5. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, соның негізіндс тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның, құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелсйді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оку-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақыл-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогакалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып, Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына , қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзегс асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оку-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге жәнс оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерің, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты -мектеп оқушыларың қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітеді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің аукымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленуішілердің мемлекеттік зандарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектедді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың манызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орыңдату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне бастады.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу. музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер: қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін. көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды той жетекшілері деп атады. Негізгі міндет -коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиеіне көптеп кең болу. Оқушылардың бастауыш ұйымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің кызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі баскару ұйымына басымдылық береді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайына болды. Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару мәселесінде мұғалімдердің ролін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұғалімдерді оқушылар тобына — бастауыш ұжымға бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын жәнс өмір жағдайын зерттеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.
1930 жылдары отаңдық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушлардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрдс есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы "Жалпы енбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік кызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатка ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережсні 1934 жьшы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетскшісінің қызметі де бекітілді.
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылдаңды. Онда сынып жстекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұңдай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емсс, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасыңда қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық жәнс тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
- пән мұгалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
- сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі. құкығы мен міңдеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұңдай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуінс, сынып жәнс мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұгалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер мен веб сайттар тізімі Болдырев Н.И. “Класс жетекшісі”. Алматы, “Мектеп” 1980 ж.
Капралов Р. “Класс жетекшісінің жұмысы” Алматы, 1983 ж.
3. “Бастауыш кластардағы методика” Болдерев Петров. Алматы, 1980
4. А.Н.Ілиясова “Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі” Алматы, 1991 ж.
5. “Мектептегі тәрбие жұмысы” В.М.Коротов, 1978 ж.
6. https://emirsaba.org/saba-tairibi-sinip-jetekshisini-terbie-derisin-diagnostikalau.html?page=4
7. https://infourok.ru/material.html?mid=104823