Эмбриология



Pdf көрінісі
бет88/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   273
Байланысты:
Гистология, эмбриология, цитологияАфанасьев 11

s ic k le
— орак). Эритроциттер оттегінің томен парциалдык кысымы жағдайында орак 
немесе жарты ай тәрізді пішінге ие болады. Тропикалык белдеуде орналаскан елдердің 
біразында белгілі контингент адамдары орак тәрізді ген бойынша гетерозиготты болып 
келеді де, ата-анасы гетерозиготты балалар тұкым куалаушылык зандылығына сәйкес 
25% калыпты типке немесе гетерозиготты ген сактаушы типке жатады, ал калган 25% 
орак тәрізді анемиядан зардап шегеді.
Гемоглобин өкпеде 
оксигемоглобин
түзей отырып, оттегін байланыстыруға 
кабілетті, пайда болған оксигемоглобин барлык мүшелер мен тіндерге та- 
сымалданып, сол жерлерде оттегін береді. Тіндерде бөлінген көмір кышкыл 
газы СО, эритроииттерге кіріп, гемоглобинмен, карбоксигемоглобин кұрай 
байланысады. Эритроциттердін кұрылысынын бүзылуы кезінде (картайған


154
7-Тарау. Қан жэне лимфа. Қан өндіру (қан түзеу)
жасушалардың немесе әр түрлі факторлардын — токсиндердің, радиаииянын 
т.б. әсерлерінен) гемоглобин жасушадан сыртка шығады, бұл кұбылыс 
гемолиз
деген атка ие. Қартайған эритроциттер көбінесе көкбауырда және бауыр мен 
кызыл жілік майында макрофагтардың көмегімен жойылады, босап шыккан 
НЬ ыдырайды, ал темірлі гемнен босаған темір жана эритроциттерді түзеуге 
колданылады.
Макрофагтарда гемоглобин билирубин пигментіне және кұрамында темір болатын 
аморфты агрегаттар — гемосидеринге ыдырайды. Гемосидериннің темірі плазманын 
геминдік емес темірлі нәруызымен — трансферринмен байланысады және кызыл жілік 
майының арнайы макрофагтарымен жұтылады. Эритроциттердін түзелуі (эритропо- 
эз) барысында бұл макрофагтар трансферринді дамып келе жаткан эритроциттерге 
береді. Эритроциттердің цитоплазмасында, оттегі (О,) мен көмір кышкыл газын (СО,) 
тасымалдауға кажетті, сонымен катар осмостык кысымды және эритроциттердің плаз- 
молеммасы аркылы иондарды өткізу процестеріне жұмсалатын куат көзімен камтамасыз 
ету үшін керек болатын АТФ және NADH өндірілуіне катысатын, анаэробты гликолиз 
ферменттері орналасады. Гликолиздің энергиясы плазмолемма аркылы катиондардын 
белсенді тасымалын, эритроциттерде және кан плазмасында К+ және Na+ иондары 
концентрацияларынын оңтайлы аракатынасынын тұрактандырылуын, эритроииттердін 
өздерінің пішіні мен тұтастығын сактауды камтамасыз етеді. NADH гемоглобиннін ал- 
масуына (метаболизіміне) катысып, онын метгемоглобинге тотығуын болдырмайды.
Эритроциттер амин кышкылдардың және полипептидтердің тасыма- 
лына катысып, олардын кан плазмасындағы концентрациясын реттейді, 
яғни буфер жүйесінің кызметін аткарады. Амин кышкылдардын және 
полипептидтердін концентрацияларынын тұрактылығы эритроциттердін 
олардын артык мөлшерін плазмадан өздеріне сіңіріп, кейін әр түрлі тіндер 
мен мүшелерге беруі аркылы жүзеге асырылады. Осылайша эритроциттер 
амин кышкылдар мен полипептидтердің козғалмалы коймасы болып табы- 
лады. Эритроциттердің сіңіру кабілеті газ режимімен (О, және СО, — РО,, 
Р С 02 парциалдык кысымдары) тығыз байланысты: оттегінің (О,) ыкпалы 
жағдайында эритроциттерден аминокышкылдардың сыртка шығуы байкалып, 
олардын кан плазмасындағы концентрациясы жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет