Әлеуметтік-гуманитарлық факултеті



бет1/16
Дата25.10.2022
өлшемі61,83 Kb.
#45293
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ZTXCAIPVHWCK21102022203334


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ, ОБӨЖ)
бойынша материалдар
және оны ұйымдастыру бойынша
нұсқаулықтар

Түркістан 2022

Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар жоғары оқу орнындағы барлық білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналады.


Бұл нұсқауда білім алушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатын талаптар берілген.
Әдістемелік нұсқауды дайындаған: аға оқытушы А.Т.Арыстанбаева
Нұсқау кафедраның «__17»_01_ 20_22_ ж. мәжілісінде талқыланды. (№__5_ хаттама)
Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к., доцент м.а. А.Рысбекова
Әлеуметтік- Гуманитарлық пәндер факультетінің № _20__ «__01__» _____2022___ж.
Факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.
Факультеттің академиялық
комитет төрайымы: т.ғ.к., доцент м.а. Жумадуллаева А.

Жалпы ережелер

БӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БӨЖ негізгі міндеті семинарлар мен дәрістерге дайындық. Семинар сабағына тақырыптың негізгі сұрақтары шығарылады. Семинар сабағының теориялық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтарының тақырыптарына арналған әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабақтарының тақырыптарына арналған әдістемелік кеңестерді мұқият зерделеп, семинар сабағының тақырыптық жоспарының сұрақтарына өз бетінше жауаптар дайындаңыз. Әр сұрақты дайындау барысында жауаптың негізгі ережелері мен тезистерін, тұжырымдарын қысқаша, схемалық түрде көрсетіңіз, БӨЖ дәптеріне негізгі ойды қысқа жазыңыз. Аяқталғаннан кейін өзін-өзі тексеру сұрақтары арқылы біліміңізді тексеріңіз. Өз бетінше жұмыс жасау кезінде қиындық тудыратын сұрақтар болса, оларды жазып, оқытушыға қойыңыз.


БӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы керек. Дәрістерде өздігінен алынған мәліметтер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.
Алайда, семинар сабағына қойылған сұрақтардың көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студенттің өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша ұзақ мерзімді жұмысы қажет, бұл ОБӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан ОБӨЖ-ге қосымша сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар және т.б. шығарылады, олардың көмегімен тақырыптың мазмұны толығымен ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет