуметтанушылар зерттеулерін көбіне мемлекеттік органдардан, коммерциялық емес 
ұйымдардан және басқа дереккөздерінен алынған статистикаға негіздейді. Бұл арзан әдіс 
өткенді де, қазіргі кезді де зерттеуге мүмкіндік береді, бірақ, мұны тек қажетті деректер болған 
кезде ғана пайдалануға болады.
Қоғам – тұрақты қауымдастық, ұлт немесе бір аумақтағы, экономикалық, мәдени және 
саяси байланыстарды және әлеуметтік сенімдерді тоғыстыратын үлкен топтастық.
Әлеуметтану – адамзат қоғамын, әлеуметтік топтарды және әлеуметтік өзара әрекеттерді 
жүйелі түрде зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік құрылым – белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың 
қайталанып отыратын үлгілері.
Әлеуметтік қиял – жеке адам мәселесін, негізгі әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде 
ішінара түсінуді көрсететін қабілет.
Эмпирикалық зерттеулер – дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген ғылым 
саласы.
Құрылымдық-функционализм – әлеуметтік ұйымдар (құрылым) мен оның қызметін (функ-
циясын) зерттейді.
Символдық интеракционизм – ортақ мәндердің қалыптасып, дамуына ықпал ететін адами 
әрекеттер мен процестердің субъективті мән-мағыналарын зерттеумен айналысады.
Конфликт теориясы – қоғамдағы күйзеліске және қақтығыстар мен әлеуметтік өзгерістерге 
ықпал ететін жолдарды талдау, түсіндіру.
Теория – байқалған үлгілерді анағұрлым кең ауқымда түсіндіретін идеялар жиынтығы.
Дербес жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1. Қазіргі адам үшін әлеуметтанулық қиялды меңгеру қажеттілігін түсіндіріңіз.
2. Құрылымдық-функциониализм мен конфликт теориясы тұрғысынан талдаудың арасын-
да қандай айырмашылық болуы мүмкін екенін Қазақстан қоғамындағы жұмыссыз адам-
дардың әлеуметтік жағдайының мысалында салыстырып, көрсетіңіз.


Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
1. Қоғам туралы ілім
4
Бақылау және талқылау сұрақтары
1. Достар мен таныстарыңыздың жеке басындағы қиыншылықтардың қайсысын жал-
пыға ортақ мәселе ретінде қарастыруға болады?
2. Жалғызбасты ата-ананың тәрбиесінде өсу барысындағы баланың оқу үлгерімін анықтау 
үшін этикалық жағынан дұрыс болып табылатын қандай зерттеу әдісін қолдануға болады?
Қосымша әдебиет және ақпарат көздері
1. Дж. Ритцер, Дж. Степницки., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» 
қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А., Социология: Уч.пособие. – Алматы: Эве-
ро, 2016. – 584 с.
3. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық 
аударма бюросы, 2018. – 464 б.
4. Бауман З., Мыслить социологически. – М.: Аспект Пресс, 1996. – 255 с.
5. Миллс Ч. Р., Социологическое воображение. – М.: Издательский дом «Стратегия», 1998. – 
264 с.
6. Giddens A., Sutton Ph. Sociology. – Wiley Academic, 2017. – 1192 p.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет