Прототип есімдер (грек. prototypon – түп-төркін, бейне) – өмірде, тарихта
болған тұлғаның елге танылған батырлық, еңбекқорлық т.б. қасиеттерінің
прототиптік мағына ретінде кісі есімдеріне орнығуы. Прототип есімдердің
бастапқы мағынасына қарағанда, әлеуметтік мағынасына басымдық беріледі. Сәнді есім – келесі атрибуттық белгілер арқылы сипатталады:
әмбебаптылық (белгілі бір лингвомәдениет аясында нақты уақыт кезеңінде
есімнің жиілігі), заманауилығы (бұрынғы антропонимдік стандартқа қатысты
жаңашылдығы),
демонстрациялық қасиеті (өзгешелік,
ерекшелік,
түпнұсқалылық). Сипаттау мәнді есімдер (дескриптивтер) – нәрестенің физиологиялық
ерекшелігін сипаттап, бет-әлпетіне, денесінің түсіне және жүріс-тұрысына
қатысты есімдер. Сирек есім – сәбиге есім таңдаудақиялға ерік беру нәтижесінде пайда
болған дара, ерекше, сирек (экзотикалық) есім.
Табу (ағыл. taboo, фр. interdiction de vocabulaire, нем. Verbot, Tabuierung) –
қолданылуына тыйым салынатын сөздер немесе сөз қолданыстары. Тілдік сана – сөйлеуді қамтамасыз ететін когнитивті сананың бір түрі.