«Әлеуметтік экономикалық» пцк төрағасы Ф. Эшанкулова



бет3/3
Дата23.09.2024
өлшемі36,92 Kb.
#145317
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
36 прак

Form1->Caption=OpenDialog1.Filename+” - My Text Editor”;
}
Бұл жерде файлды ашудан басқа, таңдалынған файл аты форма тақырыбында "My Text Editor" мәтінімен жазылады.
TColorDialog компоненті – қолданушы түсті анықтауға арналған.
:
cdFullOpen — диалогты толық көрсету. Қолданушы түсті таңдағанда түстердің жүйелік палитрасынан ғана емес, өзі де түс бере алады;
cdPreventFullOpen — диалогты толық көрсетуге рұқсат бермейді;
cdShowHelp — Help батырмасын көрсетеді.
TPrintDlalog компоненті – тексті принтерге шығару параметрлерін орнатуға арналған.
TSavePictureDialog, TSavePictureDialog компоненттері –файл-бейне атын таңдауға арналған, келешекте жазу немесе оқу үшін қолдануға болатын.
TFindDialog компоненті – бұл диалог арқылы мәтіндегі қажетті фрагментті іздеуді және оған дайындықты жүзеге асырады, программист жазған кодтар арқылы.
Опциялары:
frDown — бұл опцияны қолданған жағдайда іздеудің алғашқы бағыты – төменге (басынан аяғына дейін). Сәйкесінше радиокнопка орнатылады;
frDisableUpDown — бағытты таңдауға тиым салады. Радиокнопкалар тобы сұр түспен көрсетіледі;
frHideUpDown — бағытты таңдауға тиым салады және радиокнопкалар тобын көрсетпейді.
Жалаушалар күйіне келесі опциялар жауапты:
frHideMatchCase — регистр жалаушасын көрсетпейді;
frDisableMatchCase — регистр жалаушасын көрсетеді, бірақ ол белсенді болмайды.
Егер осы опциялар орнатылмаса, жалауша диалогта белсенді болады, және оның мәнін қолданушы өзгерте алады. Оның мәні Options-тағы frMatchCasc опциясына сәйкес болады.
Қасиеті, әдістері және оқиғалары:
FindText – ізделінетін мәтін;
CloseDialog – диалогты жабады.
TrayIcon – жүйелік треймен жұмыс жасауға арналған. Қасиеті:
PopupMenu – трейді контекстті мәзірмен байланыстырады, контекстті мәзір жеке компонентпен қосылған болуы керек;
PopupMenuOn – контекстті мәзірді ашу;
RestoreOn – басты терезені жаю.
СSpinButton компоненті – жұп батырмалар қарама-қарсы бағытшамен, басқан кезде белгілі бір өлшемде арттыруға немесе кемітуге арналған. Жоғарғы немесе төменгі батырманы басқанда сәйкесінше OnDownClick, OnUpClick оқиғалары пайда болады.
СDirectoryOutline – бұл компонент файлдың иерархиялық бұтағын және ағымдағы диск каталогтарын көрсетуге арналған.
Қасиеті:
Drive – ағымдағы диск мәні, яғни бұтақта көрсететін файлдық жүйе құрамы;
Directory – ағымдағы каталог;
Ауыстыру буферімен жұмыс жасайтын функциялар: CopyToClipBoard() – буферге көшіру; PasteFromClipBoard() – буферге қою; CutToClipBoard() – буферге қию;
Ӛзіндік жұмыс тапсымалары
Келесі нұсқалар бойынша мәтіндік редактор құру:

    1. Файлды ашу, сақтау;

    2. Файлды баспаға шығару;

    3. Фон түсін өзгерту;

    4. Буфермен жұмыс жасау функциясын қосу;

    5. Жүйелік трейге жұлдызша қосу;

    6. Контекстті мәзірді жүйелік трейге шақыру мүмкіндігін қарастыру;

    7. Жүйелік трейдегі жұлдызшаны тышқанмен бір басқанда терезенің қалпына келуін орнату;

    8. Трейді контекстті мәзірмен байланысын орнату;

    9. Файлдың иерархиялық бұтағын және диск каталогтарын көрсетуге арналған қосымша құру;

    10. Ауыстыру буферімен жұмыс жасайтын қосымша құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет