Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион теңге жұмсалған Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты артықшылығы - балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі "Алтын адам" әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып, нақыштап кесіліп қондырылған.
Шілікті "Алтын адамы" Еске салайық, 26 қазанда Ақтөбеден 300 шақырым жерден сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі табылған. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкерлері Ақтөбе облысы, Темір ауданы Тасқопа ауылында қазба жұмыстарын жүргізген. Тамыздың басынан ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеген. Археологтар солардың бірінен 6 метр тереңдікте орналасқан жерден біздің заманымызға дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйегін тапқан.
Зерттеушілердің сөзінше, жерленген адамның қоғамдағы беделі жоғары болған.