Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы
ПМНО 19-5
Саттарқұл Аружан
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Әлеуметтік педагогика» терминін алғаш XIX ғасырда неміс ағартушысы Адольф Дистервег ұсынған болатын. Дегенмен әлеуметтік педагогика ұғымы қазіргі күнгі толыққанды мағынасында XX ғасырдың ортасында ғана қолданысқа енді.
XIX ғасырдың екінші жартысында педагогикаға және қоғамдық тәрбиеге деген сұраныс күшейе түсті. Біріншіден, оған жастарға қоса ересектерді де тәрбиелеу мәселесі ене бастаған еді. Екіншіден, әлеуметтік жүйедегі нормаларға бағынбайтын барлық жас ерекшелігіне қарамай өкілдерді бейімдеу мен қайта тәрбиелеу қажеттігі туды.
Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ортаның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы.
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУ МӘСЛЕЛЕРІН, ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ВИКТИМИОЛОГИЯ, ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРДЕЛЕЙДІ.
Әлеуметтік педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды қояды:
- таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімдерді меңгеру;
- әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;
- баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;
- баланың ізгілікті сенімдерін ояту, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
- тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылу, тура шешім табуға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету;
- қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру «құрбандығы», шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.
Баланы адамгершілікке, ізгілікке, қомқор болуға үйрету жеке өз мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін дамытуына ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, көмекке мұқтаж адамдарға көңіл бөлу, олардың мәселелерін шешуге қол ұшын созып, ізгілікті қарым қатынас орната білу қазіргі өтпелі заманда аса қажет.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда әлеуметтік педагогиканың атқаратын іс-әрекетінің өзіндік орны бар.
Енді соларға назар аударалық:
- қалпына келтіру және тәрбиелеуді жүзеге асыру;
- әлеуметтік құқықтық мәлімет пен білім беру;
- әлеуметтік қатарға қосу (реабилитациялау).
Тәрбиелеу қызметі баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатысу
Әлеуметтік құқықтық қызметі балаға мемлекеттік туа біткен не болмаса тосын жағдайлардан мүгедек болып қалған немесе созылмалы ауруларға ұшыраған, ақыл есі кем, дамымай қалған кемтар балаларға көмек беру, күтпеген жағдайлардан шығып кетуге жәрдемдесу болып табылады.
Балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортаның ерекшеліктерін зерттеу, талдау, бұрынғы өмір тәжірибелерін, танып-білу, ұлттық мұра, отбасы салт-дәстүрлеріне мән беру іс шараларын ұйымдастыру — әлеуметтік педагогтың ең басты міндеті. Баланы білмей, ұғынып түсінбей тұрып, оған көмектесу қателіктерге ұрындырады.
Әлеуметтік педагогиканың зерттеу ұстанымдары. Ұстаным дегеніміз — педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.
Әлеуметтік педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:
1) жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
2) қоршаған ортаның мәдениетін, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;
3) ізеттілік қарым қатынас орнату, ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670) болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.
Француз философы Жан-Жак Руссо (1712-1778) өзінің әйгілі «Еркін тәрбие» теориясында: «Баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей, болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек», - деген. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиелеушілер мынадай ережелерді есте сақтайды.
- баланың жас ерекшеліктерін ескеру;
- баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
- баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру. Өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.
РЕСЕЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ 20-ЖЫЛДАРЫНДА ҒАНА МЕКТЕПТІҢ ӨМІРМЕН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАМЕН БАЙЛАНЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТҮРІНДЕ ДАМИ БАСТАДЫ.
С.Т. Шацкийдің (1887-1937ж.): «Бала дамуының негізгі тірегі қалыптасқан әлеуметтік жүріс-тұрыс нормалары, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, бала өмір сүрген орта және оқу тәрбие процесінің әсері», — деген сөзі қазір де өзектілігін жойған жоқ.
Бұл идея С.Т. Шацкий және өзге ғалымдардың еңбегінде теориялық негіздемеге және практикалық қолданысқа ие бола бастады. XIX ғасырдың 50-60-жылдары әлеуметтік педагогика Германиядағы неміс ғалымдарының ықпалымен теориялық тұрғыдан зерттеле бастады.
Орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824-1870) баланы білімді, мәдениетті адам етіп тәрбиелеу үшін оны жазуға, оқуға, есептеуге және ана тілінде оқып сөйлеуге, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өсуіне жетелеу керек екендігін «Родное слово» деген оқу кітабында жан-жақты қарастырған.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |