Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан



бет4/4
Дата18.03.2023
өлшемі28,85 Kb.
#75420
1   2   3   4
Байланысты:
9 семинар

Халел Досмұхамедов (24 сәуір, 1883 – 19 тамыз, 1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз әрі ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушы­лардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрк», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.[5]
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей ғылым академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Алайда, келесі жылы Кеңес үкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы мең­герушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді,1939 жылы 19 қыркүйекте түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет