Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Өз-өзіңді тексеру мен талқылауға арналған сұрақтар
1. Ғалымдардың технологтардан қандай айырмашы-
лықтары бар? 
2. Ғылыми әдістің мақсаты неде? Ғылыми әдіс кезеңдерін 
атап беріңіз.
3. Гипотеза
дегеніміз не? Неліктен біз ғылыми гипотезаны 
біржола бекітіп немесе жоққа шығара алмаймыз?
4. Неліктен бір реткі медициналық зерттеу, ереже 
бойынша дәрілік емдердің әсері мен емдеу тәсілін 
ешбір күмәнсіз дәлелдей алмайды? Неліктен мұны 
жануарларға жасаған зерттеу жасай алмайды?
5. «Дәстүрлі 
медицинаның 
танымал 
мамандары 
цитрустық өсімдіктер негізінде емдеу артық салмақпен
тиімді күреседі деп айтады. Мамандар 30 емделушіге, 
сонымен қатар жануарға (егеуқұйрыққа) зерттеу 
жүргізген. Зерттеу нәтижесі бұл емдеудің тиімділігін 
дәлелдеп отыр». 
Бұл ақпаратқа қарап, Сіз цитрустық 
өсімдік негізінде емдеу тиімді деп санай аласыз ба? 
Неліктен? 
6. Айдар: 
«2 апта бұрын мен йогамен айналыса бастадым. 
Кеше физика бойынша эмтиханнан алғаш рет «4» деген 
баға алдым. Бұған дейін мен қанша тырыссам да үнемі 
үштік алатынмын. Меніңше, физикадан маған йога 
көмектесті!» 
Осы тұжырымдаманы бағалаңыз. Айдар 
дұрыс ойлап тұр ма? Неліктен?


140
Б. Келесі тұжырымдаманы ғылыми әдіс арқылы тексеруге 
болады ма? Егер болады десеңіз, қалай? Ал, болмайды десеңіз, 
неліктен? (жауаптары кітап соңында)
1. Өзгелерге жақсылық жасау әрдайым жақсы.
2. Адам- әлемдегі ең ақылды жаратылыс болып табылады.
3. Қазақстан жерінде 8,5 млн. ағаш өседі.
В. Келесі тұжырымдаманы бағалаңыз. Сіз қандай псевдо-
ғылым сипаттарын көріп тұрсыз? (жауаптары кітап 
соңында)
1. Бану: 
«Ғылыми зерттеу, шөп дәрілер бас ауруын 
нәтижелі емдейтіндігін көрсетті. Мен оның күшіне 
сенемін. Өйткені, ол маған үнемі көмектесіп келеді. 
Мысалы, кеше химия пәнінен эмтиханнан кейін менің 
басым қатты ауырып кеткен еді. Мен бір шыныаяқ шөп 
шай ішіп едім, 20 минут ішінде басымның ауырғаны 
басылды!»
2. Аскар: 
«Мен сонау 1984 жылы түсірілген ұшқыш табақ 
суреті деп танылған суреттің жалған екендігіне 
сенбеймін. Мен оның бұл қылығын тағы бір рет танымал 
болуға бағытталған деп санаймын.»
3. Гүлнәр, графолог (адам жазуы арқылы оның тұлғасы 
арасындағы байланыс бойынша сарапшы):
Сіздің 
жазуыңыз бойынша Сізге достарыңыздың арасында 
болған ұнайды. Бірақ жалғыздықты қаламайсыз. Сіз 
өзіңізді мақтағанды жақсы көресіз. Бірақ, сынағанды 
ұнатпайсыз. 


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет