«Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасы 1-сынып «Әдебиет» пәні бойынша



Дата14.10.2023
өлшемі279,71 Kb.
#114670
Байланысты:
BLGWVJTMTRIX10032023113916


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» факультеті
«Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасы

1-сынып «Әдебиет» пәні бойынша
Қысқа мерзімді жоспар

Орындаған:Жұмаділ Нұрай


Тобы:ППМ-011
Қабылдаған: Сахыш Сахытжан

Түркістан 2022-2023





Бөлім:

Салт- дәстүрлер және ауыз әдебиеті

Педагогтің аты-жөні

Жұмаділ Нұрай Нұрланқызы

Күні:

03.03.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:24

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Ертегі айтамыз



Оқу
бағдарлама-
сына сәйкес
оқу мақсат-
тары

0.1.1.1. Шағын ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру


Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен
ұнамайды)
0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру
0.2.4.1. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру.

























Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Ертегінің мазмұнын тыңдайды, сұрақтарға жауап бере алады.
Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.
Көптеген оқушылар:
Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.
Кейбір оқушылар:
Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстырады.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басы
2минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру


Егер саған ұнаса саусақпен тарсылдат,
Егер саған ұнаса шапалақпен жараса.
Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,
Егер саған ұнаса айтайықшы «Тамаша».



Мұғалім іс-әрекетін қайталайды, хормен ән айтады.

1 балдық көңіл күй жетондары

Баяу әуен

Өткенді
пысықтау
10минут



Жұмбақтар қою

  1. Жүретұғын әрдайым

Жануар мұндай қайда бар?
Ішкен суын әрдайым
Ақ сүт етіп қайтарар.
(Сиыр)

  1. Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)

  1. Ойлан, балам, ол жануар,

Жеті қазынаның бірі болар.
(Ит)

  1. Өзінше ноян

Қорқақ кім.
(Қоян)

  1. Жер бетінде жатқан арқан

Ұстауға оны бәрі қорыққан.
(Жылан)

  1. Өзінше бір қу

Жүрген жері шу.
(Түлкі)

  1. Үй iшiн аралап,
    Түнде көп жортады.
    Қаптарды жарып,
    Мысықтан қорқады.

(Тышқан)

Интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап береді.






Интерактивті тақта































Жакңа сабақ

5 минут


Халық ауыз әдебиеті ұғымымен таныстыру

1.Ертегінің түрлері



  1. Қиял – ғажайып ертегілер

  2. Тұрмыс-салт ертегілер

  3. Жан-жануарлар туралы ертегілер

2. Дәптермен жұмыс
Ертегінің түрлерін дәптерге жазып алу.

Дәптермен жұмыс орындайды.



1балдық көңіл күй жетондары



Оқулық 50 бет
Видеоролик
Оқулық





Сергіту сәті
3 мин



«Қуыр,қуыр қуырмаш» әдісі

Мұғалімнің көрсеткен іс-әрекетін қайталайды.Ән арасынан жануарлары айтады.








Көңілді әуен
https://youtu.be/CQt2QNrRSBk

































Сабақтың ортасы
10 мин

5 минут

Ертегі туралы ақпарат беру
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.


Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
Жыл басына таласқан жануарлар.

Мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап береді.




Видеоролик
Ертегі





5 минут


Сабақтың соңы
5 мин



Ертегіні оқу.Сөздік жұмыс.
Ертегідегі жусан,жабағы,өркеш,бақташы сөздеріне түсінік береді.
Жусан –дәмі ащы,көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.
Өркеш –түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.
Жабағы деп жылқының бір түрін айтады.
Бақташы деп мал бағатын адамдарды айтамыз.


Әңгімелесу әдісі
Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар.
– Жануарлар жылдың басы болуға неге таласты?
– Жылқы не айтты?
– Түйе не деді?
– Сиыр несімен мақтанды?
– Қой өзінің қандай пайдасы бар екенін айтты?
– Ит не деді?
– Тауық өзін қалай айтып жеткізді?
– Тышқан қандай қулық жасады?
– Түйе неге сенді?
– Жылды бірінші болып не көрді?


Сиқиырлы таяқ әдісі
Оқушыларды «сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.

«Мен Бауырсақпын, бір-біріңді құрметтепжұртқа үрулеріңе тілектеспін...

Мен Ханшайыммын, сендерге қайырымды, сыпайы болуды

тілеймін...»

Экраннан ертегі көрсету.
Жақсылық пен жамандық.


Рефлексия
«Бес бармақ әдісі»

  • Сабақ маған ұнады

  • Сабақ орташа деңгейде өтті

  • Сабақ маған ұнамады

Үй жұмысы
Ертегіні рөлге беріліп оқып келу.
Сүйікті ертегіні баяндап беру.

Сөз тіркестерін оқиды. Сұрақтарға жауап іздейді


Балалар ұнатқан ертегі кейіпкерін айтады.

Бармақтарымен белгі көрсетеді


1балдық көңіл күй жетондары

1балдық көңіл күй жетондары



Оқулық 51 бет
Сиқырлы таяқша.

https://youtu.be/7_OZ7puz-N8

























Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет