Әлеуметтік қайшылықтар кезеңінде ұлттық мемлекеттілік идеяларының қалыптасуы жолындағы оқиғаларға объективті баға беріңіз және ұлт зиялыларының рөлін анықтаңыз



бет2/3
Дата22.04.2023
өлшемі17,8 Kb.
#85554
1   2   3
Байланысты:
Әлеуметтік қайшылықтар кезеңінде ұлттық мемлекеттілік идеяларыны-melimde.com

ХХ ғ. басындағы әлеуметтік төңкерістер дәуіріндегі ұлттық идеяның, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу эволюциясына баға беріңіз. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шура- и- Ислами», «Шура-и-улема» және басқа саяси партиялардың рөлі мен орнын анықтаңыз.


  • Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде Алаш қозғалысы өмірге келген еді. Қозғалыстың басты тірегі 1917 жылы шілдеде құрылған жалпыұлттық «Алаш» партиясы еді. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбай, Міржақып Дулатұлы т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдары осынау бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзінің негізгі міндеттерін екі мақсатқа жету: 1) қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; 2) қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету деп жариялады. Өзінің саяси табиғатына сай «Алаш» партиясы әртекті қазақ ұлттық-демократиялық зиялылардың саяси ұйымы болды.

Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты.


  • Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет