«Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік


Этникалылықтың теориялық мәселелері



бет14/23
Дата28.03.2023
өлшемі99,06 Kb.
#76985
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Социология лекция 2022-23-1

Этникалылықтың теориялық мәселелері


  • Этносаралық қатынастар

    Этникалылық терминінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар, ол этникалылықты әр түрлі әлеуметтік ғылымдар мен жекелеген ғалымдардың есімдері арнасында қарастырған теориялар мен көзқарастардың дамуымен байланысты [2].
    Этникалылықты түсінудегі мазмұн аспектісінің рөліне қатысты пікірталастар өткен ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. Бүгінгі күннің өзінде анықталмаған, келісілмеген сәттер көп кездеседі. Кейбір ұғымдар түсініксіз немесе қазіргі жағдайды шынайы көрсете алмайды. Пікірталастардың пайда болуы этникалық проблеманы бірінші қатарға шығарған әлемдегі этносаяси процестермен байланыстырылады. Этноәлеуметтанудың санаттарын (этнос, ұлт және этникалылық) тыңғылықты теориялық талдаудан өткізу қажеттілігі туындады. Кең көлемде қолданылуына қарамастан, “этникалылық аса жаңа түсінік болып көрінеді”, - дейді Н.Глейзер мен Д.П. Мойнихан. Олар мынадай фактіге назар аударады: бұл терминнің алғашқы түсіндірмесі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде тек 1972 жылы ғана пайда болды. Бұл терминді ғылыми айналымға енгізу Л.Уорнер мен П.Лунтуға тиесілі, олар бұл ұғымды “қазіргі кездегі қауымдардың мәртебелік жүйесі” атты жұмыста қолданды.
    Этникалылық - бұл ғылымда кеңінен қолданылатын, қоғамда мәдени айырмашылығы бар (этникалық) топтар мен бірдейліктер бар екенін білдіретін санат. Отандық қоғамтануда кез келген жағдайларда, әр түрлі тарихи-эволюциялық типтегі (ру, жұрт, ұлт) этникалық қауымдастықтар (халықтар) жайлы сөз болған кездерде “этнос” термині кеңінен қолданылады. Этнос түсінігі гомогендік, функциялық және статикалық сипаттамалардың бар екенін білдіреді, олар топты сол сияқты сипаттамалар жиынтығына ие басқа топтардан ажыратады. Ғалымдар арасында да этникалылық феноменді анықтауға келгенде бірлік жоқ, бірақ өздерін этникалық деп есептеуге немесе этникалылықтың бар екені жайында айтуға мүмкіндік беретін қауымдастықтарға тән бірқатар сипаттамалар ортақ. Мұндай сипаттамаларға: топ мүшелері мойындайтын ортақ аумақ пен тарихи шығу тегі, ортақ тіл, материалдық және рухани мәдениеттің ортақ белгілері жайында түсініктің болуы; отан және ерекше институттар жөнінде саяси бекітілген түсініктер, мысалы, халық деген түсініктің бір бөлігін құрайды деп есептелінетін мемлекеттілік сияқты; ерекшелік сезімі, яғни топ мүшелерінің соған жатқызылуы және осыған негізделген ынтымақтастықпен бірігіп әрекет жасаудың нысандары жатады.
    Этникалық қауымдастыққа М.Вебер берген анықтама әлі күнге өз мағынасын сақтауда. Оған сәйкес, этникалық қауымдастық - оның мүшелері ортақ шығу тегінде ұқсас физикалық бет-пішінге және әдет-ғұрыпқа немесе екеуіне де немесе отарлануы мен көшіп-қонуы жөніндегі ортақ жадына байланысты субъективті сенімге ие топ.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың негізгі белгілері.

    2. Ұлт және ұлттық сана-сезім.

    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки; ауд.Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О. және т.б., 2018. – 829б

    2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. "Социология: Уч.пособие". – Алматы: Эверо,2016. – 584с.

    3. "Социология. Основы общей теории: учебник" / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.

    4. Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017. (Гиденс А., Суттон Ф.Соушиолоджи. Уилей Академик, 2017)

    5. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Social structure of society and middle class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушл стракчэр оф соушети анд мидл клас: текстбук / Алматы: Казак Юниверсити, 2015. – 44 пи.

    6. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушлоджи оф яз / Текстбук. – Алматы: Казак Юниверсити, 2016. – 98 пи.)

    7. Ritzer G., Stepnisky J. Sociological Theory. – Los Angeles: Sage, 2018. – 802p. (Ритзер Джи. Степниский Джей. Соушлоджикал Теори. – Лос Анжелес: Сайдж, 2018. – 802пи.)

    8. Гараджа В.И. "Социология религии": Учебное пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2014. - 304с. - (Высшее образование. Бакалавриат).

    9. Жаназарова З.Ж. "Семья и общество". – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 133 с

    10 ДӘРІС. Білім және әлеуметтік теңсіздік




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет