Әлеуметтік педагогтарының құжаттары



Дата16.05.2023
өлшемі19,32 Kb.
#93815

Әлеуметтік педагогтарының құжаттары
Әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны – балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар, яғни бүкіл отбасы.
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет:
1.Диагностикалық қызметі.
2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау.
3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.
4.Ерекше назардағы оқушылармен жұмыс.
5.Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру.
6. Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны, ҚР бала құқығын қорғау туралы заңын, Отбасы туралы заңын, ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет.
Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі:
Бала құқығы туралы Конвенция, ҚР бала құқығын қорғау туралы Заңы.
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері.
Әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарларыоқушылар тізімі.
Мектепішілік бақылауда тұратын отбасылар мен балалар тізімі.
Қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы, бір ата-анасымен, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, қолайсыз отбасы балалары, мүгедек балалар тізімі.
Патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары.
Ата-аналар үшін жадынама, әдістемелік нұсқаулар.
Баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
Қала мен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін щешу жодарына көмектесетін анықтамалық ақпарат.
Кіріс және шығыс құжаттары.
Атқарылған жұмыстардың есебі.
Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны:
1.Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
1)Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.
2)Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
3)Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету;
Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;
Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау;
Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізу;
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу;
Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсету;
Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсету;
Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу;
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтау;
Патрионат бойынша тұрғын үй ,зейнетақы беру,жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізу;
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасау;
Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер тобына жататын балаларды анықтайды.
Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.
Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.
Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді
Әлеуметтік педагогтың құқығы:
Баланың педагогикалық медициналық құжаттарын қарауға;
Сабақтарға қатысып отыруға;
Баланың денсаулығы мен құқығын қорғау бойынша мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың алдында көкейтесті мәселелерді қоюға;
Медициналық- әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына;
Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдай) қоюға;
Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға құқылы.
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері:
1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу;
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алу және жұмысты жоспарлау;
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет