Тест тапсырмалары:
1. Екінші тарапқа қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы ескертетін ақпараттық-құқықтық құжат түрі қалай аталады?
А) ескерту
В) хабарлама
С) мәлімет
D) хат
Е) өтініш
2. Хабарламада қандай сөз болуы тиіс?
А) «Бұйырамын»
В) «Сіздің назарыңызға жеткіземіз»
С) «Хабарлансын»
D) “Анықталсын”
Е) “Қабылдансын”
3. «ЖЕШ» қысқарған сөзінің толық жазылған түрін көрсетіңіз.
А) Жедел емдеу шаралары
В) Жалпы есептік шығыны
С) Жеке еңбек шарты
D) Жасыл ел шарты
Е) Жасы елуге шықты
4. Істің әлдеқашан бұрын істелгендігін және сөйлеушінің оның істелгендігіне анық көзі жететіндігін білдіретін өткен шақ түрін көрсетіңіз.
А) Нақтылы өткен шақ
В) Нәтижелі өткен шақ
С) Субьективті өткен шақ
D) Неғайбыл өткен шақ
Е) Объективті өткен шақ
5. Нәтижелі өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.
А) маған
В) жатаған
С) қарастырылған
D) тоған
Е) балдырған
№22-сабақ
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық
(Приказы о приеме на работу)
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық басқару іс-әрекетінен басталады: «ҚАБЫЛДАНСЫН», «ТАҒАЙЫНДАЛСЫН» деген сөздер болу міндетті.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық бірден бірнеше қызметкерге жасалуы мүмкін. Мұндай бұйрықтар жеке қызметкерге қатысты тармақтардан тұрады.
Бұйрықта күні және «ж/қ» (жеке құрам бойынша) индексінің № немесе «к» (кадр) белгілері көрсетіледі.
Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға бұрыштама қояды. Бұйрыққа кәсіпорынның басшысы қол қояды және ол қызметкерлерге жеткізіледі.
Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда бұйрықта жасалған жеке еңбек шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін директордың нұсқауы беріледі.
Осындай бұйрықтар тағайындалатын қызметкерге қол қоюға жіберіледі, ал көшірмесін кәсіпорынның барлық қызметкерлері танысу үшін хабарландыру тақтасына ілінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |