«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы



Дата17.10.2023
өлшемі113,5 Kb.
#117538
түріСабақ
Байланысты:
Оқудың маңызы мен мақсаты және түрлері

Оқудың маңызы мен мақсаты және түрлері

Орындаған: Мырзахметова Балжан

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі – оқушы тілін дамыту. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан оқу-тәрбие процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ұғындырып, қалыптастыруымыз қажет. Ал мұндай іргелі мәселенің қабырғасы бастауыштан қаланатыны өздеріңізге белгілі. Олай болса бастауыш сыныптың әрбір мұғалімі тіл әдіснамасының қыры мен сырын жетік меңгеруі тиіс.


Тіл әдістемесі ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Мұндағы білім беру жолдары мен құралдарына:
  • Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал.
  • Оқу жұмысын ұйымдастыру.
  • Оны үйрету әдістері жатады.

Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін, сөздің лексикалық мағынасын мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Ал мектепке келгеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, ана тілінің сан алуан, грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сонда ғана заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.

Мұғалім методикалық принциптерді дұрыс іріктей алғанда ғана бұл байланысты жүзеге асыра алады. Ал методикалық принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді.

Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру.

Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету.

Балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.

Ұштастыра оқыту.

Қайталау.

Өз бетімен жұмыс істеуге баулу.


Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі.
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу
Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. Яғни шығарманы оқуға дайындық кезінде, шығарманы оқу барысында, оқып болғаннан кейін. Осы жерде ескерте кететін жәйт өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың келесі түрі- шығарманы оқу. Онда көпшілік шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса мұғалім оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Шығарманы бірінші рет оқығанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны дұрыс. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуы керек. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын жақсы меңгерген оқушыға оқытуға болады. Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез-келген жерден үзбей, әр бөлімнің белгілі бір аяқталған ойды білдіргені жөн. Шығарманы бір рет оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет.
Келесі жұмыстың түрі – шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады.
Әңгімені бөлімге бөлу.
Бөлімдерге ат қою, оны тәртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлуі үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Шығарманың мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады.
1.Толық.
2. Ішінара.
Көлемі шағын мәтіндерді жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндату қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен мәтіндер бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға тоқталатын болсақ, бұл жұмыстар біріншіден оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса, екіншіден балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет