Трансплантация үшін мал эмбриондарының биологиялық жарамдылығын бағалау бірнеше әдістер арқылы жүргізіледі. Олардың ішінен тәжірибеде морфологиялық әдіс кең қолдану алды. Бұл әдісте эмбрионның пішінін, оның құрылысы мен тіршілік қабілеттілігін 160-есе үлкейтетін микроскоп арқылы анықтайды. Эмбрион орналасқан шыныны мұқият тербетіп, оның әр жақтарын қадағалай отырып, зиготалардың формасын, олардың пеллюцид аймағының жағдайын, бластомераларының сандарын, бөлшектенуінің бірқалыптылығын, эмбриобласт және трофобластардың байқалуын бағалайды.
Реципиент ретінде сұрыпталған малдарға қойылатын негізгі талап
— оларда гинекологиялық ауытқу болмауы керек. Ал, олардың өнімділік, нәсілдік жәнетұқымдық сапаларына үлкен мән берілмейді. Эмбрионның реципиент жатырында қалыпты дамуы үшін донор мен реципиенттердің жыныс циклінің синхронды (қатарласып, бір мезгілде) өтуі аса қажетті басты себеп больш саналады. Олардың арасындағы жыныстық цикл 24 сағаттан аспауы керек, ал айырмашылық 12 сағаттан кем болса, онда жақсы нәтижені күтуге болады. Табиғи жағдайда мұны іске асырудың белгілі қиындықтары бар, сондықтан жыныс циклін синхронды ету үшін простагландин гормондарын қолданады.Реципиенттің эмбрионды қабылдауға жарамдылығын олардың қанындағы прогестерон мөлшерін есептеп, анықтайды.
Эмбриондарды реконструкциялаудың биотехнологиялық маңызы
Мал эмбрионын трансплантациялау терең зерттеуді керек ететін бірқатар биотехнологиялықпроблемаларды туғызды. Бұл пробломалар алынған эмбрионның генотипі мен фенотипін қайтадаи құрастыру (реконструкциялау) арқылы биотехлологиялық процесті меңгеру мүмкіндігін зерттеуді алға қойды. Бұған монозиготалы егіздер, химерлі (немесе аллофенді) және трансгенді малдар алу жатады.
Мал эмбрионы клонын көбйту мүмкіндігі ғалымдарды бұрыннан қызықтырып келеді. Ағылшын эмбриологы Дж. Гердонның ядроларды тасымалдауәдісін (алдыңғы тарауды қара) ойлап шығарғаннан бастап, мал эмбрион клонын алу проблемасы жаңа деңгейге көтерілді. Эмбрион клонын алу эукариоттық клетканың тотипотенттілік қасиетіне тікелей байланысты. Малшаруашылығында эмбрион клондарын алу мүмкіндігін Ф. Сиделдің қоянға жүргізген классикалықтәжірибелері көрсетті: жалғыз бластомерді екіге бөлу арқылы екі қоян алынды. Көптеген зерттеулер 2-8 клеткалық эмбрион бластомераларын бөлу арқылы дамуы қалыпты мал төлдерін алуға болатынын дәлелдеді (Н. Мур және т. б., 1968; С. Уиладсен және т. б., 1981; X. Нагасима және т. б., 1987; Т. Мак Эвой және т. б., 1987 т. б.).