1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат сенімхат деп аталады? Сенімхат кімнен кімге беріледі? Сенімхаттың қандай түрлері бар? Ресми сенімхат кімнің атынан кімге беріледі? Ресми сенімхаттың қандай деректемелері болады? Сенімхаттың мәтінінде нелер көрсетіледі? Сенімхатқа кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қандай жағдайда қол қояды? Көбіне сенімхаттардың қандай бланкілері пайдаланылады? Жеке сенімхаттар қандай мақсаттарда беріледі? Жеке сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет ете ме?
2-жаттығу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқыңыз. Есімшелерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз (Выразительно прочитайте стихотворение. Найдите причастие, объясняя их значение).
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны.
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер.
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған,
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың,
Ешқашан да бақ-жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
3-жаттығу. Мәтінде кездесетін есімшелерді тауып, олардың мағыналарын
ажыратыңыз (Найдите причастия, различая их значение).
Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат.
Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.
Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.
Сенімхатқа растаған лауазымды тұлғаның қолы қойылады. Алар айлығыңды жақын туысыңа сенімхат беру арқылы алдыруға болады.
Алмақтың да салмағы бар. Көрмес түйені де көрмес.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Личная доверенность должна иметь следющие реквизиты:
дату документа;
текст (с указанием доверителя, доверенного лица и вида действий по доверенности);
подпись и расшифровку подписи доверителя;
подпись должностного лица, заверившего доверенность;
печать организации, в которой доверитель работает, учится, или жилищно-эксплутационной организации по месту жительства.
Доверенность выдаются, как правило, на срок проведения действий, указанных
в ней.
Если срок действия в доверенности не указан, она сохраняет силу в течение
года со дня ее выдачи. Доверенность считается недействительной, если в ней отсутствует дата выдачи.
Доверенности хранятся 3 года.
Достарыңызбен бөлісу: |