Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата10.04.2023
өлшемі26,22 Kb.
#80982
Байланысты:
Каз тар сурактар


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Тарих кафедрасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



  1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз

  2. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз

  3. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті туралы сипаттап жазыңыз

  4. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті туралы баяндаңыз

  5. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы туралы баяндаңыз

  6. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы туралы жазыңыз

  7. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлін сипаттаңыз

  8. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы туралы жазыңыз

  9. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары туралы жазыңыз

  10. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы туралы баяндаңыз

  11. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясатын анықтаңыз

  12. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызын көрсетіңіз

  13. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамындағы жағдайды анықтаңыз

  14. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы туралы баяндаңыз

  15. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілерінің одағы Әмір Темір мемлекеттерінің экспансиясына қарсы күресі туралы сипаттап жазыңыз

  16. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғаларын көрсетіңіз

  17. XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы туралы жазыңыз

  18. XVІІ- XVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастары жағдайын сипаттаңыз

  19. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуын талқылаңыз

  20. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруін түсіндіріңіз

  21. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты: идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістерді талдаңыз

  22. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасының шынайы себептерін тұжырымдаңыз

  23. ҚР жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдерін талдаңыз

  24. Геосаяси және геоэкономикалық факторлардың ҚР сыртқы саясатының негізгі принциптерінің қалыптасуына ықпалын тұжырымдаңыз

  25. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуін көрсетіңіз

  26. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз

  27. Қазақстандағы 1921-1922 ж.ж. аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресін тұжырымдаңыз 

  28. Қазақ жерлерінің Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына біріктірілуін талдаңыз

  29. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз

  30. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптарын көрсетіңіз

  31. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері туралы баяндаңыз

  32. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағын атаңыз

  33. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызын атап өтіңіз

  34. Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасының аумағы және этникалық тарихы туралы баяндаңыз

  35. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз

  36. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде баяндаңыз

  37. Түргеш мемлекетінің құрылуы және нығаюы туралы жазыңыз

  38. 1930-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуалы туралы баяндаңыз.

  39. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі туралы жазыңыз

  40. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер туралы жазыңыз

  41. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз

  42. Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз

  43. ХІХ ғ. 20-ші ж.ж. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістерді көрсетіңіз

  44. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз

  45. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдерін сипаттап жазыңыз

  46. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз

  47. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз

  48. 1920-1930 ж.ж білім, ғылым, мәдениет дамуын талдаңыз

  49. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясын анықтаңыз

  50. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсерін талдаңыз

  51. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз

  52. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз

  53. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз

  54. «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызын көрсетіңіз

  55. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістерді талдаңыз

  56. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз

  57. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз

  58. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарларын көрсетіңіз

  59. «Түркістан» легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы әрекетін талдаңыз

  60. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз

  61. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз

  62. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихының негізі кезеңдерін көрсетіңіз

  63. Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар туралы баяндаңыз

  64. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері туралы жазыңыз

  65. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз

  66. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орнын көрсетіңіз

  67. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі туралы жазыңыз

  68. Тәуекел хан, оның саясаты туралы баяндаңыз

  69. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін сипаттап жазыңыз

  70. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы сипаттап жазыңыз

  71. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары туралы сипаттап көрсетіңіз

  72. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы себептерін көрсетіңіз

  73. Қазақ хандығының Хақназар хан тұсында жағдайын көрсетіңіз

  74. Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасын талқылаңыз

  75. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлерін анықтаңыз

  76. Сырым Датұлы бастаған, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалыстарын талқылаңыз

  77. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептерін талдаңыз

  78. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмірді талқылаңыз

  79. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін көрсетіңіз

  80. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз

  81. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз

  82. Тәуелсіз Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттарына баға беріңіз

  83. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді талдаңыз

  84. ҚР білім және ғылым жүйелеріндегі реформаларына баға беріңіз

  85. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттарын тұжырымдаңыз

  86. 1950-ші жылдары ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шараларына баға беріңіз

  87. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы тұжырымдаңыз

  88. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындыларын (1999 ж., 2009 ж., 2021 ж.). тұжырымдаңыз

  89. Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелеріне баға беріңіз

  90. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісімді талдап қорытыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет