«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Буын сіңірі созылғанда қолданатын массаж



Pdf көрінісі
бет63/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Буын сіңірі созылғанда қолданатын массаж. 
Кейбір ғалымдар сіңір созылуын буынның орнынан тайып кетуінің алдындағы құбылыс деп 
қарайды. Сіңір созылғанда буынды құратырып тұрған сүйектердің бір-бірінен ығысуына әкеліп 
соғады. Бір жағынан тартылып кеткен буында тек сіңір созылып қоймай, буын қабы, шеміршек, 
тарамыс, айналасын қоршаған бұлшық еттер мен тамырлар, нерв талшықтары – бәрі бүлінеді. 
Буын зақымданғанда сіңір тек созылып қана қоймай кейде тіпті сүйекке бекіген жерінен үзіліп те 
кетеді.Сол кезде сүйекке ақау түседі. Оның бір бөлшегі бөлініп кетеді, немесе жарықшақтанып, 
айырылып кететін кез болады. Осылай жарақаттанған буын ісіп, жанға батып ауырады. Әлбетте адам 
ол буынды, тіпті, аяқты не қолды (жарақаттанған жерге байланысты) қозғай алмайды. Бұған қатты 
зақымданса, қабынып, тіпті қозғалмай қалуы да мүмкін. 
Массажды екінші немесе үшінші күннен бастап қолданады. Жарақаттанған қолды немесе аяқты 
жоғары ұстап таңып тастайды, одан соң буыннан жоғары массаж жасайды: алдымен сипайды, үстіртін 
ысқылайды, кейн батыра бұлшық еттерді жұмсартады. Осылай денені массажға машықтандырған соң, 
3 күннен кейін буынның өзін, сіңірлерін, етпен жалғасып жатқан тарамыстарын үлкен ұқыптылықпен 
қолдың саусақтарымен буынға терең батырып әбден сипалайды. Массаж буынды бүгіп-жазатын 
қимылдармен аяқталады. 
3-4 күндерден бастап массаждың ысқылау, қимылдату тәсілдерін қолданып, ал 5-6 күннен кейін 
буынның толық бүгіліп-жазылуын жүзеге асырады. Егер адам өзі аяғын не қолын қимылдата алмаса, 
массаж жасаушы көмек етеді. Тек қол не аяқты бір бағытта ғана емес, барлық жағына шыр 
айналдырып, батылырақ массаждайды. 
Буындардың ішіндегі ең қиын массаждалатын – тізе буыны. Оның қүрылысының күрделігінен бе, 
немесе қоршаған сіңір-тарамыстардың жиі жарақаттануынан ба, әитеуір тізеңі массаждау біраз 
қиындыққа түседі. Кішкене бала болсын, егде тартқан қариялар болсын, абайсызда сүрініп кетсе, 
міндетті түрде тізені зақымдайды. Көбінесе тізе буынының ішіңде крестке ұқсаған тарамыс не екі 
жағындағы тарамыстар мыжылып, бөлініп кетеді. Ол кезде адам аяғын баса алмай қалады. Аяқтың өзі 
жылжымалы жәшік сияқты, алға не артқа еріксіз кетіп қалады. Әлбетте, тарамыс үзілсе, тек 
хирургиялық көмек керек, оларды біріктіріп тігеді. Содан соң физиотерапия, массаж, емдік 
гимнастиканы қолданады. 
Тізені массаждау үшін ауру аяқты бір нәрсенің үстіне немесе массаж жасашының тізесіне 
қояды.осылай түзу аяқты, тізені бірнеше рет сипаған соң, ептеп бүгеді. Енді буынның айналасын 
массаждайды. Тізе сипап болғаннан кейін, екі жағынан тақымға дейін және керісінше қимылдар жасап 
ортан жіліктің төменгі жағындағы бұдырға дейін барады. Осылай тізе тобығының сіңірлер 
тарамыстары бекіген жерлерін мейлінге тереңдете сипайды. Мұндағы мақсат бұрынғы жиналған 
сарысуды төмен ығыстыру. Буынға сарысу көп жиналса, көриіп ысып кетеді. Сондықтан саусақтардың 


ұшымен буындағы суды сығып алғандай болады. Осылайша сипайды, ысқылайды, ең ақырында 
массаж жасаушының көмегімен не мүмкіндігінше өзі тізені ауыртпай қимыл жасайды. Егер буын 
қатты ауырып ісіп кетсе, онда қимыл – қозғалысты басқа буындарға жасайды. Оның өзі де үлкен 
пайда. Өйткені аяқтағы қан айналысы жақсарады. Ал жарақаттанған буынды уақытша қозғамай таңып 
тастайды.
Буынды зақымдаған кезде оқыста орнынан тайып кетсе алдымен мамандар орнына салу керек. Тек 
содан соң белгілі методикамен массаж жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет