Әлеуметтік құрылымы. Үндістандағы адамдардың қоғамда алатын орны басқа көптеген елдерден ерекше болды. Үнді қоғамы брахмандар, кшатрийлер, вайштер және шудралар деп төртке жіктелді. Бұл касталық жүйе деп аталды



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі17,88 Kb.
#136634
1   2
Байланысты:
Нурсая 10(40) сұрақ

Шудралар төртінші топ өкілдері. Олар Брахма құдайдың аяғынан жаратылды. Сондықтан шаң-тозаңда жүруге тиісті. Өзіненжоғары топтағыларға қызмет етуге міндетті. Оларға қарсы шықса ауыр жаза алады. Дүние-мүлік жиюға, меншіктенуге, құдайға құрбандық беріп, көмек сұрауға қақысы жоқ. Ауыр да қиын жұмыстар осы шудралардың мойнында. Шудраның балалары да тек ауыр жұмыстар істеуі қажет деп есептелді.
(5 сынып)

Әлеуметтік жіктелудің күшейе түсуі сословиеге бөлінуді тездетті және тұйықталған варналардын пайда болуына алып келді, ал бұлардың өмір сүруі үнді қоғамына өзіне тән белгі болып саналады. Ведаларда варналар жайлы тек кейініректегі косымшаларда ғана сөз болады. Осындай тұйықталған топтарға бөлінудің өзін кейінгі кездерде әуел бастан келе жатқан және жоғарыдан солай жаратылған құбылыс деп таныған. Жоғарғы екі арна: бр брахмандар (абыздар) мен кшатрилар (әскери шонжарлар) үстемдік жағдайда болды. Аңыз әңгімеде бұлардың ал- ғашқылары жоғарғы құдай Брахманың аузынан, ал екіншілері оның иығынан жаратылған.

Тұрғындардың аса үлкен бөлігі вайшьтер деп аталған үшінші варнаға кірді. Олар Брахманың сандарынан жаратылған деп саналды. Бұлар негізінен егінші-қауымдастар болған, бұларға: сонымен бірге діни және светтік шонжарлар менсінбей қарайтын қолөнершілер мен тіпті көпестер де кірген.

Төртінші варна – шудралар, бағындырылған жат жерлермен, сондай-ақ өз руы мен тайпасынан ажырап қалған жаңа қоныстанушылармен толығып отырды. Бұлар Брахма құдайдың табанынан жаратылған, сондықтан шаң-тозанда жүруге тиісті төменгі нәсілді адамдар деп түсіндірілді. Оларды қауымдарға кіргізбеді, қандай да болмасын лауазымды қызметке жолатпа- ды. Тіпті кейбір діни жоралар, мысалы «екінші рет туу» салтанаты олар үшін жасалмайтын еді. Осы ең төменгі топқа да кіргізілмейтін, варналардан мүлде сырт қалған адамдар да болғандығын атап өту жөн. Бұларды кесапаттылар деп атады және ең ақыры оларды құдықтарға да жолатпады, өйткені олар таза суды арамдайды деп санады.

Әр варнаның праволары мен міндеттері кейінірек «Ману заңдары» жинағында көрсетілді. Мұнда бірінші орынға брахмандар қойылған. Әскери шонжарлар (кшатриялар) оларды құрметтеуге (тіпті жүз жастағы кшатрия да он жастағы брахманың алдында басын июге) тиіс деп атап көрсетілді. Алайда іс жүзінде жоғарғы екі варна билік пен дәрежені бөлісіп отырған және кейде тайталасып та қалған, дегенмен халықтың қарсылығын басу қажеттігі туған кезде бірлесіп қимыл жасаған. Бірдей қылмысы үшін түрлі варналардың өкілдері әр түрлі жаза алатын болған. Шудраны өлтіргені үшін брахманға, біреудің жануарын өлтіргені сияқты, қатесін мойындап, айып төлеудің өзі жеткілікті болған. Ал егер шудра брахманмен дауласып ерегіссе, ол үшін оның аузына отка кыздырылған бір кесек темір тығатын болған. Дегенмен, варналарға бөлу әр уакытта бірдей тапқа бөлумен үйлесе бермеген. Шудралардың бір бөлігі ғана құлдық жағдай- да болған. Екінші жағынан жоғарғы варналардың да кей адамдары (өзі мен өзінің інілерін сүйек ойынында ұтқызатын патша баласы сиякты) құлдыққа түсуі мүмкін болған. Рас, құлдыққа түскен жоғары варна өкілдеріне төлем төлеу арқылы немесе басқа да жолмен еркіндік алу оңайырақ болған.

Адамдардың осылай тұйықталған варналарға бөлінуі және әр түрлі варна өкілдеріне некелесуге рұқсат етілмеуі мәңгілік, бұлжымайтын және дінмен тәртіптелген болып саналды. Бұл ретте ежелгі Үндістандағы діни сенімдердің өзі де ғасырлар бойында әлеуметтік алға басулардың ықпалымен өзгеріп отырғанын есте ұстау жөн. Ведаларда табиғаттың сансыз көп құдайлары ауызға алынады (Варуна – аспан құдайы, Агни – от құдайы, Сурья – күн құдайы т. Б.).


Ерекше варнаға жататын абыздардың күшейе түсуі жағдайында діни сенімдер бірыңғай жүйеге түсірілді. Пантеон басында Брахма тұрды, оны ешкім көре алмайды және оның қолынан бәрі келеді деп есептелді (әрине, дін ғылымының үйретуінше). Абыздар соның есімімен брахмандар, ал әуелгі тайпалар дінінен бастау алатын, бірақ күшті өзгерістерге ұшыраған мемлекеттік дін – брахманизм деп аталды. Варналардың шығуы жөніндегі аңыз әңгімеден анық көруге болатындай, әлеуметтік теңсіздік ежелден келе жатқан және өзгертуге болмайтын нәрсе деп жарияланды.
(Черкасова)

Кейінгі ведалық әдебиетте негізгі қоғамдық жіктеліс шреяс және папияс терминдері арқылы анықталады. Алғашқысы шри – «игілік» сөзінен, ал екіншісі – папа – «күнә» сөзінен шығады. Шреяс әдетте брахмандар (абыздар) мен «патшаларға» қатысты қолданылды. Олардың игілігі мүлкінде емес, материалдық байлықтың өзі әлеуметтік беделі мен басқалардың үстінен билікжүргізуімен байланысты болды. Игі-жақсылардың (шреяс) алдында басқалар құрақ ұрып қызмет етті. Шонжарлардың өкілдері, ведалық «патшалар» бали алуға құқылы болды. Бали – адамдардың рухтар мен құдайларға шалатын құрбандықтары. Балиді нақты анықталған салық деп қарастыруға болмағанмен, алайда жазылмаған заңдар арқылы раджаларға өтелуге тиіс әртүрлі сый-сияпат түрлері реттеліп отырған тәрізді. Кейінгі ведалық дәуірдің әскери аристократиясы, «патшалар», олардың туыстары мен жақындары ерекше сословиелік топ – кшатрийлер варнасын құрады. Осындай варнаның бірі абызбрахмандар болды. Халықтың негізгі еңбекші бұқарасы «халық» варнасын – вайшьяларды құрды. Кейінгі ведалық мәтіндерде Соңғыларды арья деп те атайды. Брахмен мен кшатрийге олардың магиялық субстанциялар – «рухпен» (брахма) немесе «билікпен» (кшатра) спецификалық байланысы маңызды болса, «арья» термині вайшьяларға тиесілі болып қалды. Алайда арийлер деп ведалық дінді ұстанып, оған тән өмір салтын сақтаушы, өз үйі мен шаруашылығы бар адамдардың барлығы аталды. Сан жағынан алғанда олардың көпшілік бұқарасын егінші қауымдастар, яғни вайшьялар құрды. Брахмандар, кшатрийлер мен вайшьялар «екі рет туылғандар» болып есептелді, өйткені бала кезінде қасиетті бауды иығына байлау арқылы жасалатын діни рәсімнен өткен. Осы рәсім екінші рет туылу деп аталып, оның өзі ведалық діни рәсімдерге қатысуға құқық берді. «Екі рет туылғандар» ведаларды тыңдауға тиым салынған шудраларға қарсы тұрды. Шудраны сипаттайтын басты белгі – рәсімдік таза еместік. Әрине, бұл шудраның «арийлер» қоғамынан тыс қойылғандығының айғағы. «Екі рет туылғандар» тұрғысынан алғанда шудралар бөтендер варнасы болып есептелді, алайда олардың қоғамдағы шынайы жағдайы, этникалық шығу тегі сияқты, әртүрлі болуы мүмкін еді. Шудраның міндеті қожайынның аяғын жуу болды. Сонымен бірге кез келген шудраны үй малайы деп қарастыруға болмайтын тәрізді. Жеке шаруашылық жүргізген шудралар да болғанын деректер көрсетеді. Шудраларға жататын категориялардың қатарында қолөнершілер де болған. Қолөнер әдетте, шудралардың сословиелік-касталық міндеті деп саналды. Ежелгі үнді өркениетінің негізі ретіндегі варналық құрылыс ведалық дәуірде, Солтүстік Үндістанды жаулау барысында қалыптасты. Ол кезде шудралар ең төменгі категорияны құрған болатын. Алайда егіншілер мен малшылар қоғамынан тыс ну орман (джунгли) тайпалары жатты. Осы «жабайылардың» өркениет ықпалына бірте-бірте тартылуы олардың әлеуметтік иерархиядағы орнын анықтауды талап етті. Артта қалған тайпалар әдеттегі деревня шудраларынан да төмен статусқа ие болды. Олар рәсімдік жағынан лас, яғни кесапаттар деп қарастырылды. Олар варналық жүйеден тыс қойылды. Егер варнаға кіретін шудралар деревняларда тұрып, ондағы негізгі шаруашылық түрлерімен айналысқан болса, варнадан тыс қойылған кесапаттар өз лашықтарын елді мекендердің шегінен тыс жерлерде соғып, деревняға ең төменгі, лас жұмыстарды орындау үшін ғана келіп тұрған. Әр варнаның құқықтары мен міндеттері кейінірек «Ману заңдары» жинағында көрсетілді. Мұнда бірінші орынға брахмандар қойылды. Олардың шығу тегінің тазалығына ерекше мән берілді, сондықтан да брахмандар өздерінің касталық томағатұйықтығын сақтауға күш салып отырды. Брахман өзінің арғы ата-бабасы – ришиді, ведалық гимндерді шығарушы данагөйлерді мақтанышпан айтатын болған. Әскери шонжарлар (кшатрий) оларды құрметтеуге тиісті болды. Алайда іс жүзінде жоғарғы екі варна билік пен дәрежені бөлісіп отырған және кейде тайталасып та қалған, дегенмен халықтың қарсылығын басу қажеттігі туған кезде бірлесіп қимыл жасаған. Бірдей қылмысы үшін түрлі варналардың өкілдері әртүрлі жаза алатын болған. Шудраны өлтіргені үшін брахманға, біреудің малын өлтіргені сияқты, қатесін мойындап, айып төлеудің өзі жеткілікті болған. Ал егер шудра брахманмен дауласып ерегіссе, ол үшін оның аузына отқа қыздырылған бір кесек темір тығатын болған. Адамдардың осылай тұйықталған варналарға бөлінуі және әртүрлі варна өкілдеріне некелесуге рұхсат етілмеуі мәңгілік, бұл жымайтын және дінмен реттелген тәртіп болып саналды.
(Картабаева)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет