Әлеуметтанудың объектісі мен пәні Әлеуметтану және әлеуметтік философия



бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі29,05 Kb.
#16619
1   2   3   4   5   6
Әлеуметтану және саясаттану. Әлеуметтану пәні мен саясаттану арасында өзара байланыс бар.Олар:

  • әлеуметтік қауымдастықтар,әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;

  • саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;

  • саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын анықтайды.

Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістерімен осы құрылымның басқа бөліктерінің байланыстыра қарағанда ғана зерделей алады.Бұл саяматтанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, әлеуметтану ашатын ғаламдық қоғамның құылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді.Әлеуметтану жеке топтары мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастары және саяси құрылымын, олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет