Әлеуметтік-саяси білімдер модулі Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология Саясаттану Кредит №1



бет5/8
Дата27.12.2022
өлшемі39,29 Kb.
#59967
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
леуметтік-саяси білімдер модулі П ндер леуметтану, саясаттану

2.Атқарушы билікке үкімет пен әкәмшілік жатады. Оларды заңшығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.Атқарушы билік заңшығарушыбиліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оныңжұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде әрекет етуі керек. Сырттай қарағанда ол заңшығарушы билікке тәуелді.Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды. Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

3.Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды,парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алды. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органнның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық,айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

4. Саяси биліктің ресурстарын жіктеу. (Э.Тоффлер бойынша).....
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бұл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет