«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Вибрациялық (дірілдету) массаж. Мұның негізгі массаж жасалған жерден әр түрлі ырғақпен, 
жылдамдықпен дірілдеген қозғалыстың денеге тарауы. Вибрацияның әсері тек сыртқы, ішкі нерв 
ұштарын тітіркендіру емес, сол сияқты организмдегі физико- химиялық, биохимиялық процестерді 
өзгерту.
Күнделікті қысқа уақыт қабылдаған вибромассаж бұлшық еттің күшін өсіріп, жұмысқа деген 
қабылеттілікті арттырады. Сондай-ақ әлсіреген денені қалпына келтіреді.
Адамның вибромассаждан кейін көңіл – күй көтеріліп, жұмысқа қабылеті артады. Оның себебі 
мұндай массаж тікелей орталық нерв жүйесіне әсер етеді, қан айналымын жақсартып, денедегі тотығу 
– қайта құру процестеріне үлкен ықпал жасайды. 
Осы аппараттың іс жүзінде бірнеше түрі бар. Олар «Тонус», «Спорт», ЭМА-2М. Ал денеге 
берілетін діріл сан алуан қондырма арқылы іске асады немесе жалпақ белбеу қолданылады. 
Массаж әдетте арқадан басталады. Оның алыс – жақын жағын дірілдетіп болған соң (3-5 
минут кейін), екі қапталда ұстап тұрған қолдарға түседі. Онда тоқпақ жігіттің алдыңғы жағынан 
бастап шынтаққа дейін (10 сек), содан төмен білек сүйегінен саусақтарымен қосып (10 сек ) бір 
жүргізіп шығады. Қолдарды бүгіп алға ұстап тұрған кезде, оның сыртына массаж жасайды. Тоқпақ 
жіліктің сыртын 25 секундбілек сүйектің сыртын 15 минут массаждайды. Ал жамбас пен белге 1,5 
минут, сан мен тізеге 45 секунд, жіліншік пен аяқтың ұшына 15 секунд уақыт беріледі.
Барлық вибромассажға берілетін уақыттың мөлшері 15-25 минут. Сондықтан әр бөлшекке 
уақыт бөлу массажистің өз еркі тек бір бұлшық етке берілетін уақыт 3-минуттан жоғары болмауы 
керек. 
Адам организміне ең тиімдісі – массаждың топтасқан түрі. Осы сөз етіп отырған 
вибромассажды қолмен массажға қоса денеге тигізер әсері таңғажайып. Тек қолмен жасайтын түріне – 
уақыттың 
60-75 

беріледі.
Вибромассаж кейде Гидромассаж ретінде беріледі «дірілдетудің сумен қосылуы». 
Гидромассаж - сумен жасалатын массаж. Адамды 37-38
0
жылы су толтырылған ванна ішіне 
отырғызады да, «волна» атты аппарат арқылы суды дірілдетеді, сонда пайда болған толқындар 
адамның ауырған жеріне бағытталады.
Пневмовибромассаж ЭМА–2М аппараты арқылы жасалады. Вибрациялық діріл оймыш ыдыс 
арқылы ауаны қысып және ыдыратады. Сол кезде аппаратың цилиндрінен шыққан ауа толқыны 
адамның денесіне лек-легімен келе бастайды.
Пневмомассаж – негізінде қоршаған ауаның қысымын көбейтіп не азайту арқылы денеге әсер 
ету. Осы алма кезек ауаның қысымы теріні бірде өзіне қысып бірде қайта босатып жібереді. Ол арнайы 
аппаратқа қойылған қондырғы «воронка» арқылы іске асырылады. Қанша ауа жіберу, қанша тарту 
керектігін аппартқа орнатылған вокуметр және монометр арқылы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет