Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет19/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   175
Зерттеу 
жұмысының 
жаңалығы
Зерттеу 
жұмысында 
түрлі 
дереккөздерден,  туу  туралы  акт  жазбаларынан  таңдалған  заманауи  казақ  кісі 
есімдері мен тектері кешенді, әрі жүйелі түрде зерттелді.  
Зерттеу  жұмысының  ғылыми  жаңалығы  келесі  көрсеткіштерге  сәйкес 
анықталды: 
– 1980-2018 жылдар аралығында (38 жыл) Алматы қаласы бойынша АХАТ 
бөлімдерінен  жинақталған  тілдік  материалдар  және  өзге  де  объективті 
дереккөздер  негізінде  заманауи  қазақ  антропонимиясы  бойынша  алынған 
деректер корпусы; 
–  қазіргі  қазақ  кісі  есімдеріне  Excel,  SPSS  компьютерлік  бағдарламалары 
негізінде  талдау  жасалып  (ер,  әйел  антропонимдері),  нәтижесінде  қазақ 
антропонимиясының  1980,  1990,  2000,  2010,  2018  жылдардағы  даму 
динамикасы айқындалды; 
–  заманауи  кісі  есімдерінің  тілдік  қатысымдылығы  бойынша  сандық-
пайыздық қатынасы анықталды; 
–  заманауи  қазақ  антропонимиясындағы  ұрпақаралық  трансмиссия 
құбылысын  көрсететін  нәтижелер  алынды,  сонымен  ерте  ғасырлардан  қазіргі 
күнге  дейін  тілдік  санада  сақталып,  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткен  кісі  есімдері 
анықталды; 
–  заманауи  қазақ  антропонимдік  жүйесінің  өзегі  мен  шеткері  кеңістігі 
айқындалды; 
-  мемлекеттің  саяси-әлеуметтік  факторларға,  ғаламдық  жаһандану 
үдерісіне  ықпалынан  қазақ  антропонимиясында  туындаған  трансформация 
құбылысы зерттелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет