Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет94/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   175
3 бөлім бойынша тұжырым 
Берілген  бөлімде  1980-2018  жылдар  аралығы  бойынша  қазақ 
антропонимдік жүйесінде орын алған өзгерістер, антропонимиялық қордың өсу 
динамикасы анықталды.  
Қазақ  антропонимиялық  қоры  жыл  сайын  жаңа  есімдермен  толығуда. 
Антропонимдердің  өсу  динамикасы  (1980,  1990,  2000,  2010,  2018  жылдар) 
төмендегі суретте (20-сурет) берілді.  
Салыстырмалы  тұрғыда  қарастырылған  уақыт  кезеңдері  бойынша  ер 
антропонимдері  саны  жағынан  әйел  антропонимдерінен  көп  екендігі 
анықталды. 
1980  жылы  ер  антропонимдерінің  саны  –  324  болды.  2000  жылы  бұл 
көрсеткіш  ұлғайып,  644-ке  жеткен.  Ал  2018  жылы  ер  есімдері  екі  есеге  дейін 
артып, жалпы саны – 791-ге артты. 
 
 
 
 
Сурет 20 – Қазақ антропонимдері өсу динамикасы 
 
Әйел  антропонимдерінің  де  саны  айтарлықтай  өскендігі  байқалады.  1980 
жылы – 288 есімді құрады. 2000 жылы әйел есімдері 469-ға дейін артқан. 2018 
жылы әйел антропонимдерінің саны – 538-ге көтерілді.  
Стратиграфиялық  талдау  нәтижесінде  қазақ  тіліндегі  есімдер  саны 
артқандығы  айқындалды.  Мысалы:  1980  жылы  қазақ  тіліндегі  ер  есімдері  –
28,07  %-ды  құраса,  2018  жылы  –  32,62  %-ға  ұлғайған.  Сәйкесінше  1980  жылы 
қазақ тіліндегі әйел есімдері – 28,99 %-ды құраса, бұл көрсеткіш 2018 жылы – 
33,83 %-ке артқан. 
Сонымен бірге заманауи қазақ антропонимиясында екі немесе үш есімнен 
бірігіп  жасалатын  (бірге,  бөлек,  дефис  арқылы)  есім  беру  үрдісі  назар 
аудартады.  Кейбір  есімдер  дыбыстық  жағынан  өзгеріп,  бірнеше  нұсқада 
жазылып, 
рәсімделіп 
жүр. 
Осыған 
орай 
соңғы 
жылдары 
қазақ 
антропонимиясында тілдік трансформация құбылысы белең алып отыр.  


151
 
 
Алматы  қаласында  1980,  1990,  2000,  2010,  2018  жылдар  бойынша  ең  жиі 
қойылған  немесе  таңдамалы  ер  есімдерін  анықтау  мақсатында  әр он  жылдағы 
жиі  таңдалған  ер  антропонимдері  мен  әйел  антропонимдері  бір  кестеге 
біріктіріліп берілді. Бұл көрсеткіш әр кезеңде жиі таңдалған есімдер қатарында 
ондықта  болған  ер  және  әйел  антропонимдерінің  өсу  динамикасын  бақылап, 
салыстыруға мүмкіндік береді.  
Сонымен  қатар  бұл  бөлім  қазақ  антропонимиясындағы  антропонимдік 
трансформация  және  антропонимдік  трансформация  құбылыстарын  ашуға 
бағытталған.  Антропонимдік  трансмиссия  дегеніміз  –  антропонимдердің 
алдыңғы  буын  өкілдерінен  кейінгі  жас  ұрпаққа  мұра  ретінде  табысталу, 
жеткізілу  үдерісі.  1980-2018  жылдар  аралығында  жиі  қойылған  ер  есімдері 
ішінде ТемірТемірлан (темір + қосымша лан) есімдері тұрақты түрде таңдалып 
келгендігі  анықталды.  Бұл  есімдегі  басты  уәжді  ер  баланың  темірдей  берік, 
мықты, күшті әрі жігерлі, қайратты болуын тілеумен байланыстыруға болады. 
Сонымен  қатар,  аталған  есім 
атақты  Монғол  және  түркі  халықтарының 
билеушісі, 
Темір  әулеті
  империясының  негізін  қалаушы  Әмір  Темірдің 
құрметіне қойылғандығын атап өтуге болады.  
Заманауи  ер  антропонимдерін  өрістік  тәсіл  бойынша  талдау  нәтижесінде 
қазақ  антропонимиялық  кеңістігінің  өзегінде  «екі  немесе  үш  есімнен  бірігіп 
жасалған  араб  тіліндегі  антропонимдер»,  «құрмет  есімдерінен  жасалған 
антропонимдер», «апеллятивтен жасалған антропонимдер», «нұрхантөре
сұлтан  сынды  әлеуметтік  детерминативтер  арқылы  жасалған  антропонимдер» 
орналасқандығы  анықталды.  Антропонимиялық  кеңістіктің  өзегіне  жуық 
(околоядерное)  аймақты  құрайтын  антропонимдерге  әлеуметтік  терминдерден 
жасалған,  яғни  «ел»,  «ұлт»,  «рух»  ұғымдарымен,  «ру  атауларынан» 
байланысты 
есімдерді 
жатқызамыз. 
Ал 
шеткері 
кеңістіктегі 
ер 
антропонимдеріне  «туыстық  атаудан  жасалған  антропонимдер»,  «қорғаныш 
есімдер»,  «табиғат  құбылыстарына  қатысты  есімдер»,  «күнтізбелік  есімдер», 
«бер
берді
берген
болсын
кел
келді
туар
туған
туды 
антропокомпоненттері  арқылы  жасалған  біріккен  тұлғалы  антропонимдер», 
«байбекби антропокомпоненттері арқылы жасалған антропонимдер» жатады. 
Заманауи  қазақ  әйел  антронимиясы  бойынша  зерттеу  жүргізілген  уақыт 
аралығында  тұрақты  түрде  таңдаулы  есім  ретінде  жиі  таңдалған  –  Мәдина 
(Сауд  Арабиясындағы  қала  атауы)  есімі  болды.  Бұл  есімнің  таңдалу  уәжі  қыз 
баланың иманды, инабатты, тәрбиелі болып өсуін тілеумен болашақ ана ретінде 
салиқалы ұрпақты дүниеге келтіріп, олардың бойына барлық жақсы қасиеттерді 
ана  сүтімен  дарытады  деген  тілекпен  байланысты  деп  пайымдауға  болады. 
Заманауи  әйел  антропонимдерін  өрістік  тәсіл  бойынша  талдау  нәтижесінде 
қазақ антропонимиялық кеңістігінің өзегі ретінде «сұлулық» ұғымын білдіретін 
антропонимдер,  «екі  есімнен  бірігіп  жасалған  антропонимдер»,  «араб 
антропонимдері», 
«нұр 
антропокомпоненті 
арқылы 
жасалған 
әйел 
антропонимдері»  айқындалды.  Заманауи  әйел  антропонимиялық  кеңістігінің 
өзегіне жуық (околоядерное)  аймақта гендерлік айырмашылықты сипаттайтын 
сөздерден  жасалған,  яғни  «ару»,  «ана»,  «бике»,  «бибі»,  «ханша»,  «ханым», 


152
 
 
«патшайым» апеллятивтерінен жасалған есімдер, «ұл» және «жаңылу» сөздері 
арқылы жасалған әйел антропонимдері жатады. Шеткері кеңістікте орналасқан 
заманауи  әйел  антропонимдеріне  архаизм,  историзм  есімдеріне  айналып  бара 
жатқан күнтізбелік есімдер (күн, апта, ай атауларынан жасалған) қатары енеді. 
Замануи  қазақ  кісі  тектерін  өрістік  тәсіл  бойынша  талдау  нәтижесінде 
анықталғандай,  антропонимиялық  кеңістік  өзегінде  хан,  бай,  бек  сынды 
әлеуметтік  детерминативтер,  ақын,  құл  және  тай  антропокомпонеттері  мен 
араб  тіліндегі  ғали  (әлі,  алы,  қали),  қажы,  қазы  антропокомпонеттері  арқылы 
жасалған  антропонимдер  орналасқан.  Антропонимиялық  кеңістіктің  өзегіне 
жуық аймақта әлеуметтік-саяси жағдайларды сипаттайтын антропонимдер мен 
қазақ  халқының  көшпенді  өмір  салты  мен  мәдениеті  негізінде  мал 
шаруашығына  қатысты  атаулардан  жасалған  есімдер  жатады.  Ал  шеткері 
кеңістікте  орналасқан  кісі  тектері  қатарынан  табиғат  құбылыстарына  қатысты 
атаулардан  жасалған  есімдер,  күнтізбелік  есімдер  және  тотемге  байланысты 
антропонимдер табылды. 
Берілген  бөлімде  замануи  қазақ  антропонимиясындағы  шоу-бизнес 
жұлдыздарының сахналық аттары құрылымы, семантикасы бойынша жіктеліп, 
топтастырылды.  Сахналық  аттардың  жасалуындағы  заманауи  бағыттары 
төмендегідей: 
кісі 
есімі 

тегі 
(әкесінің 
аты), 
бүркеншік 
ат, 
трансформацияланған кісі есімі, Бүркеншік тек + кісі есімі, бүркеншік ат + кісі 
тегі, бүркеншік ат + бүркеншік тек, аббревиатура (кісі есімі мен тегі алғашқы 
буынынан  жасалған  бүркеншік  ат),  кісі  есімі  +  ру  аты,  мифтік  кейіпкер, 
апеллятив атаулар, сөз тіркестері арқылы жасалған бүркеншік аттар және латын 
графикасы  негізінде  жасалған  бүркеншік  аттар.  Қоғамда  болып  жатқан 
өзгерістер,  оқиғалар,  жаңалықтар,  қоршаған  ортадағы  құбылыстар  оларға 
тікелей ықпалын тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет