Байланысты: Критикалық ойлау негіздері KZ 27-08-2014
2-секция нұсқасы бойынша сұрақтар Бұл секция бойынша оқушылар төрт сұрақтың біреуіне
жазбаша түрде жауап беруі қажет. Сұрақтардың әрқайсысы
Сізге аргументтерді таңдау және белгілі бір пікіріңізді
тиімді қорғай алатындығыңызды көрсетуге мүмкіндік
береді. Жазбас бұрын не жайлы және қалай жазатыныңыз
жайлы ойланып алу қажет.
1. Банктер бізге не үшін қажет?
2. Ғылымдағы алға басушылықты қалай бағалауымыз
қажет?
3. Егерде Сіз өзіңіздің іс-әрекетіңізді ақтай алатын
болсаңыз, Сіздің іс-әрекетіңіз рационалды дегенді
білдіреді ме?
4. Орташа өмір сүру жасының ұзақтығы қоғамда қандай
өзгерістер алып келеді?
Осы сұрақтардың біріне 30 минут ішінде өз
жауабыңызды (600 - 1200 сөз) жазыңыз. Достарыңыздан,
ата-анаңыздан да осы сұрақ бойынша жауап жазуларын
өтініп және өзіңіздің жауабыңызды салыстырыңыз.