Әлеуметтік-этникалық қауьмдастық біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады



Дата10.12.2022
өлшемі20,05 Kb.
#56345
Байланысты:
социология 11 сем


Әлеуметтік-этникалық қауьмдастық біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, ең алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материалдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамасыз етеді, соның нөтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мүң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттаңдырып отырады. Генетикалық жатығу жағынан бір-бірімен өкшелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процесінің тізбегін жасайды.
Сонымен, этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногенез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар бөлшіп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу процесінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенез процесінің негізгі екі түрі болады: бірі — жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасуы; екіншісі — жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкіддерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақыт пен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс.
Қазіргі адамзат түрі — белгілі бір биологиялық түр. Ол белгілі әлеуметтік заңдылықтар арқылы дами келе, адамдардың әр түрлі тарихи қауымдастығына бөлінеді: олардың ішінде мемлекет, тап, отбасы, т.б. бар. Бұлардың ішінде этностар ерекше орын алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, жер бетінде 3 мыңнан астам этникалық қауымдастықтар әлемнің 220 мемлекетіңде орналасқан. Этностар мәңтілік өмір сүре бермейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті эмосоциологая теориясында этногенез деп атайды. Этногенездің негізін бұрынғы Кеңес ғалымы Лев Николаевич Гумилев қалады. Астанадаы Еуроазия университет осы кісінің атымен аталады. Бұл ғалым тео­рия жүзінде геобиохимия және системологая ғылымдарын тарихи географиямен біріктіріп қосты. Сөйтіп ол “этнос” деген ұғымды биология және әлеуметтік қауымдастық ретінде анықтап, биосфераның бір бөлігі, оның туындысы ретінде көрсетті, екінші жағынан, этногенез әлеуметтік эволюцияның жемісі, нәтижесі ретінде дәлелденді.
Этникалық қауымдастықты білдіретін ұғым “ұлт” терминінде қолданылады. Адамдардың белгілі бір топқа бірігуінің табиғи тірегі ретіндегі территория орталығы мен олардың тіл орталығы немесе олардың өзара жақындығы этникалық қауымдастықтың қалыптасуының негізгі шарты, факторлары болып табылады. Кей реттерде былай да бола береді. Мысалы, Америка құрлығының бірқатар ұлттарының біртұтас боп қалыптасуына этникалық қауымдастықтың әр тілде сөйлейтін беліктері арасындағы “тіл орталығына” шаруашылық, мәдени, т.б. байланыстардың дамуы барысында қол жетті, яғни мұның өзі этногенез процесінің нәтижесінде болды.
Жоғарыда көрсетілгендей, бұл этникалық процестің барысында әр түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерімен табии органың ерекшелігіне қарай материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстық, таптық психологиялық; сипаттамаларының этникалық қауымдастыққа тән қасиеттері қалыптасады. Бұған сәйкес этникалық сана-сезім пайда болады, мұнда белгілі бір этникалық қауымдастыққа енетін адамдардың тегі мен тарихи тағдырларының ортақтығы туралы ұғымдар басым рөл атқарады. Ортақ территория және тіл сияқты бұл элементтер этникалық қауымдастықтың белгілері бола алады. Мысалы, кейде діни артықшылық пен нәсілдік жақындық этникалық қауымдастықтың қалыптасуына ықпал етіп жатады.
Этникалық қауымдастық белгілі бір типі, мәдениетті, дәстүр-салттарды, этникалық бағдарларды, т.б. жаңа ұрпаққа сіңіру арқылы үздіксіз өрге басып, ұлғая беруге ұмтылады. Неғұрлым тұрақты өмір сүруі үшін этникалық қауымдастық өз алдына әлеуметтік-террториялық ұйым құруға (мысалы, топтық қоғамда мемлекет болуға) тырысады.
Тайпа, халық, ұлт этникалық қауымдастықтың тарихи типтері болып есептеледі. Сондай-ақ, белгілі бір жерде (яғни, территория-аумақта) тұратын әлеуметтік ұйымы бар тұтас этникалық қауымдастықтар және территориялық жағынан бөлек-бөлек (әр жерде тұратын) этникалық қауымдастықтар болады. “Этникалық қауымдастық” термині кейде бірнеше халықты, яғни этнолингивистикалық топтарды атау үшін қолданылады. (Мәселен, қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек, т.б. түркі тектес халықтар монол типтес этникалық топқа енеді. Сондайақ, бір халықтың ішіндегі этнографиялық топтарды белгілеу үшін де “этникалық қауымдастық” термині қолданылады. Мысалы, қазақта әр түрлі жүздер (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) және алуан түрлі рулар (арғын, қыпшақ, үйсін, дулат, қоңырат, шапырашты, т.б.) бар. Бұлар көрсетілген жағдайда “этнос” деп аталады.
Сонымен, жалпы этникалық қауымдастық — адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, халық, ұлт түрлерінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.
Адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастығының ең жоғарғы түрі — ұлт. Ұлт адам­дардың материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиясындағы кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақ болуы негізінде қалыптасты.
Жоғарыда көрсеткендейй, адам қауымының ұлтқа дейінгі тарихи түрлері — ру, тайпа, халық болады. Алғашқы қауымдық құрылысқа ру мен тайпа тән болса, құлдық қоғам мен феодализм заманындағы негізгі қауым халық болды. Халықтың ұлтқа айналу процесі феодаяизмнің күйреп, капитализмнің даму кезеңімен тығыз байланысты. Бұл ұлттарды біріктірудің негізгі факторлары болады. Бұл кездейсоқ құбылыс емес. Өз алдына заң шығаратын үкіметі, әскери және салық жүйесі бар, тіпті ақша белгісі де бөлек толып жатқан княздіктер мен хаңдықтарға, “жерлерге” бөлініп, бытырап жатқан феодалдық мемлекетте адамдардың біртұтас берік қауымға айналуы мүмкін емес еді. Тек капиталистік экономиканың жан-жақты терең дамуы, сауданың мейлінше күшейігі, елдің барлық түпкірлерін түгел қамтуы нәтижесінде ғана жалпы ұлттың экономикалық және саяси орталықтың қалыптасуына, ұлттық мемлекеттердің құрылуына жол ашылды. Тек осы факторлардың арқасында ғана үздіксіз жауласудан басқа қатынастары болмаған бытыраңқы “елдердің” бастары қосылып бірігуіне, олардың ұлт дәрежесіне көтерілуіне жағдай туды. Ұлттардың этника құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалар мен халықтардан және нәсілдерден құрылады, екіншілері бұрын көптеген тайпалардың “қысылып” бірігуі нәтижесінде пайда болған бір ғана халықтың негізінде қалыптасты. Мысалы, қазіргі американ ұлты Еуропадан қоныс аударған әр түрлі ұлттар мен ұлыстардан құрылды, оларға аздап та болса негрлердің қаны қосылған, араласқан. Француз ұлты галлдардың, германдықтардың, нормандықтардың, т.б. қосылуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақ ұлты да көп ғасырлар бойы әлденеше түркі тілдес және монғолдармен араласқан тайпалардың өзара тұтасуы негізінде қалыптасқан халық.
Ұлттың халықтан үлкен сапалық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ол — капиталистік қоғам туындысы. Оның қалыптасу процесі буржуазияның басшылығымен өтті. Бұл процестің барысында буржуазия табының ұсақ топтарының бастары қосылып, біртұтас ұлттық буржуазияға айналды. Дәл сол тәрізді жұмысшылардың толыпш жатқан бытыраңқы топтары ұлттық тапқа бірікті. Сөйтіп бір жағынан, халықтың өз алдына жеке, дербес өмір сүріп келгеңдері — бірдей экономикалық орталық құрылуының нәтижесінде ұлттық мемлекеті бәріне ортақ біртұтас бір қауым болып қалыптасты.
Екінші жағынан, әр ұлттың өз жөніндегі негізгі таптардың, яғни буржуазия мен пролетариаттың ара жіктері ашылып, антагонистік қайшылықтар шиеленісе түсті. Бұл екі ұғымды бір-бірімен шатастыруға болмайды. Тап қайшылығының азаюы немесе тап жіктерінің ашылуы, ұлт тұтастығына қатер төндірмейді.
Халық тіліне қарағанда ұлт тілі барлық жағынан жетілген, тұрақталған тіл болып есептеледі. Себебі, ол ұлт адамдарының өзара қарым-қатынас құралы ретінде дами келе, толыынан әдеби тілге айналады. Тайпалық диалектілері (өзгешеліктері – А.И.) мен ұлт құрамына кірген халықтар тілдерінің оған қылықтарына (қалдықтарынан, кемістіктерінен — А.И.) бірте-бірте арылып, бірыңғай берік грамматикалық құрлысы бар, шын мәнінде, тұтас ұлттық тіл дәрежесіне кетеріледі. Ұлт тілі қалыптасып дамыған сайын ұлт тұтастығы да нығая түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет