5 дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының білім беру үдерісінің субъектісі ретіндегі кәсіби - тұлғалық құзыреттіліктері
1. Педагог – шығармашыл, өзін - өзі дамытушы тұлға. 2. ЖМ оқытушысының кәсіптік коммуникативтік құзыреттіліктері 3. Жоғaры мектеп оқытушысының кәсіби тұлғалық мaңызды қaсиеттері
Жоспар:
Қазіргі заманғы оқытушылар информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы емес, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, креативті, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін интерактивті жаңашыл кәсіби маман және рухани – адамгершілік қасиеттерге бай, ізгілікті тұлға болуы керек
ХХІ ғасыр оқытушысы қандай болуы керек?
Рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол - жоғары білімді кәсіби маманды даярлап, жан-жақты дамытуға жауапты тұлға. Оқытушының кəсіби білігін шыңдау құзыреттілігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады.
Жоғары мектеп оқытушысы
Біріншіден, оқытушының өмірге өзіндік көзқарасы, оның идеялық сенімінің болуы; Екіншіден, пəнді жетік білуі, өз ойын жеткізу үшін жан жақты, дәріске терең дайындықпен баруы, студенттер бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, этикалық моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс- тəсілдерін ұтымды қолдана алуы .
Оқытушының кəсіби шеберлігінің негізі:
Қазақ елінің жəне өз оқу орнының елжанды патриоты; өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын, адамгершілік деңгейі жоғары ізгілікті тұлға; жоғары оқу орындарында моральдық ахуалды жасап, командалық, серіктестік рухты қолдаушы; салауатты өмір салтын ұстанушы.
XXI ғасыр жоғары мектеп оқытушысының азаматтық тұлғасы