---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)
Елубаева Ұлмерек Жолдыбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Л.Шахатов атындағы орта мектеп
«ЖАҢА ӘЛЕМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС»
Жаһандану мен жаңару енген заманда,
Заманына сай өзгеріс болмақ адамда.
Білім беруде жаңаша әдіс – тәсілмен
Орны бөлек, ұстаздың мына қоғамда.
Бағдарламаның түсініп барлық тәсілін,
Көшінен қалмай, компьютерлік ғасырдың.
Өзгеріп ұстаз, соңынан ертіп шәкіртін,
Тереңнен теріп, білімнің жауһар асылын.
Сыни ойлатып, анықтап дарын, талантты,
Диалогпенен, сөйлетіп, талдап, жан-жақты.
Бағдарламаның жеті модулін меңгерген,
Көшбасшы болған, мұғалім неткен ардақты!
Өзгерген әлем, өзгерген шәкірт, ұстаз да
Еркіндікпенен ашық пікірді ұстанған.
Өмір бойына ізденуменен жүретін,
Асыл жан бар ма, асыл жан бар ма, Ұстаздан?
Қолдау білдіріп ағылшындық әдіс-тәсілге,
Серпіліс берген, шабыт сыйлаған кеудеге.
Осындай курс ұйымдастырып, оқытқан
Рахмет айтып жүреміз әркез «Өрлеуге»!
-----------------------------------------------------------------------
Нұрғалиева Қамар Кенжеғалиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Атырау қаласы. Қ. Сәтбаев атындағы №19 орта мектеп
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды гуманизмге
қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін дамытуға және
құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап дамытуға
үйрету.
Тәрбие сағатының әдісі: түсіндірмелі, сұрақ- жауап,
ауызша
Көрнекілігі: Плакаттарға жазылған сөздер, сюжетті
суреттер, жұмсақ ойыншықтар, күннің макеті.
Жүру барысы: І – бөлім
Бастаушы: Құрметті, ата-аналар! Сіздер бүгін наурызға
арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер !
Бәріміз Наурыз бен Тазша баланы қарсы алайық!
Бәрі: Наурыз келсе, құт келгені, халайық,
Есік ашып, шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
Наурыз: Сәлем, анам алтын күн,
Сәлем, халқы қартымның!
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз.
Тазша бала: Күн мен айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйініп,
Сәлем берем иіліп.
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың!
Наурыз: Жайнататын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды
Мейрам етіп бұл күнді!
Тазша бала: Көктем тойы әніміз
Көркем өнер сәніміз
Өлең – әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз
Егін өңін толқытқан
Елдің көңілін шалқытқан
Наурызға бас иемін.
Бәрі: Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі
Ән: « Наурыз – біздің әніміз»
ІІ – бөлім
Бастаушы: Біздің халқымыз үлкенді сыйлап, оларды
тыңдай білген. Біз кезекті әжеге берейік.
Әже: Балалар, тойларың құтты болсын! Мен сендерге
дәстүрлі наурыз көже дайындадым. Дастарханға келіңдер.
Бастаушы: Әжелердің дастарханына барайық. Наурыз
көжеден дәм татайық.
Бастаушы: Балалар, наурыз көже сендерге ұнады ма?
Балалар: Ұнады, дәмді болыпты: Әжеге рақмет!
Атай: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын.
Ұлыс бақты болсын, ұлыс береке берсін
Төрт түлік ақты болсын, бәле-жала жерге енсін!
Ән: « Қазақы дастарханым»
ІІІ – бөлім
Бастаушы: Кел, балалар, келіңдер, тамашаны көріңдер,
Бізде қызық ойын бар, барлығың ден қойыңдар.
Тақпақ айтып жырлаңдар, жұмбақты да ойлаңдар,
Таппай оны қоймаңдар, думандатып тойлаңдар!
Тазша бала «Сақина салу» ойынын ойнатады.
Семіз-семіз қойларды
Су астына айдадым.
Құрлықтағы балықты,
Бір шыбықпен айдадым.
Бастаушы: - Қане, Тазша баланың қоржынында не бар
екен?
№1. Қой туралы не білесің?
№2. Асық ойналатын ұлттық ойын түрі?
№3. Жыл қайыру
№4. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата
№5. Жаңылтпаш айт
№6. Түйе сүтін қалай атайды?
№7. Жұмбақ айт
№8. Жылқы сүтін қалай атайды?
№9. Қазақша ай аттарын ретімен ата
---1 ---
15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)
ИНДЕКС: 64470
---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)
№10. Жыл мезгілдерін ретімен ата
№11. 2012 жыл қалай аталады?
№12. Мақал айт Ән: « Наурыз»
ІV – бөлім
Көрініс: Жыл басына хайуанаттардың таласуы»
Бәрі: Жыл басы тек мен болам,
Деп хайуандар таласты.
Өз – өздері мақтанып,
Уәждары жарасты.
Жылды қарап тұрайық
Ойын – сауық құрайық
Ең бұрын көрген батырды
Жыл басы деп санайық.
Сиыр: «Мө» деп мөңіредім
Молшылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім.
Көгалда – тұрағым
Дайын тұр құрағым
Сүтіммен, етіммен
Адамға ұнадым.
Жылқы: Алысқа шауып барамын
Адамның бабын табамын
Пайдасы мол Жылқымын
Жыл басы мен боламын
Әсем десең , әсеммін
Сылаң қағып өсемін
Кең далада көсіліп
Самал желдей есемін.
Түйе: Түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Кім таласар бойыма
Жыл басына иемін.
Жан – жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын
Мен өзімді даланың
Кербезіне балаймын.
Барыс: Ырр, ырр, Барыспын, Барыспын
Бәріңе таныспын, таныспын
Айналама сыйлымын, сыйлымын
Сезімсізбен алыстым, алыстым
Күшіме сенемін, сенемін
Бәрін де жеңемін, жеңемін
Жыл басы болуға Шіреніп келемін.
Ұлу: Ұлу деген мықтымын
Жарқын – жарқын шықты үнім
Ойым озар өзімнен
Ақыл, ой бар сөзімде
Үйім бірге өзіммен
Сабыр етем өзіммен
Күш пен көрік құлпырар
Салиқалы сөзімнен.
Қой: Бә, бә, бә, мен Қоймын
Көк шөпке тойдым
Жыл басы болуға
Кетіп тұр ойым.
Қараңдаршы, қандаймын
Аппақ болған таңдаймын
Жыл басына лайық
Жарқырап тұр маңдайым.
Тауық: Қо,қо,қо,қо,қоқ
Жыл әлі неге жоқ?
Жұмыртқамды жегесін,
Барлық бала тоқ.
Құрт – құмырсқа – жемтігім
Жоқ ешбір кемтігім
Бәрің де бос мақтанып
Шаршамаңдар ентігіп.
Ит: Абалап үремін
Үй қорып жүремін
Адамның көмекші
Досының бірімін
Ит борлғасын үремін
Сергек өмір сүремін
Жеті қазынаның бірімін
Адамды қорып жүремін.
Доңыз: Мен доңызбын,доңызбын
Менімен кім бар таласар
Жылды көріп мен бұрын
Жыл басы болармын.
Мешін: Мен мешінмін, мешінмін
Ойлана келе шешілдім
Жыл басы мен болуға
Біржолата келдім мен.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын
Қыстай болған ақ қоян
Енді сендермен таласа
Жыл басы мен болрмын.
Бәрі: Тышқан қулық ойлайды
Келіспеске қоймайды
Шығып алып түйенің
Өркешімен ойнайды.
Тышқан: Алақай, алақай,
Күнді көрдім, алақай!
Қулығыммен, ақылыммен
Бәрін жеңдім, алақай!
V – бөлім
Сазды бағдарлама
1. Қамажай
2. Ел қорғауға әзірміз
3. Вальс
4. Анашым
5. Қара жорға
---------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы. Қазалы ауданы
Лақалы ауылы. №93 орта мектеп
Тауекелова Камшат Карибаевна
Сабақтың тақырыбы: §.18. Ч.Дарвиннің эволюциялық
ілімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ч.Дарвиннің
эволюциялық
ілімінің
қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік
қалыптастыру
Дамытушылық:Оқушылардың қызығуы, ынта- қиялы
мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту
арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға,
талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне,
адамгершілік қарым-қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Жеке оқушымен жұмыс
---2 ---
---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)
Сабақтың әдісі: домино, суретпен жұмыс, ауызша,
диктант, сандармен жұмыс, сызбанұсқа
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) «Биологиялық домино»
ә) «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
(Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері туралы
мағлұмат беру)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
а.Сызбанұсқамен жұмыс
ә. “Сандар сөйлейді “ ойыны
б.Биологиялық диктант
Ү.Қорытындылау
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) «Биологиялық домино» Қолдарына таратылған
сөздерді ретімен орналастыру керек.
1. Эволюция деп- органикалық дүниенің күрделі және
ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады.
2. Гераклит: «Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең
алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді».
3. Ж.Бюффон: «Табиғи тарих» атты еңбегінде:
Бейорганикалық заттардан алдымен өсімдіктер, одан кейін
жануарлар мен адам пайда болды».
Ә) «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны
Карл Линней және Жан Батист Ламарк ғалымдарының
еңбектері және маңызы туралы мәліметтер беру.
Ж.Б.Ламарк еңбегі: 1809ж «Зоология философиясы»
деген еңбегі.
Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарап, омыртқалылар
және омыртқасыздар деп бөліп, 6сатыға, 14 класқа
топтастырды. Бірінші болып, «Биология» терминін енгізді.
К.Линней еңбегі: 1735ж «Табиғат жүйесі». Ағзалардың
қосарланған атауын- қосарлы атау тізімді ғылымға енгізді.
ІІІ. Жаңа сабақ. Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары:
Қоғамдық-экономикалық: -Англияда ХІХ ғасырдың
алғашқы жартысында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
қарқынды дамыды.
-Жергілікті мамандар жануарлардың қолтұқымдары мен
өсімдіктердің өнімді іріктемелерін көптеп шығара бастады.
Ғылымдағы жаңалықтар:
-жасуша теориясының;
-тірі организмдердің ұрықтарының ұқсастығының;
-өлі және тірі табиғаттың химиялық
біртұтастығының;
-аралық формалардың;
Ч.Дарвин өмірінің кезеңдері
1.
1809
жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери
қалашығында дәрігер отбасында өмірге келді
2.
1826
жылы Эдинбург университетінің медицина
факультетіне оқуға түседі.
3.
1828
жылы Кембридж университетінің дін
факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.
4.
1831 жылы Ч.Дарвин солтүстік Уэльс геологиялық
экскурсиясынан оралған соң, Кембридж университетінің
профессоры Джон Генслодан хат алды. Хатта Дж. Генсло
«Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатынын
хабарлап, Дарвиннің осы саяхатқа табиғат зерттеушісі
ретінде қатысуын өтінді. Ч. Дарвиннің 22 жасында 5 жылға
созылған саяхатқа қатысып, өте көп деректер жинайды.
5.
«Бигль» кемесінің мақсаты:
Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен
Тынық мұхит аралдарының картасын жасау.
6.
Кеменің саяхаты 1831жылы 27 желтоқсанда
басталып, 1836жылы 25қазанында аяқталады.
Ч.Дарвиннің еңбектері
5.
«Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы”
(1859)
•
“Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің
өзгеруі” (1868)
•
“Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу”
(1871) және т.б.
Ч.Дарвин қолдан сұрыптау туралы
Қолдан сұрыптауды адам өз мүддесі үшін жүргізеді.
Мысалы: Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған
жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Тазы иттерді
аңшылыққа баулыған.
6.
Үй жануарларының қолтұқымдары мен мәдени
өсімдіктер іріктемелерін ғалым қолдан сұрыптау нәтижесі
деп есептеді.
Мақсатсыз сұрыптау адамзат тарихында мыңдаған
жылдардан бері жүргізіліп келеді. Үй хайуанаттарының етті
және сүттілерін тұқымдыққа алып, өсіріп отырған. Сол
сияқты өсімдіктердің де дәндері, жемістері ірілерін таңдап
алып, егуге пайдаланған. Осындай сұыптаудың нәтижесінде
күні бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің түрлі
формалары сақталып келді.
Әдістемелік сұрыптау кезінде адам саналы түрде алдына
мақсат қойып, арнайы бір бағытқа сай қолтұқым немесе
іріктеме шығаруды көздеп, сұрыптау жүргізеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Сызбанұсқамен жұмыс
“Сандар сөйлейді” ойыны
Биологиялық диктант
“Сандар сөйлейді” ойыны
1809 - Ч.Дарвиннің туған жылы
1826 -Эдинбург университетінің медицина факультетіне
оқуға түседі.
12.02-Туған күні
22 -Саяхатқа қатысқан жасы
1831 - оқу бітірген жылы, саяхатқа шыққан жылы
1828 - Кембридж университетінің дін факультетіне түсуі
1836 -Саяхаттың аяқталған жылы
27.12 -саяхаттың аяқталған күні
5 - саяхатта болған жылы
25.10 - Саяхаттың аяқталған күні
2 - Қолдан сұрыптаудың бөлінуі
1868 - «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің
өзгеруі» деген еңбегі
1859 - «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда
болуы» деген еңбегі
1871 - «Адамның шығу тегі» туралы еңбегі
1882 - Ч.Дарвиннің қайтыс болған жылы
---3 ---
---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)
Биологиялық диктант
1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген
еңбегі .......................................................
.....................................................................................................
............деп аталады.
Жауабы:
1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі “Табиғи
сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы” деп аталады
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарыққа шыққан
еңбегі.......................................... ...................................................
............................................................................ деп аталады.
Жауабы:
2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі “Үй
хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” деп
аталады.
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан
еңбегі.......................................... ...................................................
..................................................................................... деп
аталады.
Жауабы:
3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі
“Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деп
аталады.
Ү. Оқушы білімдерін бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. §18. Ч.Дарвиннің эволюциялық
теориясы . Кесте толтыру.
------------------------------------------------------------------------
Динахметов Жомарт Қарасайұлы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №81 орта
мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің
оқытушы-ұйымдастырушысы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының
мемлекеттік нышандары
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Отанды, елді
қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары
туралы Конституциялық заңды толықтай білуге және оны
бағалай алуға үйрету.
2. Дамытушылық: Білім мен тәрбиені қатар бере отырып,
оқушылардың өз беттерінше іздене білетін, пікірлерін ашық
айта алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу.
3. Тәрбиелік: Отанды, туған елі мен жерін, халқын
сүюге,өз Отанының мемлекеттік нышандарын көздің
қарашығындай сақтай алатын патриоттар тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясы: өзін-өзі оқыту технологиясы,
СТО стратегиясы элементтері .
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, ой толғау, сұрақ – жауап,
түсіндіру, көрсету, пікірталас.
Пәнаралық байланыс: Тарих, Адам және қоғам, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: слайд арқылы суреттер,
интерактивті тақта.
Қолданылатын тех. құралдар: Интерактивтік тақта.
Сабақтың уақыты: 45 минут.
Сабақ өтілетін орын: АӘД кабинеті.
Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы 10 сынып.
Авторлары: Қ .Аманжолов, А. Тасболатов, Д. Майхиев, Б.
Аманжолова.2010жыл « мектеп» баспасы. АӘД журналы
№1, 2010 жыл, .Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4
маусымдағы №258 ҚР мемлекеттік нышандары туралы
Конституциялық заңы.ҚР Конституциялық заңы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Үй
тапсырмасын сұрау. Оқушыларды бағалау. Оқушылар
назарын жаңа сабаққа аудару. Интерактивті тақтаны
қосқанда ҚР гимні ойналады.
ІІ. Негізгі бөлім.
Экранда қазақтың біртуар ұлы Кеңестер Одағының
батыры Бауыржан Момышұлының суреті тұрады.
1 – Мәтін. Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан
қайту үшін вокзалға келеді.Вокзал алды жолаушыларға
толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі
әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында
жатқан бір тиынды көреді. Еңкейіп жерден алады да,
жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Мұны
жанынан өтіп бара жатырған орыс әйелі көреді де, батыр
бабаларың Бауыржанға « Өзініз қандай полковниксіз,
ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға
арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз
ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап ,
тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы
өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс
әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап
жөніне кетеді.
Сұрақ. Бауыржан жерден тиынды неге алды және қандай
азаматтық борышын өтегені туралы айтты?
Оқушылар тапсырма алған соң топ болып, жекелей өз
пікірлер мен ойларын қағазға түсіріп айтады.Оқушылар
ойын толық тыңдап болған соң мәтінге қайта оралып
Бауыржан аталары айтқан ңақты жауапты оқушыларға
айтамын.
Жауабы: « Елтаңба ».
Оқушыларға Елтаңба туралы интерактивті тақта арқылы
толық мәліметтер беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |