Комитет мүшелері оған құрметті төраға етіп Әлихан Бөкейхановты сайлайды. Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен
болатын. 1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7).
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета. Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат. Мәскеу, ақпан, 1995 жыл.
Ә. Бөкейханның Жаза кесімі Алайда,өкінішке орай ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14-і КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі. Назарларыңызға рақмет!