орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола
орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан
әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс.
Қоныстандырылмай бос жатқан және босап қалған
учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану
нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл
шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер
комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін
алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
(земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне)
қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз батырақтарға
жер беріледі.
Қорытынды
Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы
кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын
құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге
жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым
құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның
серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі.