Елемес, Тезекбаев, Жаманбалаев, Жаманқұлов, Итемгенова.
Құрмет есімдері немесе арнау мәнді есімдер (меморативтер):
- ел билеген хандардың, билердің құрметіне қойылған есімдер: Тәукеева,
Ерназаров, Кенесариев, Казбекова.
Мәдени-тарихи (әлеуметтік) есімдер пұтқа табынушылықты білдіретін
есімдер (языческие имена) тотем есімдер, ислам есімдерін қамтиды:
- ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынуға байланысты антропонимдер:
Айбергенов, Күншуақов, Көлбаев, Көлшіков, Таубаев, Теңізбаев;
- тотемге байланысты антропонимдер бөрі, ит, бұқа сөздерінен жасалған:
Бөрібаев, Бұқабаев, Итбаев, Итемгенов;
- ислам дініне байланысты кісі тектері: Мұхаммедов, Нұрмұхаммедов,
Аятов, Исламов.
Неологизм есімдер. Октябрь революциясынан кейін әлеуметтік
өзгерістерге байланысты пайда болған есімдер: Әскербеков, Сайлауов,
Советжанов, Социалов, Съезд.
Қазіргі қазақ антропонимиясына жасалған лексика-семантикалық талдау
нәтижесінде мал шаруашылығына қатысты қойылған Жайлаубай, Жылқыбай,
Жылқайдар, Қойбағар, Қыстаубай, Малшы, Түйебай есімдерінің архаизмге
айналу үдерісі байқалды. Бүгінгі таңда бұл есімдер тек кісі тегінде ғана
кездеседі.
Сонымен бірге ұзақ уақыт баласы тұрмай, шетіней берген жағдайда
қойылған қорғаныс есімдер де кісі тегінде кеңінен қолданылса (Балатұрсын,
Елемес, Елеусіз, Жаманбала, Жаманқұл, Сатыбалды, Тезекбай, Тоқтаубек,
Тұрсын, Тұрған), қазіргі қазақ антропонимиясында көп қолданылмайтындығы
анықталды. Мұндай есімдер кісі тегінде ғана көрініс тапқандығына
байланысты, қорғаныс есімдердің архаизмге айналып бара жатқандығын
байқауға болады [144, 145 б.].
Кісі тегі жасалу жолдары бойынша келесі лексика-семантикалық
топтарға бөлініп қарастырылады:
- этнонимдерден (халық, ру, тайпа атауынан) жасалған есімдер:
Албанбекова, Арғинбаева, Жанаев, Божбанбаев, Дүнгенбай, Ернайманова,
Жетіруов, Қазақбаева, Қонақбай, Коңыратбаев, Қыпшақбаева, Қытайбекова,
Қаңлыбаев, Қырғызбаева, Наймантай, Немісбек, Ноғайбеков, Суанбеков,
Өзбекбаев, Түркменбаев;
57
- туыстық атаудан жасалған антропонимдер: Ағабек, Атабаев, Атажан,
Әкетаева, Бөлебаева, Жиенбаев, Құдабаев, Нағашыбаева;
- топонимдерден, яғни жер-су атауларынан жасалған есімдер: Арқалық,
Балқаш, Қарғалинова, Меркібаева, Самарқанова, Семейғазы, Тәшкенбаева,
Шымкентбек;
- табиғат құбылыстарынан кісі тектері: Аязов, Аязбаев, Тұманов,
Боранбаева, Дауылбаев, Желдібаев, Ызғарбек;
- өсімдік атауынан жасалған кісі тектері: Арпабаев, Бидайбекова,
Бидайбаев, Тарыбаев, Жусанбаева, Жынғылбаева, Талдыбаев, Сарымсақов;
- жабайы аң, жануар атауларынан жасалған есімдер: Арыстанов, Түлкібаев,
Бесқұланов, Бөкенова, Бұғыбаева, Елікбаев, Қарсақбаев, Құлан, Маралбаева;
- төрт түлік мал атауларына қатысты қойылған антропонимдер: Баспаков,
Ботабаев, Боташева, Дөненбаев, Қойсоймасова, Қозыбағаров, Қошқарова,
Марқабаев, Серкебаева, Сиырбаева, Танабаев, Тоқтыбаева, Түйебаева,
Текебаев;
- құс, балык атауларынан жасалған есімдер: Бүркітов, Қырғауыл,
Шымшықбаева, Сазанбай, Шортанбаев;
- жәндік атауынан жасалған есімдер: Кенебаева, Көбелеков, Масабаева,
Тышқанбаева, Шыбынтаева, Шаянбай;
- қазақ батырының қару-жарақтары атауынан жасалған есімдер:
Қанжарбек, Қылышова, Сауытбаев.
- құрал-саймандарға қатысты есімдер: Балғабекова, Балтабаев, Егеубаева,
Қайрақбаев, Орақбаев, Шегебаев.
Антропонимдердің жасалу жолына байланысты қазіргі кісі есімдері мен
тектерінің арасында айтарлықтай айырмашылық бар екені анықталды. Мысалы,
заманауи кісі есімдерінде туыстық атау, этнонимдер, төрт түлік мал атауы,
табиғат құбылыстары, қару-жарақтар мен тұрмыстық құралдар, жәндік
атауларынан жасалған есімдер кездеспеді. Антропонимдердің жасалуына
байланысты лексика-семантикалық топтарға жіктеуде кісі есіміне қарағанда кісі
тегінің жалпы есімнен жасалу аясының кеңдігі байқалды.
Кісі есімдерінің жасалу жолдарына қатысты гендерлік аспектісі бойынша
айырмашылықтарды
аңғаруға
болады.
Мысалы,
ұлдарға
табиғат
құбылыстарына қатысты, топонимдерге, тау атауларына, ру атаулары, жабайы
аң аттарынан жасалған есімдер берілген. Ал қыздарға өсімдік, гүл, мата, асыл
тас атауларынан жасалған есімдер тиесілі. Құс атауларына қатысты есімдер
ұлға да, қызға да ортақ есімдер болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |