Әлеуметтік пәндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.01.2017
өлшемі411,8 Kb.
#1088
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» 

Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

ААТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_______________2016г.  

 

 

 

Пәндік Syllabus  

КKZТ 1101 – Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы 

 

 

 



Мамандықтар:  

5В070200 – Автоматтандыру және басқару 

5В070300 – Ақпараттық жүйелер  

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық  қамтамасыз ету 

5В071700 – Жылу энергетикасы 

5В071800 – Электр энергетикасы 

5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация  

5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 

5В081200 – Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету  

5В060200 – Ақпараттану 

5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар  

5В071600 – Аспап жасау   

5В100200 – Ақпаратты қорғау жүйелері    

 

 



Курс  

Семестр  



1/2 

Кредит саны  

ECTS кредит саны  



Жалпы сағат көлемі  

135 

Дәріс  


30 

Машықтану (семинар)  

15 

ОӨЖ  


90 

оның ішінде СОӨЖ  

30 

Семестрлік жұмыс 



Мем. емтихан  

 

 

 



 

 

Алматы 2016 



Syllabus  құрастырған:  доцент  т.ғ.к.,  Байдильдина  С.Х.,  Кабдушев  Б.Ж.,  аға  оқытушы 

Жұмағұлов М.Д. доцент т.ғ.к. Раджапов А.Ө., жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.  

Syllabus  әлеуметтік  пәндер  кафедрасының  мәжілісінде  10  маусым  2016ж.  №10 

хаттамасында мақұлданды.  

 

 

Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т. 



 

 

Syllabus  Аэроғарыштық  және  ақпараттық  технологиялар  факультеті  оқу-әдістемелік 



комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітілген («28» маусым 2016ж., № 6 хаттама).    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1 Оқытушылар: 

Джагфаров Ниспек Рахимжанович – т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, 

sd@aipet.kz

 

Берлібаев Бақдаулет Тұрбекұлы – т.ғ.д., АЭжБУ профессоры, А314 каб. 



Байланыс тел.:  8(727)292-57-50, bbt_kaznpu@mail.ru 

Кабдушев Болат Жоламанұлы- т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб. 

Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50, Bolat_6464@mail.ru 

Утегалиева Алмажан Джусуповна  – т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.  

Контакты: 8(727)292-57-50, 

almazhan@gmail.com

 

Байдильдина Сауле Хайрулловна – к.и.н., доцент АУЭС, А314 каб.  



Контакты: 8(727)292-57-50, saulehair@mail.ru 

Раджапов Анарбай Өскенбайұлы - т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50 

Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы –  АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.  

Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50, mar-jum67@mail.ru 

 

2  Аудиториялық  сабақтардың  жүргізілу  уақыты  және  орны  сабақ  кестінде 

көрсетілген  СОӨЖ  консультация  кестесі  Аэроғарыштық  және  ақпараттық  технологиялар 

факультетінің  деканаты  (Г.Д.  409)  және  ӘП  кафедрасының  (А-314)  ақпарат  тақталарында 

көрсетілген.  

 

3 Оқу пәнінің сипаттамасы  

 

3.1 Пәннің мақсаты – Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің дәрісі мен семинар 

сабағының қатаң ғылыми деңгейін қалыптастыруды, өзара байланыстығы мен жалғастығын 

жеңіл игеру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Тарихи білімнің жүйелілігін, өзара байланыстығын 

және  құндылығын  қамтамасыз  ету.  Студенттердің  азаматтық,  отан  сүйгіштік  қасиеттерін 

қалыптастыру  және  дамытуда  қазақстандық  патриотизмді  оятып,  тәрбиелеуде  тарихтың 

ролін  күшейту.  Студенттерді  тарихи  деректермен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға,  зерделеу 

негізін меңгеріп, дұрыс қорытынды шығаруға үйрету. 

3.2 Пәннің мәселесі – ХХ ғасырдың басынан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы 

курсының  міндеті  обьективті  әрі  нақты  тарихи  материалдар  негізінде  Қазақстан 

Республикасының  территориясында  мемлекеттің  қалыптасуы  мен  дамуын  ашып  көрсету. 

Мұндай жағдайда қоғамдық-экономикалық құбылыстардың өткені мен бүгінгісін зерделеуде 

обьективтілік, ғылыми, тарихилық принциптерге сүйену қажет. 

3.3 Пәнді сипаттау  

«Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы»  курсы  Алматы  энергетика  және  байланыс 

университетінің  күндізгі  және  сырттай  оқу  бөліміндегі  барлық  мамандықтар  бойынша 

бірінші  курста  оқытылады.  Көлемі  3  кредит,135  сағат,  оның  ішінде,  дәріс-30  сағат, 

машықтану-15 сағат, СӨЖ -60, СОӨЖ-30 сағат. 

Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  бұл  -  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз 

мемлекетінің  аумағында  тұрып  жатқан  қазақ  және  өзге  де  этностардың  ұжымдық  жады. 

Қазақстан  тарихы  түркі  әлемі,  Шығыс  елдері,  Еуразия  тарихының  ауқымында  қарастыруға 

болатын  дүниежүзі  тарихының  бөлінбес  бөлшегі  ретінде  саналады.  Отан  тарихы–тарихи 

кеңістік  пен  уақыт  аралығындағы  ежелгі  дүниеден  қазіргі  күндерге  дейінгі  елдің  дамуы 

заңдылықтарын  айқындайтын  маңызды  оқиғалардың,  құбылыстардың,  үрдістердің,  саяси, 

этникалық, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени аспектілерін зерттейтін ғылым. 

Қоғамның дамуы мен демократиялануы тұсында егеменді мемлекеттің алдында тұрған 

басты  мақсаттардың  бірі  ұлттық  тарихының  жаңғыруы  болып  табылады.  Азаматтық 

ұстанымсыз,  тарих  сабақтарынан  терең  тағылым  алмайынша,  ол  құндылықтарды  келер 

ұрпақтың қабылдауынсыз шынайы егеменділіктің орнығуы мүмкін емес. 



Тарих  ғылымы  саласындағы  жаңаша  пайымдаудың  қалыптасуы  жағдайында  білім 

мазмұнын  түбегейлі  өзгерту,  оқытушыларлардың  дүние  жүзіндегі  қазіргі  заманға  сай 

тұлғалық-плюралистік  бағыттағы      концепциялық-мазмұнды  ұстанымын  жасап  және 

игеруіне итермелеп отыр.  

Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  сабағын  оқып-үйрету  барысында  Отандық 

тарихымыздың дамуының аса ірі әрі  күрделі  бағыттарын  көршілес елдердің халықтарының 

тарихы  мен  мәдениетімен  ғылымның  жетістіктері  және  қазіргі  замандағы  қалыптасқан 

жаһандану мәселелерімен тығыз байланыста қараған жөн.  

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы аяқталғаннан соң студент 

ұғымы болуы қажет: 

тарихи қоғамның ұстанымы және заңдылықтарының дамуын; 

-  қоғам  тарихи  кездерінің  дамуын,  Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының  тарихи 

кезендерін; 

- тарих көздері, оның тарихи танымның анық-қанығының дәрежесіндегі рөлі 

-  Дүниежүзілік  және  Еуразияның  тарихында  Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының 

орны.


 

білу:  

-

 



қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін оқып 

игереді 


-

 

қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  курсы  нақты  деректік  материалдар  негізінде 



меңгеріледі.  

қолынан келетіні: 

-

 



берілген  мерзім  ішінде  міндетті  түрде  өз  бетінше  ізденіп  дайындаған  3  семестрлік 

жұмыс жазады 

-

 

жан-жақты, бай ақпараттарды сүзгіден өткізіп зерттеу тәжірибесін игеру  



-

 

қазақстан  тарихы  курсының  негізгі  мазмұнын  оқытушының  басшылығымен  оқып-



игеру 

-

 



қойылған  сұрақтарға  ретімен  жауап  беріп,  орындаған  семестрлік  жұмыстарын 

қорғау және пікір білдіруді де білу керек 

-

 

қазіргі кездегі тарихи деректемелерге жан-жақты сыни сараптама жасау  



3.4  Пәннің  қайта  деректемелері:  Мектеп  бағдарламасының  деңгейінде  тарих, 

география, жалпыгуманитарлық қажетті білімі болу керек 



3.5.      Пәннің кейінгі деректемелері:  Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негіздері. 

 

4. Пәннің құрылымы және мазмұны 

 

4.1 Теориялық дайындық (30 сағ.) 

Тақырып 


Тақырып (модулдер, бөлімдер) 

Дерек көзі 

1.

 

 



«Қазақстан тарихына кіріспе» 2 сағат 

Дәріс, 


1,4,7,8,13,14 

2.

 



Кеңестік 

Қазақстанның 

тарихи 


бастаулары: 

қазақтандыру 

қиыншылықтары  

Дәріс, 


1,4,7,8,11,13 

3.

 



Кеңестік 

тоталитарлық 

Қазақстанның  қалыптасуы: 

сипаты, 

шаралары, сабақтары 2 сағат 

Дәріс, 

1,4,7,8,11,13 



4.

 

 



Фашистік  басқыншылыққа  қарсы  күрестегі    қазақстандықтардың 

ерлігі мен қасіреті 2 сағат 

Дәріс, 

1,4,7,8,11,13 



5.

 



Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық» 2 сағат 

Дәріс, 


1,4,7,8,13,14 

6.

 



 

Қазақстандағы  рухани,  шаруашылықтық  «тоқыраулар»  және 

экологиялық дағдарыстар 2 сағат 

Дәріс, 


1,4,7,8,13,14 

7.

 



 

Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері  2 сағат 

Дәріс, 

1,4,7,8,13,14 



8.

 

 



Қазақстан мемлекеттінің қалыптасуы  2  сағат 

Дәріс, 


1,2,4,7,8, 

9.

 



Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі 2 сағат 

Дәріс,  

1,2, 4,7,8 

10.

 

 



Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер 2 сағат 

Дәріс, 


1,4,5,7,8,10,12 

11.


 

Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық  келісімнің нығаюы 3 



сағат 

Дәріс, 


1,4,5,7,8,10,12 

12.


 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің нығаюы 3 сағат 



Дәріс, 

1,4,5,7,8,10,12 

Ескерту:  белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді, 

 қалғандары СӨЖ көлемінде оқиды. 

 

Кіріспе 

 

Қазақстан  тарихы  пәні,  мақсаты  мен  міндеттері.  Қазақстан  тарихы  пәнінің  жас 

ұрпақтың  тарихи  санасын  қалыптастырудағы  маңызы  мен  орны.  Қазақстан  патриотизмін 

қалыптастыру  –  Қазақстан  тарихының  басты  міндеттерінің  бірі.  Тарихты  объективті  оқып-

үйрену және оны түсіндіру – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды міндеттері. 

Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлудің негіздері. Қазақстан тарихын оқып-үйренудегі 

формациялық және өркениеттік ұстанымдар. 

Қазақстан  тарихы  бойынша  деректер,  олардың  түрлері  мен  ерекшеліктері.  Заттай, 

этнографиялық, лингвистикалық, ауызша, жазбаша деректер.  Электронды ресурстар қазіргі 

заманның  дерек  көзі  ретінде  және  оның  ерекшеліктері.  Мемлекеттік  «Мәдени  мұра» 

бағдарламасының отан тарихын оқып-үйренуде дерек көздерін жетілдірудегі рөлі.   

Қазақстан  тарихының  тарихнамасы.  Қысқаша  шолу:  революцияға  дейінгі  тарихнама, 

кеңестік  кезең  тарихнамасы  және  Егемен  Қазақстан  Республикасы  кезеңдерінің 

тарихнамасы. 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Блок  1  ҚАЗАҚСТАН   ТӘУЕЛСІЗДІККЕ  БАРАР  ЖОЛДА:      ДАМУ  ФАЗАЛАРЫ 

МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ.  

 

1-тақырып.  Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық  жағдай  –тәуелсіздік  үшін 

күрестің алғышарттары  

Ішкі  Ресейден  орыс  және  басқа  еуропалық  тұрғындарды  қазақ  жеріне  қоныстандыру 

ісінің  қарқын  алуы,  экспедициялық  зерттеу  жұмыстарының  жүргізілуі,  қоныстандыру 

мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау. 

  Қазақ  қоғамының  дәстүрлі  шаруашылығындағы  өзгерістер.  Әкімшілік  орындарының 

қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары, осы мақсатта қолданған 

әдістері. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі. 

  Қазақ  жерінде  өнеркәсіп  ошақтарының  қалыптасу  ерекшеліктері  және  оның  отарлық 

сипаты.  Ұсақ  өнеркәсіп.  Транспорт.  Сауда.  Банкі  жүйесі.  Еуропалық  капиталдың  енуі. 

Өнеркәсіп  орындарындағы  жұмысшылардың  әлеуметтік  жағдайы.  Қазақ  жұмысшыларын 

кемсіту және қанау ұстанымы 

 

2 - тақырып. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар  

 

Қазақ  халқының  ұлттық  қозғалысының  бастаулары.  Ұлттық  қозғалыс  түрлерін 

сипаттау.  Қазақ  зиялыларының  қалыптасуы:  әлеуметтік  құрамы,  білімі,  қызметі.  Жәдидтік 


ағартушылық  ойларының  Ұлы  Дала  еліне  ықпалы.  Ресей  империясының  түрік-мұсылман 

халықтарының  интеллектуалды  элиталарының  өзара  ықпалдасуы.  Мұсылмандардың 

қайырымдылық  қоғамдары  және  олардың  қызметі.    1905  жылғы  17  қазандағы  патша 

манифесі.  Қоғамда  орталық  биліктің  атына  арыз-тілектердің  жазылуы.  Қарқаралы 

петициясы.  Орал  және  Торғай  облыстарынан  дін  және  жерге  байланысты  жазылған  арыз-

тілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты.  

Қазақтардың  Ресейдің  І  –  ІІ  Мемлекеттік  Думаларының  жұмысына  қатысуы.  Думада 

қазақ  жері  туралы  мәселенің  қойылуы  Б.Қаратаев,  Т.И.Седельников  және  басқа 

депутаттардың  қызметі.  Ә.Бөкейхановтың  Мемлекеттік  дума  қызметіне  арналған 

мақалалары.    Аграрлық  мәселе  және  қазақ  депутаттары  А.Бірімжанов  пен  Б.Қаратаевтың 

сөздері.  Қазақ  саяси  элитасының  (Ә.Н.Бөкейханов,  М.Дулатов,  А.Байтұрсынов, 

Х.Досмұхамедов,  Ш.Құдайбердіұлы,  М.Тынышбаев  және  т.б.)  қазақ  халқының  тарихы  мен 

мәдениетін  зерттеу  әрекеттері.  Ұлттық  зиялылар:  қалыптасуы,  құрамы,  қоғамдық  қызметі. 

Ғасыр  басындағы  қазақ  ағартушылығы:  ерекшеліктері,  мақсаты,  жеке  тұлғалары. 

А.Байтұрсынұлының «Әліппе» (Оқу құралы) (1912). Қазақ кітаптары және оларда көтерілген 

қоғамдық  мәселелер.  А.Байтұрсынұлының  «Маса»,  М.Дулатұлының  «Оян,  қазақ!» 

Ш.Құдайбердіұлының,  М.Ж.  Көпейұлының,  Ғ.Қараштың,  Ә.Кердерінің  және  басқа  қазақ 

жазушыларының  кітаптары.  Қазақ  әдеби  және  ғылыми  тілінің  қалыптасуы.  «Айқап» 

журналы  (ред.  М.Сералин),  «Қазақ»  газеті  (ред.  А.Байтұрсынұлы).  Ұлт-азаттық  қозғалыс 

идеологиясының  қалыптасуы.  Қазақ  ұлтшылдығы:  ерекшеліктері,  мақсаты,  қорғаныстық 

сипаты.   

Ресейлік  түркіліктің  доктринасы:  қазақ  ұлттық  қозғалысының  қалыптасуына  әсері. 

Қазақ зиялыларының  дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 

3  маусым  заңы  бойынша  қазақтан  депутат  сайлау  құқының  жойылуы.  Қазақ  саяси  тобы  

өкілдерінің  жалпыресейлік  мұсылман  съездеріне  (С.-  Петербург,  Н.-  Новгород)  қатынасуы. 

Империяның  түрік-мұсылман  халықтарының  консолидациясындағы  «Иттифак-эль-

муслиминнің»  (Мұсылмандар  одағы)  рөлі.      Ұлт-азаттық  қозғалыс  басшыларын  қудалау. 

Жандарымдық – полицейлік тәртіптің күшеюі. 

   Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы  Қазақ  өлкесі.  Қазақстандағы  соғыс 

тұтқындары.  Қазақстан  аумағындағы  халық  бұқарасы  жағдайының  нашарлауы. 

Жалпыұлттық 

дағдарыстың 

пісіп-жетілуі. 

«Тыл 


жұмыстарына 

бұратаналарды 

реквизициялау»  туралы  1916  ж.  25  маусымдағы  жарлық,  оның  халыққа  қарсы  мәні.  1916 

жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  оның  себептері,  қозғаушы  күштері,  басталуы,  барысы  және 

негізгі  кезеңдері.  Қозғалыстың  көшбасшылары:  А.Иманов,  Т.Бокин,  Б.Әшекеев,  Ә. 

Жанбосынов,  Ұ.  Саурықов  және  басқалар.  Қарқара  көтерілісі  («Албан  көтерілісі»)  -  1916 

жылғы  Қазақстандағы  ұлт  -  азаттық  көтерілісінің  Жетісу  облысындағы  орталығы.  Орыс 

әскерінің  жазалау  әрекеттері.  Көтерілістің  жеңілу  себептері  және  тарихи  маңызы.  Патша 

өкіметінің  жазалау  шараларының  салдары.  Қазақтардың  Қытайға  (Құлжа  өлкесі,  Қашқар), 

Ауғанстанға  жаппай  иммиграциясының  алғашқы  толқыны.  1916  жылғы  көтеріліске  қазақ 

зиялыларының  көзқарасы.  Тылдағы  қара  жұмысқа  алынған  қазақ  жастарының  жағдайы. 

Ә.Бөкейхановтың  шақыруымен  тыл  жұмысындағы  жастармен  жұмыс  істеуге  ұлт 

зиялыларының  өз  еркімен  аттаныуы.  Бұл  азаматтық  актінің  салдары  және  тарихи  маңызы. 

Тәуелсіз    Қазақстан  тарихнамасында  1916  ж.  көтерілісті  бағалауға  жаңаша  көзқарастың 

қалыптасуы.  

Ресейдегі  ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы  және  оның  Қазақстанға 

ықпалының  ерекшелігі.  Саяси  партиялар:  большевиктер,  кадеттер,  эсерлер,  «Алаш»,  «Үш 

жүз»,  «Шуро-и-ислам»,  «Шуро-и-иулемия»  және  т.б.  Қазақстандағы  саяси  биліктегі 

өзгерістер.  Уақытша  өкіметтің  жергілікті  басқару  органдарының  құрылуы.  Революциялық 

өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері.  Қазақ саяси басқарушы 

тобының  Қазақ  комитеттерін  құруға  байланысты  шақырулары.  Қазақ  комитеттерінің 

құрылуы ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекетінің көрінісі. Облыстарда өткізілген қазақ 

съездері және оларда қаралған мәселелер.  

Ұлттық  саяси  топ  өкілдерінің  Уақытша 



өкімет  органдары  құрамындағы  қызметі.    1917  жылдың  жазындағы  саяси  дағдарыс. 

Шілдедегі  Жалпықазақ  съезі  және  оның  Алаш  партиясын  құру  туралы  шешімі.  Партияның 

бағдарламасы.  Жалпыресейлік  Құрылтай  Жиналысына  депутаттар  сайлау,  Алаш 

партиясының жеңісі.  

   Жаңа  заман  дәуіріндегі  ұлттық  идея,  ұлттық  мемлекеттіктің

 

қалыптасу  эволюциясы. 



ЮНЕСКО  шешімімен  Алаш  қозғалысының  көшбасшысы  Ә.Н.Бөкейхановтың  150  жылдық 

мерейтойының атап өтілуі. 



 

3-тақырып. 

Кеңестік  Қазақстанның  тарихи  бастаулары:  қазақтандыру 

қиыншылықтары 

 

Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке 

келуі.  Бұл  оқиғаға  байланысты  Ә.Бөкейхановтың  өз  ұстанымын  білдіркі.  Желтоқсандағы 

жалпықазақ  съезі.  Ә.Бөкейхановтың  төрағалығымен  Алашорда  (Халық  кеңесі)  үкіметінің 

құрылуы.  Алаш  автономиясын  жариялауға  даярлық.  Қоқан  қаласында  Түркістан 

автономиясы  (Қоқан  Автономиясы)  үкіметінің  құрылуы.  М.Шоқайдың  естеліктері. 

Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының құрылуының тарихи маңызы. 

Советтік  биліктің  орнауы.  Ресей  халықтарының  құқы  Декларациясы  (15  қараша  1917  ж.) 

жариялануы.  Алашорда  және  Қоқан  автономиясы  билік  орындарының  таратылуы.  Кеңес 

өкіметінің  Қазақ комитеттерін «ұлттық-буржуазиялық» биліктің көрінісі ретінде тануы.  

Азаматтық  қарсыласу  жылдарындағы  Қазақстан.  Қазан  төңкерісі  және  Қазақстанның 

саяси өмірі. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары. Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері.  

Қазақ  елі  «ақтар»  мен  «қызылдардың»    текетірес  күрестерінің    сахнасы.  Алашорда 

үкіметінің  қазақ  әскери  жасақтарының  іс-қимылдары.  Қазақ  халқын  таптық

 

тұрғыдан  екіге 



бөлу.  Соғыс  қимылдарының  бүкіл  қазақ  өлкесін  қамтуы.  Азамат  соғысының  қазақтың 

дәстүрлі  шаруашылығын  күйзелтуі.    «Әскери  коммунизм»  саясатының      қазақ  өлкесіндегі 

арандату  әрекеттері.  Қырғыз  (Қазақ)  революциялық  комитетінің  ұлттық  мемлекет  құру 

идеясын  күйретуі.  Алашорда  үкіметіне  «кешірім»  жариялануы.  А.  Байтұрсынұлының 

В.И.Ленинге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылғын сын.  

 Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын  таптық негіздегі 

мемлекет  құру  идеясымен  ауыстыру.    Қырғыз  (Қазақ)  АКСР    -  нің  территориялық 

аймағының  «жоғарыдан»  белгіленуі. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман 

бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. 

Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А.З. Валидов.  

 Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.  

 

4-тақырып.  Кеңестік  тоталитарлық  Қазақстанның  қалыптасуы:  сипаты, 

шаралары, сабақтары 

   

Қазақстандағы  жаңа  экономикалық  саясат  (ЖЭС).  Оған  көшудің  әлеуметтік-

экономикалық  және  саяси  негіздері.  ЖЭС-тің  мазмұны  және  оны  жүзеге  асыру  

ерекшеліктері.  Қазақстандағы  аштыққа  қарсы  қазақ  зиялыларының  күресі.        Жер-су 

реформасының  мақсаты.  Оны  жүзеге  асырудағы  ауытқулар  мен  қателіктер.  Қазақ  өлкелік 

партия  комитетінің  «қазақ  ұлтшылдығына»  қарсы  күресі.  Түркістан  республикаларын 

ұлттық-мемлекеттік  межелеу  -  біртұтас  Түркістан  идеясының    біржақты  күйреуі.  Қазақ 

жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.  

Коммунистік  партияның  қоғамдағы  саяси  дара  билігінің  күшеюі.  Жаңа  көпұлтты 

империя - КСРО-ның құрылуы. Ф.И.Голощекиннің  «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі 

мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің  отарлық 

мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.  



Қазақстанды    индустрияландырудың  жолдары  мен  әдістеріне  байланысты  теориялық 

айтыстар.  Қазақ  қайраткерлерінің  индустрияландыруға  байланысты  пікірлері.  Қазақстанды 

индустрияландыру идеясының  отаршылдық мазмұны. 

Қазақтың  дәстүрлі  шаруашылығын  сталиндік  реформалау  негізінде    қайта  құрудағы 

асыра  сілтеулер.  Жайылымдық-шабындық  жерлерді  бөлу  және  оның  нәтижелері.  Қазақ 

ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау.  Бай қожалықтарын тәркілеу және 

оның  әлеуметтік-  экономикалық  салдарлары.  Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қазақ 

шаруалары  қожалықтарын  күшпен  отырықшылыққа  көшіру.  Ауыл  шаруашылығын  жаппай 

ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық 

принциптерінің  бұзылуы.  Адам  құқының  тапталуы.    Ауқатты  шаруалар  қожалығын  тап 

ретінде  жою.  Қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылық  жүйесінің  күйреуі.  Меншіктен  айыруға 

және  күштеп  ұжымдастыруға  қарсы  халық  наразылығы  мен  көтерілістер  –  ұлт-азаттық 

қозғалыстар  жалғасы.  Қазақтардың  шетелге  ауа  көшулері.  Қазақтардың  аштан  қырылуы. 

Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты 

–ащы  шындықтың  ақиқаты.    Аштықтың  демографиялық  салдарлары.  30-шы  жылдардың 

екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.  

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт 

мәселесіндегі  таптық-партиялық  принципті  ұстану  залалдары  және  оның  ұлыдержавалық 

астарлары.  Қазақ  мүддесін  қорғаушылар  -  С.Сәдуақасовтың,  С.Қожановтың  және 

Ж.Мыңбаевтың  ұстанымындағы  теориялық-саяси  мәселелер.    Ф.И.Голощекиннің  Алаш 

зиялыларына  ымырасыз  шабуылы.  Алаш  зиялыларына  қарсы  қуғын-сүргін  –  қазақ  ұлтын 

рухсыздандырудың  және мәңгүрттендірудің  бастауы. 

Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру  – тоталитарлық  басқаруға барар 

қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары  – сөз бен істің қайшылығы.  Қазақ АКСР-ның 

одақтас  республикаға  айналуы.  Сталиндік  «үлкен»    қуғын-сүргін,  оның  ауқымы  мен  ауыр 

салдарлары.  Қиыр  Шығыстағы  корейлердің  Қазақстанға  еріксіз  қоныс  аударылуы    -  адам 

құқығының  аяқасты  етілуі.  М.Шоқайдың  эмиграциядағы  саяси  қызметі  –  түрік 

халықтарының  рухани  жаңаруына  бағытталған  елеулі  қадам.  Оның  («Яш  Түркістан». 

«Кеңестер билігіндегі Түркістан» ж.б.  еңбектері. 

Мәдениетте  солақай  және  біржақты  большевиктік  тұжырымдаманың  үстемдік  алуы  – 

қазақтардың  рухани  қасіреті.    Мәдениеттің  ұлттық  негіздеріне  көпе-көрнеу  шабуылдауды 

өршіту.  Әдебиет  пен  өнердегі  социалистік  реализмнің  біржақтылығы.  Театр  және  музыка 

өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі 

Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі. 

Кеңес  өкіметінің  білім  және  ғылым  саласындағы  реформаларындағы  қайшылықтар.   

Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар 

мен  келеңсіздіктер.  Қазақ  тілінің  араб  алфавитінен  латын  және  кириллицаға  көшірілуі. 

А.Байтұрсынов  бастаған  топтың  әліпби  ауыстыруға  қарсы  әрекеті.  Ғылым  мен  ғылыми 

мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы 

болып қайта құрылуы.  

                 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет