Әлеуметтік психологиялық зерттеудің ғылыми әдістерін талдаңыз және салыстырыңыз



Дата26.04.2023
өлшемі14,53 Kb.
#87286
Байланысты:
алеуметпси3тап


3 – тапсырма
Әлеуметтік психологиялық зерттеудің ғылыми әдістерін талдаңыз және салыстырыңыз.


Негізгі әдіс

Негізгі әдістің нұсқалары

Контент - анализ

Контент-анализ — халықаралық қатынастарды зерттеудің экспикативті әдістерінің бірі. Саяси ғылымда алғаш рет американдық зерттеуші Г.Лассуел қолданды. Бұл әдіс жазбаша немесе ауызша мәтіннің мазмұнын жүйелі зерттеуге мүмкіндік береді. Ол мәтіндегі өте жиі қайталанатын сөз тіркестері мен сюжеттерді жазып алу арқылы жүргізіледі. Одан әрі осы сөз тіркестері мен сюжеттердің жиілігі басқа жазбаша немесе ауызша хабарлардың жиілігімен салыстырылады. Нәтижесінде зерттеліп отырған мәтін мазмұнының саяси бағыты жайлы қорытынды жасауға болады. Контент-анализдің қолданылу аймағы үлкен. Социология политология қоса аталмыш әдістеме антропологияда, психологияда, әдебиеттануда , тарихта, философия тарихында кеңінен қоланылады. Оле Холсти зерттеулеріне сүйенсек контент анализ төмендегі ғылымдарда кеңінен орын алған. Олар: социология –антропология 27% комуникация қағидасы 25,9%, саяси ғылым 21,5%. Контент анализдің тарихи зерттеулерде кездеседі және қоғаммен байланыста.

Социометрия

Социометриялық әдіс - психологиялық зерттеулердегі үлкен және шағын топ
мүшелерінің өзара таңдау ситуацияларын тіркеу жолымен топтағы жеке адам
аралық қатынастардың құрылымын талдау мен сандық өлшеуге бағытталған әдіс
болып саналады. Кіші топтар құрылымы мен топ мүшелерінің арасындағы
тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеудегі негізгі әдістерге жатқызуға болады.
Мақсаты: Ұжымдар мен кіші топтағы өзара қатынас жағдайларын анықтауға қызмет етеді. Салыстырмалы айқындалған критерийлер бойынша топ мүшелері арасындағы байланыс құрылымы туралы ақпарат алу. Топ мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас сандық бағалау мен эмоционалдық қатынасты (симпатия, антипатия) анықтау. Топтың белгілі-бір мүшесінің топтық жағдайын анықтау арқылы қарым-қатынаста асатын орнын белгілеу.

Модельдеу

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқаға байланысты. Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет