Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Келісім-шарт бойынша әскери қызметген өтіп жүрген әскери қызметшінің жауапкершілігі



бет13/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Келісім-шарт бойынша әскери қызметген өтіп жүрген әскери қызметшінің жауапкершілігі
Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген әскери қызметші жүктелген міндетгерін орыңдамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны, сондай-ақ қылмыс немесе өзге де күкық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Респуб-ликасынын зандарында белгіленген негіздерде және тәртіппен тиісінше әкімшілік, тәртіптік, материалдык немесе қылмыс-тық жауаптылықта болады.
Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген әскери қызметші тәртіптік жауапқа тартылған кездегі оның қүқықтық кепілдіктері
1. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген әскери қызметші өзінің тәртіптік жауапқа тартылуына бай-ланысты барлық материалдармен танысуға қүқылы.
2. Жауапқа тартылған әскери қызметші лауазымды адамдар-дың әрекеттері мен шешіміне Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.


Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


8. Запаста тұру. Запастағы офицерлердің міндеті және запаста тұрудың шекті жасы.

Запасқа қою. Запаста тұрудың шектi жасы. Әскери жиындардан өту.


Запасқа қою мынадай:


1) запасқа қоя отырып, әскери қызметтен шығарылған;
2) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызметтен өтпеген;
3) жиырма жеті жасқа толған, әскерге шақыру кейінге қалдырылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;
4) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
5) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен;
6) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқудан өткен адамдар запасқа қойылды деп саналады.
Запаста тұратын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.
Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған адамдарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») әскери атағын бере отырып, запасқа қояды.
Запасқа қойған кезде адамдардың әскери-есептік мамандығын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары айқындайды.
Ұлттық қауіпсiздiк органдары және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
Запаста болу әскери жиындардан өтудi, әскери қызметке шақыру қағидаларын орындауды және әскери есеп бойынша мiндеттердi сақтауды қамтиды.
Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдары әскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде әскери қызмет өткеруді қамтиды.

Запасқа қойылған әскери міндеттілер әскери жиындардан өткен немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген кезде олар резервке қойылған әскери міндеттілер санатына ауыстырылады.


Әскери міндеттілердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы – елу жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамы үшін – алпыс жасты қоса алғанда.
2. Әскери мiндетті әйелдердің запаста тұруының шектi жасы мынадай болады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы үшiн – отыз бес жасты қоса алғанда;
2) офицерлер құрамының адамдары үшiн – қырық бес жасты қоса алғанда.
Запаста тұрудың шектi жасына толған әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.
Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста тұрудың шекті жасын бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады, сондай-ақ әскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейінгі мерзімге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін. Запаста тұру уақытындағы жиындардың жалпы мерзімі әскери міндеттілер үшін он сегіз айдан аспауға тиіс. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзіміне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледі. Арнайы жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді. Әскери міндеттінің дәлелсіз себептермен жиындар орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзіміне есептелмейді.

Әскери қызметте болу жасының шегi


1. Әскери қызметте болу жасының шегi былай белгiленедi:


а/ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн - 29 жас;
б/ қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамының лауазымында шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер үшiн - 45 жас;
в/ прапорщиктер, мичмандар мен кiшi офицерлер үшiн - 45 жас;
г/ майор және подполковник әскери атағы бар аға офицерлер үшiн - 45 жас, полковник - 50 жас;
д/ генерал-лейтенантты қоса алғандағы әскери атағы бар жоғары офицерлер үшiн - 55 жас, генерал-полковник - 60 жас.

2. Ғылым кандидаты /доцент/ офицерлерге, сондай-ақ жоғары кәсiби даярлығы, атқарып отырған қызметiнде практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулығы жөнiнен әскери қызметтен өтуге жарамды басқа әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi және басқа әскерлер мен әскери құрамалардың бiрiншi басшылары қызмет мерзiмiн 5 жылға дейiн, ал ғылым докторларына /профессорларға/ - 10 жылға дейiн ұзарта алады.


3. Әскери қызметте болу жасының шегiне жеткен әскери қызметшiлер әскери қызмет өткеру туралы Ережелермен белгiленген тәртiппен запасқа шығаруға жатады.


Запасқа шығару. Запас категориясы


1. Әскери қызметтен босатылған /отставкаға шығуына немесе қылмыс жасағаны үшiн соттың соттауына байланысты босатылғандардан басқалары/, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған /денсаулық жағдайына қарай әскери есептен шығарылғандардан басқалары/, сондай-ақ бейбiт кезде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатпайтын /16-бап/ азаматтар запасқа шығарылады.
2. Запастағы қызметке жиындарды өткеру және әскери қызметке шақыру тәртiбi мен ережелерiн орындау жатады.

Запаста болу жасының шегi. Запас топтары


1. Әскери мiндеттiлердiң жасына қарай запаста болуы үш топқа бөлiнедi. Топтар запаста болу негiзiнде белгiленедi.
2. Қатардағы жауынгерлер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар мынадай жас шегiне дейiн запаста болады:

- бiрiншi топ - 35 жасқа дейiн;


- екiншi топ - 45 жасқа дейiн;


- үшiншi топ - 50 жасқа дейiн;


3. Офицерлер мынадай жас шегiне дейiн запаста болады:


а/ бiрiншi топтағы запаста:


- кiшi офицерлер - 45 жасқа дейiн;


- аға офицерлер - 50 жасқа дейiн;


- жоғары офицерлер - 55 жасқа дейiн.


б/ екiншi топтағы запаста:


- кiшi офицерлер - 50 жасқа дейiн;


- аға офицерлер - 55 жасқа дейiн;


- жоғары офицерлер - 60 жасқа дейiн.


в/ үшiншi топтағы запаста:


- кiшi офицерлер - 55 жасқа дейiн;


- аға офицерлер - 60 жасқа дейiн;


- жоғары офицерлер - 65 жасқа дейiн.


4. Әскери қызметшi-әйелдер оларға берiлген әскери атақтарға қарамастан үшiншi топтағы запасқа есептеледi. Олардың запаста болу жасының шегi былай белгiленедi: офицерлер құрамындағылар үшiн - 50 жас, қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар үшiн - 45 жас.


Әскери қызметтен босату


1. Әскери қызметтен босату былай жүргiзiледi:


- мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi - белгiленген


мерзiмдi атқарып бiткен соң


- запастан әскери қызметке 3 жыл мерзiмге шақырылған офицерлердi - белгiленген мерзiмдi атқарып бiткен соң.


2. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мына реттерде қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылады:


- денсаулық жағдайына қарай - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы /қаулысы/ негiзiнде;


- отбасы жағдайына қарай - отбасы жағдайының өзгеруi салдарынан әскери комиссариаттардың отбасы жағдайын тексеру негiзiнде шақыруды кейiнге қалдыру құқығы пайда болған ретте;


- бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты.


- отбасы құрамында шет елге тұрақты тұру үшiн кетуiне байланысты немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын отбасымен қайта қосылу үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кетуiне құқық беретiн растайтын құжаттары болғанда;


- рақымшылық актiсi негiзiнде.


3. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша әскери қызметте екi айға дейiнгi мерзiмге кiдiртiлуi мүмкiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет