ЖЫНЫСЫ:Науқастың сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына жынысы әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін ,дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді.Медицинада психологиялық қарым-қатынастың сүйек сынықтарында,яғни дене қозғалысы шектеуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда эмоциональдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар,травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады. Физикалық қозғалмау – адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өзін-өзі бағалауы психологиялық тұрғыда дене бөліктерінің дәстүрлі және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.

ЖАС ШАМАСЫ: Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтпуға болады.Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет-әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы ,оны көтеруі , оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі,жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін , бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет-әлпетіне ,сымбатына пайда болған тыртықтар т.б жатады .Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды.