6-тарау
Әлеуметтік зерттеулердің этикасы және саясат
Тараудың қысқаша мазмұны
Kipicпe
Этикалық қағидалар
Зерттеуге қатысушыларға зиян келу
Акпаратты келiсiмнiң болмауы
Жеке басының тiрлiгiне араласу
Алдау тәсiлi
Этика және сапалық мәселелері
Этикалық шешiмдер қабылдаудағы қиындықтар
Жаңа бұқаралық ақпарат құралдары және қиын шешiмдер
Әлеуметтік зерттеуде саясаттың алар орны
Сұрақтар тізімі
Негізгі ұғымдар
Қысқаша шолу сұрақтары
Этикалық мәселелер әлеуметтік зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде туындайды. Осы тарауда зерттеу жүргізу барысында туындауы мүмкін этикаға байланысты мәселелер талқыланады. Әлеуметтiк ғылымдардың кәсiби мамандары осы туындауы мумкiн этикалық мәселелерді анықтауда зор қызығушылықтар танытты, олардың кейбіреулерiнiң мәлімдемелерi осы тарауда қарастырылады. Этикалық мәселелерді елемеуге болмайды, себебі олар зерттеу бөлiмдерiнiң тұтастығымен және енгiзiлген тәртiптерiмен тікелей байланысты. Осы тарауда этикалык мәселелер негiзгi назар аударылған тақырып, дегенмен зерттеу саясаты жайлы да мағлұматтар талқыланады. Сонымен осы тарауда қарастырылатындар:
• Этикалық қағидалар сақталмаған кейбiр танымал, нақтылап айтсақ «масқара» мысалдар. Осы арада этикалық мәселелер осындай төтенше жағдайларда ғана туындайды деген ағат ойды болдырмау өте маңызды;
• Әлеуметтік зерттеудiң этика тақырыбына енгiзiлген және енгiзiлуi мүмкiн әртүрлі ұстанымдар:
• Этикалық мәселелер көптен туындайтын төрт тақырыптың маңыздылығы және пайдаланылуы: қатысушыларға зиян келуi мүмкiндiгi; ақпаратты келiсiм; жеке басының тiрлiгiне араласу: алдау;
• Этикалық тұрғыдан шешiм қабылдауда туындайтын кейбiр қиындықтар:
• Ғылыми-зерттеу жүргізуге рұқсат алудан бастап зерттеу