Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді.

Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Ұлттық мемлекет құру идеясын таптық көзқарасқа негізделген мемлекет құру идеясымен алмастыру барысында қандай негізгі мәселелер болды?
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.
Республика орталығы — Орынбор қаласы.
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.ВЦИК-тің
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.