Әлеуметтік пәндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата16.10.2023
өлшемі482,2 Kb.
#116454
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Семестрлік жұмыс

Мазмұны 
Кіріспе 
 ................................................................................................................................... 1 
Философия пәні бойынша семестрлік жұмыстарды орындаудың
 талаптары мен шарттары
Семестрлік жұмыстарының тақырыптарына методикалық кеңестер 
№1 семестрлік жұмыс тақырыптары .................................................................
№2 семестрлік жұмыс тақырыптары .................................................................
№3 семестрлік жұмыс тақырыптары .................................................................
Семестрлік жұмыстардың тақырыптарын таңдау кестесі
Семестрлік жұмыстарды орындау және қорғау кестесі
Әдебиеттер тізімі .....................................................................................................
 
 


Кіріспе 
Қазіргі замандағы жоғары білім беру жүйесінде міндетті түрде
оқытылатын негізгі гуманитарлық пәндер қатарына философия ілімі 
жатады. Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибенің XX – ғасырдың
екінші жартысынан бастап гуманистік бағытта дамуы, гуманитарлық
пәндердің әлеуметтік маңызын арттырып, білім беру процесінің мәні мен
мұраттарын жаңа тұрғыдан түсінуге алып келді. 
«Философия» курсына арналған оқу бағдарламасы қазіргі заманғы
жоғары білімді инженер – маман білуге тиісті негізгі философиялық және
ғылыми мәселелердің мәнін көрсетеді. Пәннің жалпы мақсаты да
студенттердің - болашақ мамандардың - дүниетанымын кеңейтіп,
философиялық көзқарасын қалыптастырып, жүйелі ойлауға бағыттау. 
Семинар сабағында және өз бетімен талдауға арналған тақырыптар дүние,
қоғам және адам туралы мифологиялық, діни – философиялық, ғылыми – 
философиялық көзқарастардың ерекшеліктерін саралап, адам өмірінің
мәнін, сенім мен таным мүмкіндіктерін ашуға арналған. Сонымен бірге
адамзат білімінің қыр – сыры, оның қазіргі заманғы қоғамдағы дамуы 
және рөлі, адами – рухани құндылықтардың күнделікті өмірдегі маңызы,
шығармашылық өнердің мүмкіндіктері мен болашағы жайында мәселелер 
талданады.
«Философия» пәнінің оқытылуы студенттерді парасаттылыққа және
эстетикалық талғам қалыптастыруға тәрбиелейді. Ең маңыздысы жастар 
философия тарихымен таныса отырып ғасырлар бойы жинақталған
рухани байлықты игереді, сол арқылы адам бойындағы қасиеттерге, 
тұлғаның қалыптасуы, бостандыққа ұмтылуы, қоғамдық қатынастар мен 
үйлесімділіктің мәнін түсіндіретін заңдылықтарға баға береді. Адам мен 
табиғат, адам мен қоғам арасындағы байланыстар, қазіргі заманғы
ауқымды тауқыметтер, адамзат мәдениеті мен жер бетіндегі тіршіліктің 
болашағы, жалпы адамзаттық игіліктердің тағдыры мен даму үрдісі туралы 
өз пікірлерін қалыптастырады. Әлемде және елімізде болып жатқан саяси -
әлеуметтік өзгерістерге, ұлттық құндылықтарымызға баға бере отырып, 
философиялық зерделік – логикалық, жүйелі сыншыл тұжырымдардың
мәнін түйсінеді.
Лекция дәрістерінде қысқаша бағыт – бағдар, әлемдік философияның
тарихынан жалпылама мәліметтер ғана берілсе, семинар сабақтарында 
және студент өзіндік жұмыстарды орындаған кездері нақтылы бір
философиялық көзқарастарға немесе жекелеген данышпандардың
пікірлеріне талдау жасалады. Семинар сабағы студенттің жинақтаған
білімін, ойлау және шешендік деңгейін көрсетуіне мүмкіндік береді. Тек 
сөйлеуге үйретіп қоймай, дәлелді түрде өзі таңдаған даналық ойды немесе
өзінің төл пікірін қорғауға дағдыландырады. Философияны оқып – 
түсінудегі басты мақсат рухани құндылықтардың, өмірдің шынайы мәнін 
анықтау болғандықтан және пенделік пен адамгершіліктің, бақыт пен
бақытсыздықтың, ізгілік пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғанның ара – 


жігін ашуға тірелетіндіктен, әртүрлі пікірлер мен тұжырымдарды саралап 
салыстыруға тура келеді. Философияның басқа ілімдерден және көзқарас
формаларынан айырмашылығы - аталған мәселелер туралы нақтылы,
біржақты, абсолютті ақиқат деп танитын анықтамалар жоқ. Дүниеге 
философиялық көзқараспен қарайтын адам ақиқатты өзі іздеуі тиіс. Ал,
философия тарихында жинақталған білім мен тәжірибе нәтижелері тек
қана бағыт – бағдар береді. Қорыта айтқанда пәннің негізгі мұраты
оқушыны пенделікпен күресіп, адам болуға, өзін - өзі тәрбиелеуге, 
сыңаржақты ойлап өмір сүрмей жан – жақты ойлап іс - әрекет жасауға
бағыттау.
Осы мақсаттарға жету жолында мынандай мәселелерді шешуіміз
қажет: 
- адамзаттың мәдени тәжірибесін, ойлау және тану формаларын 
саралап, оларды салыстыра отырып, жалпы адами құндылықтар тұрғысынан 
талдау; 
- әлемдік философия тарихында қалыптасқан көзқарастар мен 
концепцияларға объективті бағасын беруге тырысу; 
- данышпандар мен әулиелер айтқан пікірлер мен нақыл сөздердің 
мағынасын түсініп, үндестігі мен айырмашылығына назар салу; 
- қазіргі заманғы адамзат қоғамының даму бағыттары мен үрдістеріне 
тарихи және болашақтағы нәтижелер тұрғысынан баға беру және 
болжамдар жасау; 
- ұлттық философияның тарихымен таныса отырып, оның қазіргі 
кезеңдегі даму ерекшеліктерін анықтау және мәнін айқындау; 
- философиялық көзқарасымызды қалыптастыра отырып, ойлау және 
сөйлеу мәдениетіне үйрену, жүйелі ой, пікір айтуға дағдылану;
дүниеге, өмірге деген көзқарасты жүйелеп, шынайы адами
құндылықтарды анықтап, абсолютті ақиқатты тануға ақыл – сенімімізді 
бағыттау. 
Осы аталған мәселелерді шешіп, белгілі бір нәтижеге жету үшін
семинар сабақтары өткізіліп, студенттер өзіндік жұмыстар атқарады. 
Аудиториялық уақыт шектеулі болғандықтан кредиттік оқу жүйесі 
бойынша, студент сабақтан тысқары кездері семестрлік жұмыстар
орындап, әртүрлі қосымша әдебиеттерді оқуы тиіс. Философия басқа да 
әлеуметтану, жаратылыстану және техникалық ғылымдармен тығыз
байланыста дамиды және адамтану ілімінің негізі болып табылады. 
Философия барлық жоғары оқу орындарының бірінші – екінші курс
студенттеріне оқытылады, ал оған дейін орта мектеп оқушылары
қоғамтану және жаратылыстану ғылымдарының негізімен танысып, 
белгілі бір дәрежеде білім қорымен және өмірлік тәжірибемен келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет